Е Р Е Ж Е С І
- Жалпы ережелер
1. «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлікті дамытудың саясатын заңда ескерілген шекте жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс және қала әкімдігінің шешімдеріне, облыс пен қала әкімдігінің қаулыларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Бөлімнің құрылтайшысы және мүлкінің иегері Қапшағай қаласының әкімдігі.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индекс 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құралтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетте атқарушы органдарды ұстауға ескерілген қаржылар есебінен жүзеге асырылады.
Бөлім басқа заңды тұлға құра алмайды, сонымен қатар құрылтайшы бола алмайды.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы:
Бөлімнің миссиясы жергілікті түрде кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласын дамыту мемлекеттік саясатын жүргізу.
14. Міндеттері:
1) әлеуметтік–экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бөлімге жүктелген басқа да міндеттер;
15. Функциялары:
1) қалада әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын, өнеркәсіпті, шағын кәсіпкерлікті, сауда, қызмет көрсету салаларын, сауда базарларын, жер қойнауын пайдалануды, инвестициялық және инновациялық саясатты, лицензиялауды, жарнама кеңістігін дамыту жөніндегі мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге қамтамасыз етуге және орындауға қатысады;
2) өнеркәсіп кәсіпорындарының, шағын кәсіпкерлік, сауда, қызмет көрсету саласы, сауда базарлары, жер қойнауын пайдалану, инвестициялық және инновациялық саясат, лицензиялау, жарнамалық кеңістік және кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
3) өнеркәсіп өндірісі, шағын кәсіпкерлік, сауда, қызмет көрсету салалары, жер қойнауын пайдалану мен көлемін ұлғайту мақсатында жаңа объектілерді іске қосу және жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жаңарту, қосымша жұмыс орындарын ашу жөнінде шаралар әзірлейді және орындайды;
4) экономиканы кластерлік дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;
5) қаланың индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын және құрылыс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік саясатын іске асырады;
6) өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қызметтерінің мониторингін жүргізеді;
7) қаланы инвестициялық және инновациялық, ғылыми–техникалық, соның ішінде өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлік, сауда, жарнамалық кеңістік, жер қойнауын пайдалану салаларын дамытудың негізгі бағыттарын және болжамдарын әзірлеуге қатысады;
8) салалық және салааралық инновациялық бағдарламалар жасау, қала экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар инновациялық және инновациялық қызметін мамандырылған субъектілері бойынша ұсыныстар енгізу, аумақтық технологиялық бизнес–паркін ұйымдастыру мәселелеріне қатысу;
9) қала кәсіпорындарын тарта отырып өнім сапасы жөніндегі облыстық және аудандық көрмелерді ұйымдастырады және халықаралық сапа жүйесін енгізу жөніндегі олардың жұмыстарын үйлестіреді;
10) инвестициялық саясатты іске асырады және қаланың экономика саласын дамытуға инвестициялар мен несиелер тартуға жағдайлар жасайды, мемлекеттік даму институттарымен, екінші деңгейдегі банктермен, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорымен, шетел инвесторларымен және де басқа мүдделі органдармен қарым-қатынаста болады;
11) басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін іріктейді, инвестициялар тартуға жәрдемдеседі;
12) экономиканың нақты секторында, инвестиция саласындағы бағдарламалар, стратегиялық жоспарлардың бөлімдерін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
13) қаланың инвестициялық бағдарламаларын іске асыру үшін қаржы институттарының, шетелдік және отандық инвесторлардың қаражаттарын тартуға ықпал етеді;
14) қаладағы кәсіпкерлікті инвестициялау мен несиелеуге байланысты жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;
15) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет тәртібі мен қойылатын талаптары, қолда бар инвестициялық преференциялар мен оларды ұсыну тәртібі туралы ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
16) кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар қабылдайды, шағын кәсіпкерліктің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
17) шағын кәсіпкерлікті дамыту және шағын кәсіпкерлікті дамытуды несиелендірудің мемлекеттік саясатын насихаттау бойынша шаралар қабылдайды;
18) кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша ауылдық атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіреді;
19) жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылып жатқан кеңес-жиналыстық органдарды ұйымдастырады және қатысады;
20) жер қойнауын пайдаланушылардың мониторингін және олардың келісім-шарт талаптарын орындау мәселелерін бақылауды іске асырады;
21) жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік - экономикалық және экологиялық мүддесін сақтауға байланысты мәселелерді шешу үшін келіссөздерге және қазақстандық кадрларды тартуға араласады;
