Kapshagay.gov.kz

«Діни экстремизм – ұлт дерті»

Главная


 


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 2017 жылдың 28 желтоқсан күні «Діни экстремизм – ұлт дерті» тақырыбында №6 орта мектептің 7 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
Шараға діни істер басқармасының Қапшағай аймағы бойынша инспектор Сәттібай Абай Дарханұлы қатысып, Діни экстремизмнің зардаптары мен алдын алу шаралары туралы түсінік беріп, экстремисттік топтардың қалай пайда болғанын, олардың қоғамға адам өміріне тигізер зардабы туралы мәліметтер айтты. «Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтан» атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кеш қонақтарының назарына ұсынылды. Шараны өткізген ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі инспекторы Тасибекова Еркежан және ауылдық кітапхана меңгерушісі Айгул Актанованы Жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен марапаттап және қатысушыларға алғысын білдіріп қорытындылады.

 

 

 

/16/01/2018/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .