Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес 2014 жылдың 1-інші қыркүйегінен 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлікті жария ету акциясы жүргізіліп жатыр. Мүлікті жария ету – өздеріңіздің заңнамаға сәйкес рәсімделмеген мүліктеріңізді заңдастыруға мүмкіндік беретін акция.
Қапшағай қаласы және аймағындағы тұрғылықты тұрғындарға мүлкін жария ету үшін комиссияға төмендегі құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;
3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын;.
Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыйкүйегінен басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Мүлікті жария ету өтінімдері мен құжаттарды қабылдау мерзімі 2016 жылғы 30 қарашасына дейін қабылданады.
Комиссияның орналасқан мекен-жайы:
Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі 13 үй (әкімдік ғимараты), 103 кабинет. Байланыс телефоны 8 /72772/ 4 - 77 - 50,
Жұмыс уақыты: 9:00-18:30 дейін.
Түскі үзіліс: 13:00-14:30 дейін. /12:12 14.03.2016/

|