- Жалпы ережелер
1. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлікті өңірлік деңгейде дамытудың бюджеттік саясатын заңда ескерілген шекте жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс және қала әкімдігінің шешімдеріне, облыс пен қала әкімдігінің қаулыларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Бөлімнің құрылтайшысы және мүлкінің иегері Қапшағай қаласының әкімдігі.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040800, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыла көшесі, 13 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құралтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетте атқарушы органдарды ұстауға ескерілген қаржылар есебінен жүзеге асырылады.
Бөлім басқа заңды тұлға құра алмайды, сонымен қатар құрылтайшы бола алмайды.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы:
Бөлімнің миссиясы қаланың Даму бағдарламасын әзірлеуді үйлестіру, қала бюджетін жоспарлау.
14. Міндеттері:
1) әлеуметтік–экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бөлімге жүктелген басқа да міндеттер;
15. Функциялары:
1) стратегиялық, ортамерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйесін іске асыру;
2) әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеудің және мониторингін салааралық үйлестіруді іске асыру;
3) әлеуметтік-экономикалық дамудың ортамерзімді жобасын әзірлеу;
4) даму тенденциясы негізінде экономикалық сараптау және болжау жасау;
5) қаланың тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы қалалық мәслихаттың шешімінің жобасын әзірлеу;
6) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы қалалық мәслихат шешімін жүзеге асыру жөніндегі қалалық әкімияттың қаулысын әзірлеу;
7) жергілікті бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын әкімшілік бағдарламаларының бюджеттік тапсырыстарын қарау, оларға баға беру және қорытындылау;
8) жергілікті бюджеттің көлемі мен құрылымына талдау жасау және бюджеттің орындалуы бойынша жергілікті өкілетті органдардың жұмысына қатысу;
9) әлеуметтік-экономикалық даму жоспары негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлеміне болжау жасау;
10) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;
11) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады;
12) дамудың орта мерзімді басымдықтарын ескере отырып, коммуналдық меншіктегі кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және оларға талдау жасау;
13) әлеуметтік-экономикалық даму бойынша іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу;
14) өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешендерінің, экономиканың құрылыс, көлік, байланыс және коммуникация, әлеуметтік-экономикалық және де басқа салаларының дамуына талдау жасау, болжау жүргізу;
15) кеңсе ісін мемлекеттік тілде жүргізу;
16) жергілікті атқару органының төтенше қоры есебінен іс-шаралар жүргізу;
17) кезек күттірмейтін шығыстар бойынша жергілікті орган қоры есебінен іс-шараларда қатысуы;
18) қала әкіміне және оның орынбасарларына аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;
19) азаматтар мен заңды тұлғалардың шағым және өтініштерін қарау;
20) бөлім басшысы қала әкімімен оның орынбасарлары және аппарат жетекшісінің тапсырмаларының және бөлімге жүктелген міндеттердің дер кезінде орындалуына дербес жауапкершілікте болады;
21) бөлім басшысы өздеріне сеніп тапсырылған жұмысты ұйымдастырады, міндеттерді қызметкерлердің арасында бөледі, оларды тәртіптік жазаға тарту және ынталандыру жөнінде бұйрық жасайды;
22) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген басқа да міндеттер.
16. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім өз құзіретінің шегінде төмендегі құқықтарды иеленеді:
1) әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыттары бойынша қала әкімдігіне ұсыныстар шығару;
2) жергілікті мемлекеттік органдармен ортамерзімді жоспарлардың және оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу;
3) мемлекеттік органдарға ақпараттық-аналитикалық материалдар дайындау;
4) мемлекет және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты және құжаттарды сұратып алу;
5) өз құзырының шеңберінде заңға сәйкес жиналыс жүргізеді;
6) өз құзырының шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардан керекті ақпараттарды сұрату және алу;
7) заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
17. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Бөлімнің бірінші басшысын, Қапшағай қаласының әкімі Алматы облысы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлім бастығының өкілеттігі:
1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс ұйымдастырады және ол үшін дербес жауап береді.
3) заңға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
4) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін қорғайды;
5) бөлімнің жоспарын бекітеді;
6) қалалық қаржы бөлімімен келісе отырып, бөлімді қаржыландыру жоспарын бекітеді;
7) заңдамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асырады;
8) бөлімде қабылдаған шешімдер бөлім бастығының бұйрықтарымен рәсімделеді.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Бөлімнің мүлкі
20. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
23. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімімен енгізіледі.