ЕРЕЖЕСІ
1. «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) Қапшағай қаласы, Заречный Шенгельді ауылдық округтерінің инфрақұрылымын дамыту, көріктендіру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты заңда қарастырылған шамада дамытып жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады
2. Бөлімде келесі ведомствалар бар: Қапшағай қаласының әкімшілігінің шаруашылық жүргізу құқықтағы «Қапшағай Су Құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, : Қапшағай қаласының әкімшілігінің шаруашылық жүргізу құқықтағы «Қапшағай Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, : Қапшағай қаласының әкімшілігінің шаруашылық жүргізу құқықтағы «Қапшағай Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Қапшағай Тұрғын Үй».
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының конституциясымен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы облысы және қапшағай қаласы әкімдігі және әкім актілеріне, сонымен қатар, басқа да нормативті құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланктері, сонымен қатар, қазынашылықта заңнамаларға сәйкес өз есеп шоты болады.
5. «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің құрылтайшысы – Қапшағай қаласының әкімдігі.
6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
7. Бөлім заңнамаларға сәйкес өкілетті болса мемлекеттің атынан азаматтық –құқықтық қатынастар жағына шығуға құқылы.
8. Бөлім заңда көрсетілген тәртіпте өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі бастығының бұйрығымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
9. Бөлімнің құрылымы және штат лимиті қолданыстағы заңға сәйкес қабылданады.
10. «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің заңды мекен –жайы: 040800. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, №13.
11. Заңды тұлғаның толық аталуы: «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
13. Бөлімнің қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
14. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерге қатысты «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз міндеттерін орындауына байланысты келісімдік қатынастарға баруына тиым салынады.
Егер бөлімге заң актісіне сәйкес табыс әкелуші қызмет құқығы берілсе, табыс мемлекеттік бюджетке бағытталады.
2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері мен функциялары
15. Миссия.
1) Тұрғын үй- коммунадық шаруашылығын, инфрақұрылымын дамыту және қапшағай қаласы мен аймағын көркейту.
2) Су беру, су бұру, газ, жылумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту.
3) Коммуналдық бар салада энергия сақтау технологияларын еңгізу.
16. Бөлімнің негізгі міндеттері.
1) Қажетті жергілікті өкілетті органдарда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту бағдарламасын бекітеді, өндейді және ұсынады;
2) Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтері инфрақұрылымын, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырады;
3) Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінде су құбыры шаруашылығын қайта қалпына келтіру және жаңарту бойынша бағдарламалар өндейді, елді мекенді сапалы ауыз суымен қамтамасыз етуді жүргізеді;
4) Қала (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншікпен заң актілеріне сәйкес басқару, қорғау әрекеттерін іске асырады;
5) Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөліп береді;
6) Кондоминиум нысандары ортақ мүлігінің тексеру жұмыстарын ұйымдастырады.
7) Кондоминиум нысандарының ортақ мүлігінің күрделі жөндеуінің жеке түрлерінің мезгілін, кезеңін және тізімін анықтауды қамтамасыз етеді;
8) Нысандардың ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жеке түрлері бойынша шығындар сметасын келістіруін қамтамасыз етеді;
9) Ведомствалық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердің үлгілі қалыпта күйін сақтау және пайдалану іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
10) Жергілікті бюджеттер қаржысының арқасында тұрғын үй көмегі көрсету шаралар қолданады;
11) Қоғамдық орындарды ішкі әрлеу жұмыстарын және көріктендіру мәселесін шешеді;
12) Су құбырларының, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және тағы басқа инженерлік ауданның инфрақұрылым объектілерінің құрылысын және пайдалануын ұйымдастырады.
17. Функциялар.
1) Қаланың мемлекеттік кәсіпорны және пәтер иеленуші кооперативі қызметін үйлестіреді, және оған әдістемелік көмек көрсетеді.
2) Жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді: қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және өндеу бойынша қызмет көрсетусумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызметі, көше жарықтарын қайта қалпына келтіру және техникалық қызмет көрсету, елді мекенді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету,туысы жоқтарды жерлеу және көму орындарын ұстау, елді мекенді көріктендіру және көгалдандыру, жылу желілерін пайдалану, қазандықтар және жылу желілерінің құрал –жабдықтарын жөндеу және жаңарту жұмыстары бойынша тендер өткізеді;
3) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қойып есепке алады;
4) Ведомстволық ұйымдарға практикалық көмек көрсетеді;
5) Елді мекенді үлгілі қалпына келтіру, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын, су құбыры шаруашылығын және бюджеттік сала нысандарын қысқы мерзімге дайындау бойынша іс-шаралардың орындау барысын бақылайды;
6) Шеңгелді және Заречный селолық округі елді мекенің үлгілі қалыпқа келтіру бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы бюджеттен бөлінген қаржыны бөлу мәселелерін қала әкімдігі отырысына ұсынады және дайындайды;
7) Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық мемлекеттік саясатты насихаттайды;
8) кондомиум нысандары және кондоминиум нысандары манайында пәтер иелерінің ортақ мүлігінің күту, пайдалану, жөндеу , қолдану тәртібін ұстану;
9) тұрғын үйлерде ортақ жылу ,газ ,энергия ,су есеп құралдарының болуы.
