Kapshagay.gov.kz

Газ және Сіз үшін ережелер!!!

 


<<Негiзгi


Алматы облысы ТЖД тұрмыста газ аспаптарын пайдалану әрқашан қауіп-қатермен байланысты екенін ескертеді. Кез келген сәтте газдың шығуы мүмкін және қасіреттен құтылу мүмкін емес.
Соңғы дәлел 2020 жылдың 17 наурызында Талдықорған қаласында болған оқиға болды, онда 2 адам зардап шекті.
2020 жылдың 08 қаңтарында Қарасай ауданының Қаскелең қаласында тағы да қайғылы жағдай орын алды, бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының тұтануынан екі адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті, сонымен қатар, пәтерлердің ішкі қабырғаларында ішінара қирау болды.
Жеке және көп қабатты үйлерде газ баллондарын және орталықтандырылған газбен жабдықтау желілерін пайдалану кезінде қайғылы салдарлардың туындауын болдырмау үшін ұсынылады:
- газ жабдығының сақталуын және тазалықта ұсталуын қамтамасыз ету;
-  газ жабдықтарының, түтін құбырлары мен желдеткіштердің қалыпты жұмысын қадағалау, газ аспаптары қосылғанға дейін және жұмыс уақытында түтін мұржасына газдың жану өнімдерін бұрумен тартылуын тексеру. Газдалған пешті пайдаланар алдында шибердің (мұржадағы арнайы тосқауыл) толық ашылғанын тексеру;
- үй-жайда газ иісі қатты пайда болған жағдайда дереу газ құралдарын пайдалануды тоқтату, ашық отты және электр құралдарын пайдаланбау, үй-жайды желдету үшін терезе мен желкөздерді ашу және авариялық қызметті шақыру;
-  жертөледе, кіреберісте, аулада, көшеде газдың иісі анықталған жағдайда авариялық және құтқару қызметтеріне 104, 101, 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.
Абоненттерге тыйым салынады:
- үйге (пәтерлерге, бау-бақша үйіне) өз бетімен газдандыруды жүргізу, газ жабдықтарын ауыстыру және жөндеу;
-  газ құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізу. Түтін және желдету жүйелерінің құрылымын өзгерту;
- ұйықтауға және демалуға арналған газ аспаптары орнатылған үй-жайларды пайдалану;
-  жылыту радиаторынан немесе пештен кемінде 1 м баллонды орнату;
- екі қабаттан жоғары ғимараттарда, соның ішінде тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалану.
Алматы облысы ТЖД.

 


"ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлiмi" ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656;
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .