2) «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қапшағай қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс» мемлекеттік мекемесінің барлық міндеттемелері, оның ішінде несие берушілер мен қарыз иелеріне қатысты міндеттемелері бойынша мирасқоры болып табылады.
3) «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілеріне, облыс және қала әкімдерінің шешімдеріне, басқа да нормативтік - құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4) Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық- құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өзінің аталуы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, сонымен қатар, банкте заңнамаларға сәйкес өз есеп-шоты болады.
Бөлім азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан араласады.
Бөлім заңнамаларға сәйкес өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық- құқықтық қатынастар жағына шығуға құқылы.
5) Бөлімнің құрылтайшысы және мүлкінің иегері - Қапшағай қаласының Әкімдігі.
6) Бөлімнің мемлекттік басқару органы - Қапшағай қаласының Әкімдігі.
7) Заңды тұлғаның мемлекеттік тілде аталуы: «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Заңды тұлғаның орыс тіліндегі аталуы: государственное учреждение «Отдел строительства города Капшагай».
8) Заңды мекен-жайы; 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13.
9) Осы Ереже бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
10) Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетте атқарушы органдарды ұстауға ескерілген қаржы есебінен жүзеге асырылады.
11) Бөлім басқа заңды тұлғаларды құра алмайды, сонымен қатар құрылтайшы бола алмайды. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілермен өз міндеттерін орындауына байланысты келісімдік қатынастарға баруына тыйым салынады.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, қызмет түрлері және құқығы
2. Бөлімнін негізгі міндеттері болып табылатындар:
1) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін осы Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес тиісті қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
2) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
4) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
5) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде жобалар дайындау;
6) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы жобалар дайындау;
7) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
8) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;
9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу жатады.
10) құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
11) азаматтардың мүддесі мен қоғамның құрылыс қызметін жүзеге асыруда тіршілік әрекеті мен мекендеу ортасының экологиялық қауіпсіздігін және қолайлылығын, тұтынушылардың жобалау және құрылыс өнімдері құқығын қорғауын қамтамасыз етеді;
12) елді мекендердің бас жобаларының іске асырылуын бақылауды, елді мекендер мен қалаларда жерді тиімді пайдалануда ерекше құрылыстық реттеу тәртібімен, елді мекендер және қалалар құрылысын жобалау ережесі мен нормаларын сақтауды жүзеге асырады;
13) әлеуметтік, өндірістік және инженерлік, көлік және рекреациялық инфраструктураларды дамыту;
14) жекешелендіруге тарту шарттарын қолдануды құру;
15) құрылыс саласында шоғырландыру процесін тереңдету болып табылады;
2.2. Бөлім төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:
1) құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді;
2) Қапшағай аймағының аумағында құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлейді;
3) құрылыс мәселелері бойынша нормативтік – құқықтық актілер жобасын әзірлеуге, келісуге қатысу;
4) мемлекеттік тұрғын үй саясатын ұйымдастыруды жүргізу, тұрғын үй салу және тұрғын үй қорын сақтау бағдармаласына қатысу;
5) құрылыс метериалдарын өндіруде жаңа технологияларды дамытуды және орындалуын бақылау жүргізуде мемлекеттік органдардың қызметің үйлестіру;
6) таңдаулы инженерлік құрылыс саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізу, комплекстік инженерлік іздестіру мемлекеттік қорын жүргізу, ұйымдастыру және шоғырландыруға көмек көрсету.
2.3. Бөлім заңда белгеленген тәртіппен негізгі міндеттері мен өз қызмететерін жүзеге асыруға құқылы;
1) құрылыс қызметі саласында нормативтік – құқықтық актілер және басқа да мемлекеттік нормативтер талаптарына сай келмейтін жергілікті және атқарушы органдар шешімін бұзуға және тоқтатуға ұсыныс енгізу;
2) қажетті жағдайларда сарапшы ретінде ғылыми зерттеу, жобалау құрастыру ұйымдарын, өндірістің басқа да мамандарын тарту;
3) тарихи және мәдени ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау мәселелеріне тиісті нормативтік-құқықтық актілер мен мемлекеттік нормативтерді әзірлеуге қатысу;
4) құрылыс бойынша жекешелендіру бағдарламасымен жобасын, сондай-ақ Қапшағай қаласының және Қапшағай аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу.
3. Бөлімнің мүлкі
1.Бөлім оқшауланған (жекешеленген) мүлікке оперативті басшылық ету құқығына ие.
2. Бөлім өзіне смета бойынша бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікке иелік етуге және өзіне бекітіліп берілген мүлікті, басқасы заңдарда ескерілмеген болса, өз бетімен немесе басқа әдіспен иесіздендіруге құқылы емес.
4. Бөлім қызметін ұйымдастыру
1.Бөлімді, Қапшағай қаласының Әкімі, Алматы облыстық құрылыс басқармасының келісуімен қызметке тағайындайтын және босататын бастық басқарады.
2. Бөлім бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс ұйымдастырады және ол үшін дербес жауап береді.
3. Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, сонымен қатар бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және қызметтердің жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады .
4. Бөлім бастығы төмендегі қызметтерді атқарады:
1) бөлім атынан сенім хаттарсыз жұмыс істейді;
2) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдардың алдында бөлімнің мүддесін корғайды;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім мүлкіне иелік етеді;
4) келісім-шартқа отырады;
5) сенімхат береді;
6) барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді және бұйрықтар шығарады;
7) заңдарға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
8) бөлім мамандарының міндеттерін және өкілеттілігін анықтайды;
9) бөлiмнiң қызметкерлерiне ынталандыру шарасын қолданады және тәртiп жаза салынады;
10) бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді;
11) қалалық қаржы бөлімімен келісе отырып, бөлімді қаржыландыру жоспарын бекітеді;
12) заңнамаларға сәйкес, басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік басқару органдарының өкілеттігі
5.1. Құрылтайшының өкілеттілігі:
1) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны қызметтен босату негіздерін белгілейді;
2) еңбек туралы заңдарды сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырады;
3) бекітілген мүліктердің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
6. Бөлімнің және оның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
1. Бөлім қызметкерлері тәртіп бұзған жағдайда оларға қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіптік жаза қолданылады.
2. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша иелігіндегі қаржыға жауап береді.
7. Бөлімнің іс жүргізу міндеті және миссиясы
1. «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (ары қарай- бөлімі) арнауы- адамзаттың өмірлік іс-әрекетін және қоршаған ортаны толыққанды қалыптастыру үшін, Қапшағай қаласы мен Қапшағай өңірінің инженерлік инфрақұрылымын және әлеуметтік сала және тұрғын үй объектілерінің құрылысына мемлекеттік тапсырыстың орындалу тиімділігін қамтамасыз ету.
2. Қапшағай қаласының және Қапшағай аймағын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрмыстық бағыттағы, әлеуметтік, мәдениет объектілерімен және сапалы тұрғын үйлермен қамтамасыз ету.
8.Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Құрылтайшының шешімімен енгізілді және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің жергілікті органдарында тіркеледі.
9. Бөлімді қайта құру және тарату
1. Бөлімді қайта құру және тарату заңдарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.