Kapshagay.gov.kz

Шеңгелді ауылдық округі әкімінің ауылдық округ тұрғындарының алдында өткізген есебі туралы ақпарат

Главная


 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес, әр деңгейдегі әкімдер бірінші тоқсанның ішінде халық алдында есеп беруге тиіс. Шеңгелді ауылдық округінің әкімі 2018 жылғы 16-18 қаңтар аралығында ауылдық округ тұрғындарының алдында 5 есепті кездесу өткізді. Есепті кездесуге мекеме басшылары, ақсақалдар алқасы кеңесінің төрағалары, мүшелері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.
Округ әкімінің есебінде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында және округтегі барлық салалар бойынша нақты да толық қамтылып, 2018 жылда атқарылатын істері мен міндеттері көрсетілген.
Есепті кездесу барысында қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
2017 жылғы есепті кездесулерде айтылған сын-ескертпелер, ұсыныстарға сараптама толық жасалынған.
Қапшағай қаласы және ауылдық округ әкімдерінің есебін талқылауда ауыл тұрғындары Ақөзек ауылында 120 орындық жаңа үлгідегі мектептің ашылғанына, Қосқұдық ауылындағы ауыл көшелеріне және ауылға баратын айналмалы жолға асфальт төсейтініне алғыстарын білдіріп, Шеңгелді ауылынан кәсіптік оқу орын ашу қажеттілігін айтты.
Қапшағай қаласы және ауылдық округ әкімдерінің есебін талқылауға қатысқандар қанағаттанарлық деген баға берді.
Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе 2018 жылы атқаратын міндеттерді айқындадық:
1. Қосқұдық станциясы, Құлантөбе, Бөктер, Тасқұм разъездерінде жаңа су құбырының құрылысын жүргізу;
2. Қант қылшасы егу алаңын көбейту және екінші сервис орталығын ашу;
3. Ауыл шаруашылығына тамшылатып суғарудың технологиясын кеңірек пайдалану;
4. Ауылдық округтің елді мекендерінің ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
5. Қосқұдық станциясы мен Ақөзек елді мекенінде балалар ойын алаңдарын орнату жұмысын жүргізу;
6. Суармалы суға субсидиларды өзгерту;
7. Шеңгелді ауылы мен әскери бөлім арасында тротуар құрылысын және көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;
8. Елді мекендерде тұрмыстық қатты зат қалдықтарын сақтау және жою мәселелерін шешу.

 



/24/01/2018/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .