2. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық міндеттемелері, оның ішінде несие берушілер мен қарыз иелеріне қатысты міндеттемелері бойынша мирасқоры болып табылады.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтік актілеріне, облыс және қала әкімдерінің шешімдеріне, облыс және қала әкімдігінің қаулысына, басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өзінің аталуы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілер,сонымен қатар, банкте заңнамаларға сәйкес өз есеп-шоты бар.
Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан араласады. Бөлім заңнамаларға сәйкес өкілетті болса, мемлекет атына азаматтық-құқықтық қатынастар жағына шығуға құқылы.
5. бөлім құрылтайшысы және мүлкінің иегері-Алматы облысы Қапшағай қаласының әкімі.
6. Заңды мекен-жайы:индекс 040800, Қазақстан Республикасы,Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13.
7. Заңды тұлғаның мемлекеттік тілдегі аталуы:
«Қапшағай қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі.
Заңды тұлғаның орыс тіліндегі аталуы: государственное учреждение «Отдел образования города Капшагай»
Осы Ереже бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
8. Бөлімнің қызметіне қаржыландыру жергілікті бюджетте атқарушы Органдарды ұстауға ескерілген қаржы есебінен жүзеге асырылады.
9. Бөлім басқа заңды тұлғаларды құра алмай, сонымен қатар құрылтайшы бола алмайды.
10. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен өз міндеттерін орындауына байланысты қатынастарға баруына тыйым салынады.
2. Білім бөлімнің негізгі міндеттері функциялары,құқықтары мен міндеттері.
11.Міндеттері:
1) Білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асырады;
2) Кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернет үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді.
12. Функциялары:
1) Білім алушылардың ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады.
2) Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
3)Білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің (арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда)жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттудан өткізуді ұйымдастырады;
4) Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының(қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материялдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
13.Құқықтары мен міндеттері:
1) Мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
2) Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
3) Қала ауқымында мектеп олимпиядаларын өткізуді ұйымдастырады;
4) Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір процентінен кем емес мөлшерде қаржылық және материялдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;
5) Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
6) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген анаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
8) Білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
9) Ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
10) Білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
11) Мектепке дейінге тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдстемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру:
14. Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, сонымен қатар бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады;
15. Бөлім бастығы төмендегі қызметтерді атқарады:
1) Бөлім мамандырының міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
2) Заңдарға сәйкес бөлім қызметкерлерінің қызметіне тағайындайды және босатады;
3) Барлық мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдардың алдында бөлімнің мүддесін қорғайды;
4)Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қалалық білім бөлімдерінің бірінші башыларын тағайындайды;
5) Бөлімнің жұмыс жоспары бекітіледі;
6) Қалалық қаржы бөлімімен келісе отырып, бөлімді қаржыландыру жоспарын бекітеді;
7) Бөлім қызметкерлері тәртіп бұзған жағдайда оларға қолданылып жүрген заңдарға белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданылады;
8) Заңнамаларға сәйкес басқа өкілеттіліктерін жүзеге асырады;
4.Бөлімнің мүлкі
1.Бөлімнің оқшауланған (жекешеленген) мүлікке оперативті басшылық ету құқығына ие;
2.Бөлім өзіне смета бойынша бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікке иелік етуге және өзіне бекітіліп мүлікті, басқа заңдарда ескерілмеген болса, өз бетімен немесе басқа әдіспен иесіздендіруге құқылы емес;
5.Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1.Ережеге өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімімен енгізіледі және Әділет органдарында тіркеледі.
6.Бөлімді қайта құру мен тарату
2.Бөлімді қайта құру мен тарату заңдарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.