Лауазымдық нұсқаулық
«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
1. Жалпы ережелер
1.1. Бөлім басшысы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң Ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi), Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
2. Бөлiм басшысының құқықтары
2.1. Бөлiмнiң жұмысын үйлестiреді және басқарады;
2.2. Мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы сақтау бақылауын қамтамасыз етеді;
2.3. Құзыретіне жататын мәселелері бойынша жиындар және әдістемелер өткізу;
2.4. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен қызметтік хат жазысу;
2.5. Қала әкімдігінің отырыстарына, мемелекеттік органдардың және ауылдық округтердің жиындарына қатысу;
2.6. Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға.
3. Бөлім басшының міндеттері
3.1. Қазақ тiлiнiң iс жүргiзуiн зерттеу және енгiзу бойынша жұмысты ұйымдастыруы;
3.2. Электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiнің жұмысын бақылау;
3.3. Әкімнің, жоғары органның нормативтік-құқықтық актілерінің және бөлімнің құзырына кіретін бағдарлама жобаларының орындалуын қадағалау;
3.3. Қызметкерлердi тағайындау, орын ауыстыру, жұмыстан шығаруға мiнездемелер, ұсыныстарын әзiрлеуге;
3.4. Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3.5. Бөлiмнiң құзыры шектерiндегi өтініш, арыз хаттарын қарастыру;
3.6. Келген құжаттарды дер кезiнде қарастыруды ұйымдастыру, басшылыққа қол қоюға жіберілетін құжатты рәсiмдеулерінің үстiне бақылауды жүзеге асыруы;
3.7. Қала және қала маңы аймағын тиісті жол белгілерімен қамтамасыз ету, егжей-тегжейлі жоспарлау және жол құрылысын салу жобаларын бекіту және іске асыру;
3.8. Қала ішіндегі және аудан ішіндегі жолаушылар тасымалын тұрақты ұйымдастыру, олардың маршруттарын белгілеу, қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және жүргізу, маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту;
3.9. Қаладағы автомобиль жолдарын және елді мекендер жолдарын қайта жаңалау, пайдалану, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3.10. Қаланың автомобиль жолдарында және қаладағы елді мекендер жолдарында жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қайта жаңалау, жөндеу, орнату және ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
3.11. Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі.
3.12. Қала және қала маңы аймағындағы автомобиль жолдарының құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
3.13. Инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы жобалар дайындау;
3.14. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;
3.15. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуі.
4. Бөлім басшының жауапкершілігі
4.1. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртiптiк жазаға тартылады.
Лауазымдық нұсқаулық
«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
1. Жалпы ережелер
1.1. Бас маман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң Ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi), Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2. Бөлім бастығы болмаған жағдайда оны алмастырады.
2. Бас маманның құқықтары
Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:
2.1. кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;
2.2. облыстық басқармалардан, аудан және қала әкімдерінің аппараттарынан бөлімнің жұмысына қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға;
2.3. келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарастыру ісіне қатысуға.
3. Бас маманның міндеттері
3.1. Жоғарғы мекемелерден түскен тапсырмалар бойынша мәлiметтердi дер кезiнде беру;
3.2. Бөлімдегі құжаттар жұмысының әдістерін және формаларын жетілдіру;
3.3. Осы қызмет жүктелген функциялар орындау үшiн келесідей арнайы дағдылар қажет: Word, Excel бағдарламалары бар компьютерде жұмыс iстей білу, мемлекеттiк және шет тiлiнiң бiлiмi болғаны дұрыс;
3.4. Жоғарғы инстанциялардан және тағы басқа мемлекеттiк органдарға берiлетiн мәлiметтердiң дер кезiнде орындау;
3.5. Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3.6. Азаматтардың өтініштерін қарап, жауаптарының жобасын әзірлеу;
3.7. Келген құжаттарды дер кезiнде қарастыруды ұйымдастыру, басшылыққа қол қоюға жіберілетін құжатты рәсiмделуін жүзеге асыру;
3.8. Инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы жобалар дайындау;
3.9. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
3.10. Автомобиль жолдарының құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
3.11. Қаланың инженерлік инфрақұрылым және көліктік объектілерін пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3.12. Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі,
3.13. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;
3.14. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету.
4. Бас маманның жауапкершілігі
4.1. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртiптiк жазаға тартылады.
«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі
Міндеттері:
Ø Бөлімнің қаржылық жұмысына болжау жасау және оны талдау;
Ø Бөлімнің қаржыландыру жоспарын жасау және оған толықтырулар мен өозгерістер енгізу;
Ø Бөлімнің бюджеттік өтінімін жасау;
Ø Мемлекеттік сатып алу жұмысы мен қызметіне дайындық жасау, келісімшарт дайындау, келісімшарттарды тіркеу, бюджеттік қордың бағдарламалар бойынша орындалуын қадағалау;
Ø Іс-қағазадарды жүргізу және есепке алу;
Ø Келісімшарттардың уақытылы орындалуын қадағалау;
Ø Бөлінген қаржыны уақтылы игеру;
Ø Салық органына тиісті нысандар есебін уақтылы өткізу;
Ø Бюджетке тиісті салықтар мен төлемдерді уақтылы аудару;
Ø Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі.
Лауазымдық нұсқаулық
«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім инспекторы
Міндеттері:
Ø Бөлімнің іс –қағаздарын жүргізу;
Ø Іс номенклатурасын жасау;
Ø Жоғарғы органдардың және азаматтардан келген арыз-шағым, өтініш хаттарына уақытылы жауап берілуін қадағалау;
Ø Бөлімнің кадр мәселесіне қатысты жұмыстарды атқару;
Ø Жоғарғы мекемелерден түскен тапсырмалар бойынша мәлiметтердi дер кезiнде беру;
Ø Бөлімдегі құжаттар жұмысының әдістерін және формаларын жетілдіру;
Ø Осы қызмет жүктелген функциялар орындау үшiн келесідей арнайы дағдылар қажет: Word, Excel бағдарламалары бар компьютерде жұмыс iстей білу, мемлекеттiк және шет тiлiн білу;
Ø Жоғарғы инстанциялардан және тағы басқа мемлекеттiк органдарға берiлетiн мәлiметтердiң дер кезiнде орындау;
Ø Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Ø Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі;
Ø Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеу;
Ø Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;
|