Kapshagay.gov.kz

2020 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп "Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-сі

 


<<Негiзгi


Бірыңғай ұйымдастырушы "Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ - нің 2020 жылдың 1 тоқсанында 23 тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық нысанының, "білім бөлімі" ММ-де 3 нысан, "Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі" ММ-де 5 нысан, "Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-де 2 нысан және Мәдениет үйінде -1 нысан бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүргізілді.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша келесі шарттар жасалды:
487025015 - Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру бағдарламасы бойынша – бір көзден Конкурс қорытындысы шығарылғанға дейін 2 айға "T & B group" ЖШС-мен 3720,2 мың теңге сомаға Қапшағай қаласының көшелерін жарықтандыруға техникалық қызмет көрсеткені үшін 04.02.2020 ж. № 200001 шарт жасалды. Сомасы 100% игерілді. Келесі жұмыстар жүргізілді: Шамдарды ауыстыру -600 дана, жарықдиодты матрицалар мен драйверлерді ауыстыру-160 дана және шамдарды орнату -20 дана.
487017015 бағдарламасы бойынша бір көзден алу тәсілімен - Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету конкурс қорытындысы шығарылғанға дейін 2 айға 03.02.2020 ж. № 200002 "Қапшағай қаласының санитариясын қамтамасыз ету" МКК-мен 12578,0 мың теңге сомасына шарт жасалды. 100% игерілді 250 тонна қоқыс шығарылды.
26.03.2020 ж. №200021 "ГКП Қапшағай Көркейту" ЖШС-мен 1321,6 мың теңге сомасына стихиялы қоқыс тастайтын жерлерді тазалау және шығару туралы келісім шарт жасалды және игерілді. 98 тонна қоқыс шығарылды.
487031015 бағдарламасы бойынша бір көзден -Туысы жоқ адамдарды жерлеу және жерлеу орындарын ұстау конкурс қорытындысы шығарылғанға дейін 2 айға "Пак И. В." ЖК-мен туысы жоқ адамдарды жерлеу және жерлеу орындарын ұстау бойынша 704,0 мың теңге сомасына 04.02.2020 ж № 200003 шарт жасалды. Сомасы 100% - ға тең. 6 адам көміліп, 10 тонна қоқыс шығарылды.
Ашық конкурстың қорытындысы бойынша (өткізілмеген) бір көзден сатып алу тәсілімен 3518,0 мың теңге сомасына 19.03.2020 ж. №200018 шарт жасалды.
487030015 - Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен жаңа жылдық шыршаны демонтаждауға "T & B group" ЖШС-мен 1160,7 мың теңге сомасына 19.02.2020 жылғы №200012 шарт жасалды.
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша (Қапшағай қаласының көшелерін абаттандыру") ашық конкурс 2019 жылдан бастап 25290,4 мың теңге сомасына 18.02.2020 ж. №200014 шарт жасалды ( Алматинская көшесін абаттандыру -5558,5 мың теңге , Больничная көшесін абаттандыру-1723,6 мың теңге, Достық көшесін-4121,8 мың теңге, Абай көшесін-5357,7 мың теңге, Қойшыманов көшесін-4588,3 мың теңге, Мостостостроителей көшесін абаттандыру-3940,5 мың теңге).
Байқау қорытындысы бойынша Алматы облысы Қапшағай қаласының фальшзаборларын дайындау, монтаждау, қоршау жұмыстары жүргізілді, жеңімпаз Қапшағай қаласы әкімдігінің "Қапшағай Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ның 17.03 2020 ж. № 200017 шарты жасалды, сомасы 9296,0 мың теңге.
Конкурс қорытындысы бойынша Алматы облысы Қапшағай қаласының орталық паркін ұстау бойынша жеңімпаз "Қапшағай-АТО" ЖШС 26.03.2020 ж. № 200019 шарт жасалды, сомасы 48648,6 мың теңге.
Конкурс қорытындысы бойынша Алматы облысы Қапшағай қаласының Жеңіс паркін күтіп ұстау бойынша жеңімпаз "Қапшағай-АТО" ЖШС 26.03.2020 ж. № 200020 шарт жасалды, сомасы 46879,6 мың теңге.
       487032015 - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша бір көзден алу тәсілімен "SMT Union" ЖШС-мен 73000,0 мың теңге сомаға "бірыңғай есеп айырысу орталығын жаңғырту" бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға 24.02.2020 жылғы №200013 шарт жасалды. Игерілгені 20300,0 мың теңге ЕБТ кешенінің Ядро бағдарламасы (деректер қоры) орнатылды.
       487107000 - іс-шараларды өткізу жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен Қапшағай қаласында санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша "қала әкімдігінің резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы" 19.03.2020 жылғы №227 Қаулысы негізінде 2100,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Шарт №200022 жылғы 20.03.2020 ж. 63 аялдама кешендерін (15 рет) , Қазпошта ғимараты, Қапшағай, Шеңгелді, Заречный, қала МКБ, ХҚКО, Қазақтелеком, Бәйтерек, әскери Компатат, автовокзал (4 реттен), көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерін дезинфекциялау жұмыстары 100% игерілді.
487115000 - атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау бағдарламасы бойынша
1) Қапшағай қаласы әкімдігінің 19 ақпандағы № 151 қаулысы негізінде "RAS LTD KO" ЖШС төленді.
2) Қапшағай қаласы әкімдігінің 06 наурыздағы №173 қаулысы негізінде "СНК ТИТАН ГРУПП" ЖШС төленді сомасы 14982,4 мың теңге
3) Қапшағай қаласы әкімдігінің 06 наурыздағы 2020 жылғы №173 қаулысы негізінде "Қапшағай пәтер қызметі" ЖШС төленді сомасы 1045,6 мың теңге
Қапшағай қаласы бойынша көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы республикалық бюджеттен коммуналдық меншікке тұрғын үй сатып алу үшін 15 пәтер бөлінді.
Сонымен қатар, инвесторлар есебінен 30 пәтер сертификаттары берілді, оның ішінде жетім балаларға-8 пәтер, 1-2 топтағы мүгедектерге - 7 пәтер және көп балалы отбасыларға-15 пәтер.
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөліммен 65 өтініш көрсетілді.

 

Бөлім басшысы                                                                                                 А.Алмабеков


"ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлiмi" ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656;
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .