Жергілікті атқарушы органға басшылық жасайды және Қапшағай қаласы мен Қапшағай өңірінің аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Республика Үкіметінің және Алматы облысы әкімінің тікелей өкілі болып табылады.
Дара басшылық ретінде іс-әрекет жасап, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда Қапшағай қаласының және Қапшағай өңірінің мүддесін қорғайды.
Қапшағай қаласы мен Қапшағай өңірінің Азаматтық және аумақтық қорғанысының бастығы болып табылады.