Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Елбасының және Үкіметінің актілеріне, облыс және қала әкімдерінің шешімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі міндеті
1) халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз ету, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және заң актілерді жүзеге асыру;
2) жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны жүзеге асыру;
3) халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамассыз ету;
4) кедейшілікті төмендету, жұмыспен қамту жөніндегі және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және жүзеге асырылуын талдау;
5) болжам жасау, сұраныс және жұмыс күшіне ұсыныс мониторингісі, еңбек рыногында біртұтас ақпараттық база құру, халықты еңбек рыногындағы жағдай жөнінде ақпараттандыру;
6) халықты жұмыспен қамтамассыз етуге ықпал ететін белсенді шараларды дамыту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамассыз ету деңгейін көтеру;
7) жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби даярлау тәжірибесін жетілдіру.
Бөлімнің функциялары
1) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру, еңбек рыногында бәсекеге қабілетсіз азаматтарды жұмыспен қамтамассыз етуге ықпал ететін шараларды жүргізу;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын әрбір нақты отбасының кедейшілік деңгейіне байланысты саралап жүктеуді қамтамассыз ету жолымен іске асыру;
3) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын мінездемелерге талдау жасау: халықтың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
4) атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі туралы индикативтік жоспар жасауға қатысу;
5) азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау, талдау жасау және оның себептерін жинақтау;
6) әлеуметтік қорғау саласы бойынша қолданыстағы заңдарды жетілдіру жөнінде жоғары тұрған орындарға ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
7) мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протез-ортопед бұйымдарымен, сурдо-тифло-техника құралдарымен міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамассыз ету жөніндегі қызметті жоспарлау және ұйымдастыру;
8) соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және халықтың басқа да санатын әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыру;
9) мемлекеттік және мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік тексерілуге құжаттар дайындау, әлеуметтік көмектің үйде көрсетілуіне мұқтаж мүгедектерге оның ішінде бөгде көмекке мұқтаж мүгедек балаларға құжаттар дайындау сондай-ақ ҰОС-ң мүгедектері мен ардагерлерімен және оларға теңестірілген тұлғаларды, топтағы мүгедектерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды санаторлық-курортық жолдамалармен қамтамассыз ету;
10) мүгедектерді оңалту бағдарламасын, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық, педогогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, өңдеу және мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
11) мүмкіндігі шектеулі балаларды күтуге әлеуметтік көмекті көрсету және ұйымдастыру;
12) жалғыз басты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ведомствалық статистикалық есепті құрастыру;
13) әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік әріптестік туралы Келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу, ұжымдық шарттарды бекіту тәжірибесін жинақтау, олардың орындалуына бақылау жасау, сондай-ақ өзінің құзіреті шегінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның жұмысын қамтамассыз ету;
14) кәсіпорындардың және экономикалық қызметтің барлық түрлеріндегі ұйымдарды нормаландыру және еңбек ақы төлеу жағдайын талдау;
15) қаржылық және статистикалық есептерді құрастыру және оларды белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну;
16) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу.
Жасалған жұмыстар туралы ақпарат