22) қаладада пайдалы қазба байлықтарын пайдаланудың мүмкіншілігін мен тиімділігін талдауды, экономика саласының қажеттілігін болжауды және оларды тиімді пайдалануға бағытталған шаралардың әзірленуін жүзеге асырады;
23) меншік түріне қарамастан, сауда базарларының, сондай-ақ бағаны тұарақтандыру және тұрғындардың сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімін сатып алатын және сататын ұйымдардың жұмысын мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асырады;
24) коммуналдық базарлардың қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
25) тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтің маңызды түрлері бойынша бағалары мониторингі және оған талдауын жүргізеді, инфляциялық процесті қадағалауды жүзеге асырады;
26) қаладағы сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, базарлар кәсіпорындарының мәліметтер жиындығын қалыптастырады;
27) ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауылдық елді мекендерді дамыту мониторингін жүргізеді;
28) сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және базар кәсіпорындарының қызметінің мәселелері бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді;
29) сауда қызметін дамыту, тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
30) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді және қала аумағында Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды іске асырады;
31) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қала аумағында лицензия беру тәртібінің сақталуын бақылауды және лицензия беруді жүзеге асырады;
32) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органдардың төтенше резерві есебінен шаралар өткізеді;
33) жергілікті атқарушы органдардың кезек күттірмес шығындар резерві есебінен шаралар өткізеді;
34) АҚ қалыптастыруға бірінші кезекті қажет азық-түлік және өнеркәсіп тауарлар қорын қалыптастыруды және бейбіт уақытта және жұмылдыру (айрықша) кезеңдегі төтенше жағдайларда зардап шеккен тұрғындарды ұйымдастырады;
35) қалаға қарасты ауылдық округтерінде сауда, тамақтандыру және материалдық қамтамасыз ету қызметтерінің дайындығына бақылауды жүзеге асырады;
36) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
37) іс қағаздарын, іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіруді жүргізеді;
38) Бөлімге түскен қызметтік құжаттарды қарайды;
39) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы жүргізе алады;
40) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
41) мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын жүзеге асырады;
42) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
43) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау
объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім өз құзіретінің шегінде төмендегі құқықтарды иеленеді:
1) Қазақстан Республикасы заң актілерінің, облыс әкімінің өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлік, сауда, қызмет көрсету салалары, сауда базарлары, жер қойнауын пайдалану, инвестициялық саясат, лицензиялау, жарнамалық кеңістік салаларындағы шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруді жүзеге асыруға;
2) өз құзыры шегінде анықталған тәртіп бұзушылық бойынша сот органдарына талап-арыздар дайындауға және беруге;
3) жетекшілік ететін салалары бойынша оны дамытуды жақсарту мәселелері жөнінде шешімдер мен ұсыныстар жасауға қатысуға;
4) өз құзыры шегінде жоғары тұрған органдарға жетекшілік салалары бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) өз құзыры шегінде заңда белгіленген тәртіп бойынша кеңес өткізуге;
6) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша қала өңірлеріндегі тиісті құрылымдармен өзара байланыстар жасауға, ақпараттармен және жұмыс тәжірибелерімен алмасуға;
7) Қалаға қарасты басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;
8) Бөлімді қайта ұйымдастыру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
9) өз құзыры шегінде орталық және жергілікті атќарушы органдардан қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
10) заңға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
17. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Бөлімнің бірінші басшысын, Қапшағай қаласының әкімі Алматы облысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен келісе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс ұйымдастырады және ол үшін дербес жауап береді.
3) заңға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
4) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін қорғайды;
5) бөлімнің жоспарын бекітеді;
6) қалалық қаржы бөлімімен келісе отырып, бөлімді қаржыландыру жоспарын бекітеді;
7) заңдамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асырады;
8) бөлімде қабылдаған шешімдер бөлім бастығының бұйрықтарымен рәсімделеді.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Бөлімнің мүлкі
20. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
23. «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімімен енгізіледі.
«Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының м.а. Д.Батырбеков