10) Кондоминиум нысанындағы ғимарат иелерінің ортақ мүлкі және инженерлік жабдықтардың техникалық жай-қүйі, жөндеу ұстау және уақытылы жасау жұмыстары қазіргі нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес жүргізілу.
11) Тұрғын үйдің маусымдық қолдануға дайындық жұмыстарын жүргізу.
12) Анықталған тәртіп бұзушылық бойынша қабылданған шешімдер мен жарлықтарды орындау.
13) Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне орындалған күрделі жөндеудің жеке түрлері бойынша жұмыс сапасы.
14) Азаматтар және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүктелген басқа да функциялар.
18. Міндеттері мен құқықтары:
Бөлімнің өз құзыретіне қарай құқығы бар:
1) мемлекеттік өкімі бар банктың ақпараттық деректер қорларын қолдануға;
2) бөлімнің жүргізулеріне жатқызылған сұрақтар бойынша мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алысуға;
3) Ведомствалық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердің үлгілі қалыпта күйін сақтау және пайдалану іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
4) Ескі және апатты үйлердің жою жұмыстарын ұйымдастырады;
5) Тексеріс кезінде қызметтік куәлігін көрсетіп тексеріліп жатқан нысанға келу.
6) Тексеріс кезінде керекті кез-келген мәліметті сұрауға, тексеріске қатысты құжаттардың түп нұсқасымен танысуға.
7) Пәтер иеленушілердің жалпы жиналысында кооператив басшысы төрағасының қызметіне тағайындау талаптарына сәйкес бекітілген квалификациялық талаптарға сай ұсыныс жасау.
8) 2011 жылдың 6 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалауы бойынша» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер өткізу.
9) Тексеріс кезінде тексеріліп жатқан нысанның жұмыс тәртібіне кедергі келтірмеу.
10) Тексеріс барысында қабылдаған құжаттар мен мәліметтердің түгелдігіне жауап беру.
11) Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін қүту кезіндегі бұзушылық актісін құру.
12) Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін қүту кезіндегі бұзушылықтарды жою бойынша орындауға міндетті ұйғарымдар шығарады.
3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
19. Бөлім бастығы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
Сонымен қатар, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және
олардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады.
20.Бөлімді бөлімнің бастығы басқарады, бөлімнің бастығы қызметіне
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қапшағай қаласы Әкімі
келісімімен тағайындалады және босатылады.
21. бөлім бастығының міндеттері:
1) Бөлімнің және тағы басқа коммуналдық кәсіпорындар қызметінің басқару және үйлестіруін жүзеге асырады.
2) бөлімнің шығындары сметасы туралы ұсыныс еңгізеді.
3) энергетика басқармасы, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен өзінара әрекет ұйымдастырады.
4) бөлімнің жұмысының регламаентін, штаттық кестесін қала әкіміне бекітуге ұсынады.
5) бөлім бойынша бұйрықтарды шығарады.
6) бөлім мамандарының міндеттері және өкілеттілігін белглейді.
7) Заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады.
8) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес бөлім қызметкерлеріне марапаттау және тәртітік сөгіс жариялайды.
9) барлыұқ мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдардың алдында бөлімнің мүддесін қорғайды.
10) бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді.
11) «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісе отырып, бөлімді ұстау үшін қаржыландыру жоспарын бекітеді.
12) банктік шоттар ашады.
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша бөлімде жұмыс ұйымдастырады және ол үшін жеке жауап береді.
14) қала Әкімінің бөлімге жүктеген басқа да функцияларын орындайды.
22. Лауазымды міндеттерін орындау мақсатында бөлім басшысының құқығы бар:
1. қала әкімінің қарауы бойынша коммуналдық кәсіпорындарға нұсқаулар беру.
2. бөлімнің сұрақтары бойынша қажетті мәліметті талап ету.
3. бөлімнің қызметін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ұйымдармен келісімшарттарға отыруға.
23. бөлім басшысының уақытша болмау мерзімінде оның өкілеттіктерін орындау уақытша міндетін атқарушы қолданыстағы заңмен жүзеге асырылады.
24. осы лауазымдық нұсқамада көрсетілген, қала әкімі мен орынбасары бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функциялардың уақытылы орындалуын қадағалап, жауап береді.
25. Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, мамандардың арасындағы міндетті үлестіреді, мадақтау және тәртіп жазаларының салуы туралы ұсыныс еңгізеді.
4. Бөлімнің мүлігі.
26. Бөлім жекешелеген мүлікке оперативті басшылық ету құқығына заң көрсетілуі бойынша ие.
Бөлімнің мүлкі иесі берген мүліктен және Қазақстан Республикасы заңына сәйкес басқа табыс көзінен өз қызметімен тапқан (қосымша қаржылай) мүліктен тұрады.
27. бөлімге бекітілген дүние коммуналдық меншікке жатады.
28. бөлім өзінің қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікке иелік етуге және өзіне бекітіліп берілген мүлікті, басқа заңдарда ескерілмеген болса , өз бетімен немесе басқа әдіспен рәсімдеуге құқықсыз.
5. Өзгерістер мен толықтырулар еңгізу
29. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Құрылтайшының шешімімен еңгізіледі.
6. Бөлімді қайта құру және тарату.
30. «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімін қайта құру және тарату заңдарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.