Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерді жекізушілерге шығындарды өтеудің барлық сұрақтары бойынша Қапшағай қаласының біргелкі ақпараттық есептік орталығына хабарласа аласыздар.
ж/т: 8/72772/40974, С/т: 87001318080, электрондық мекен-жай: . жұмыс уақыты: 09:00 ден 17:00-ге дейін.
Тапсырыс көрсетілген электронды мекен-жайға немесе байланыс телефоны арқылы қабылданады!
Коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар адамдардың санаты:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларыды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Бөлім басшысы А.Алмабеков