Kapshagay.gov.kz

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА КӨРСЕТУ

Главная


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА КӨРСЕТУ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді.

Қызметті онлайн түрінде қалай алуға болады

  1. Үшінші тұлғаға порталда авторизациялану керек және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасына басу керек.
  2. Электрондық анықтамаға тапсырыс жіберу қажет жеке тұлғаның (пайдаланушының) ЖСН енгізу керек және «Пайдаланушыны ЭҮП және АМБ тіркелгенін тексеру» батырмасына басу керек.
  3. Керек анықтаманы таңдап, ЭЦҚ-мен (электрондық-цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті) қол қою керек.

Егер Пайдаланушы поратлда және АМБ тіркелген болса, Пайдаланушының жеке кабинетіне сұрау-салуды растау (бас тарту) туралы, сонымен қатар мемлекеттік және орыс тілдерінде үшінші тұлғамен электрондық анықтаманы алу туралы  хабарлама жіберіледі.
Ескерту: Пайдаланушы сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде сұрау салуды келісу (бас тарту) керек. 2 сағат өткеннен кейін Пайдаланушының жауабы саналмайды.

  1. Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.

Егер пайдаланушы үшінші тұлғамен электрондық анықтаманы алуын растаса, пайдаланушының атына алынған үшінші тұлға сұраған  анықтама пайдаланушының жеке кабинетінде Қызметтер алу тарихы» бөлімінде), егер пайдаланушы сұрау-салудан бас тартса, пайдаланушының жеке кабинетінде («Кіріс» бөлімінде) үшінші тұлға тиісті ақпараттық хабарламамен хабарланады.
*үшінші тұлға ретінде  жеке және заңды тұлға бола алады.
**пайдаланушы ретінде тек қана жеке тұлға бола алады.
** тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтамасы.

 




Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .