Kapshagay.gov.kz

Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Е.А.Қойлыбаевтың «Шеңгелді ауылдық округінің 2017 жылдағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» ЕСЕБІ

Главная


 

2017 жылғы 17 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында ауылдық округінің 5 елді мекендерінің тұрғындары алдында есебті жиналыстар өткізілді. Кездесулерде көтерілген 3 сұрақ жыл барысында жүзеге асырылды. Атап айтқанда:

  • Сарыбұлақ ауылында балалар алаңын салу:

Шеңгелді ауылдық округінің Сарыбұлақ, Кербұлақ, Шеңгелді елді мекендеріне балалар алаңдарын салу үшін жергілікті  бюджеттен 9 млн 450 мың теңге бөлінді, соның ішінде  Сарыбұлақ ауылының балалар алаңына 3 млн 150 мың теңге бөлінді. Балалар алаңы құрылысын «КинибайИК» ЖК жүргізіп, құрылыс 2017 жылғы 30 тамызда аяқталып,   пайдалануға берілді. 

  • Кербұлақ ауылының көше жолдарын жөндеу:

Кербұлақ ауылының көше жолдарын жөндеу  жұмыстары 2017 жылғы 25 сәуірде басталып,  мамыр айының 30 күні жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 

  • Шеңгелді-Сарыбұлақ тас жолының Ақөзек ауылының бойындағы көлік жүруіне қауіп төнгізіп тұрған ағаштарды кесу:    

Шеңгелді – Сарыбұлақ тас жолының Ақөзек пен Кербұлақ елді мекенінің арасындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жол иініндегі ағаштар, Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы Алматы облыстық маслихатының шешіміне сүйене отырып,  «Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қадағалауымен, Кербұлақ ауылының жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ұйымдастыруымен  санитарлық және жасарту мақсатында кесу жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айының 4-де басталды.
                          Салық және басқа міндетті төлемдер:
«100 нақты қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша жұмыс атқарылды, оның ішінде өзін-өзі басқару органдарына берілетін салық түрлері бойынша түсетін төлемдері бақылауға алынды. Бүгінгі күнге кірістер мен шығыстардың бекітілген жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасында Жергілікті өзі- өзі басқару тұжырымдамасына сәйкес, 2018 жылдың  1 қаңтарынан бастап бюджеттің төртінші деңгейі  енгізіледі, яғни ауыл әкімдерінің дербес бюждеті. ЖӨБ-нің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті жобаларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша кірістерді аудару және жүргізілетін шығыстар Қазақстан Республикасының бірыңғай салықтық және қазынашылық базасы арқылы жүргізіледі. ЖӨБ аудан-бюджет деңгейіндегі бюджетаралық қатынастар нысаналы трансферттермен және жалпы сипаттағы трансферттермен реттелетін болады. Соның ішінде 6 салық түрінен табыс түсетінін  күтеміз, 2017 жылға жоспарымыз тұрғын әскери қалашықтан Шеңгелді ауылына дейін жолдар және тротуар құрылысын жүргізу, жарықтандыру шығындары жұмсалу көзделіп тұр.
Ауыл шаруашылығы:
Округіміздің шаруа қожалықтары ауылшаруашылық бірлестіктерін  құруда. Айта кетсек бүгінгі күні 15 бірлестік құрылған, оның ішінде 13-і егін шаруашылығымен айналысса, 2-і мал шаруашылығына негізделген.  Сонымен қатар бүгінгі күні қант қызылшасына үлкен мән берілуде, өткен жылы 573 гектар егілсе, 2018 жылы бұл көрсеткішті өсіру жоспарланған. Ол үшін округімізде 2-ші қызылша жинау орталығын ашылуы күтілуде.
2017 жылы  «Рауан» шаруа қожалығы 100 басқа арналған сүт фермасының құрылысын аяқтады.
Округ бойынша дәнді дақылдар – 2823 га, арпа – 2582 га, қант қылшасы – 573 га, соя – 452,7 га, сафлор – 1190 га, картоп – 50,1 га, пияз – 1111 га, сәбіз – 2 га егілген болатын.
Округ бойынша 5364 ірі қарадан, 33933 ұсақ малдан қан алынып, 33 ұсақ мал, 5 сиыр бурцеллез, 1ірі қара малы ликоз ауруына шалдыққаны анықталды.  2017 жылдың басынан аусыл  ауыруына қарсы  10700 ірі қара, 93000 ұсақ малға, қарасан ауыруына қарсы 5000 ірі қара, 43500 ұсақ малға, туберкулезге қарсы 8400 ірі қараға, листериозге қарсы 20300 ұсақ малға, лептоспирозға қарсы 4100 ірі қара, 6000 ұсақ малға, күл ауыруына қарсы 45000 ұсақ малға, құтыруға қарсы 1000 ірі қара, 5400 ұсақ малға екпе жасалды.
Жергілікті қоғамдастық:  
«Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару»  Заңына сәйкес ауылдық округтік барлық елді мекендерде жергілікті қоғамдастық құрылған. Бүгінгі әлемдік дағдарыс кезінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын оңды болуына бар күш- жігерін жұмсауда. Бұл бағытта жаңа экономикалық саясатты айқындайтын «Нұрлы жол» бағдарламасымен 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспарын ұсынған болатын.   Осыған байланысты біздің ауылдық округте де ауыл әкімінің ұсынысымен қоғамдастықтың мүшелерінің келісімімен біршама жұмыстар атқарылды, атап айтатын болсақ көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан ауыл көшелеріндегі, мектеп, балабақша жанындағы отырғызылғанына 60 - 70 жыл болған тұрғын үйлерге, мектеп оқушыларына, көшеден өтетін тұрғынға құлап кету қаупі бар ағаштарды санитарлық талапқа сай кесу жұмыстары, ауылдық кіре берісіндегі стеланың қоршауын қайтадан ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар көше жарықтарын әкім аппаратының теңгеріміне алынғанынан кейін 10 көшенің жарығы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, бүгінгі таңда қалыпты жағдайда жанып тұр. Осы жұмыстардың барлығы да мемлекетіміздің ауылға деген көзқарасының дұрыс екенінің дәлелі.  2017 жылдың маусым-тамыз айларында Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін қаржы есебінен, Шеңгелді ауылының жергілікті қоғамдастығының жиналысының шешіміне сәйкес Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ елді мекендеріндегі заңсыз төгілген тұрмыстық қатты зат қалдықтарын шығарып орнын тегістеуге 2450 мың теңге, Шеңгелді ауылының мәдениет үйінің коммуналдық және басқа төлемдеріне – 384790,91 теңге, Шеңгелді ауылының көше жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсетуге – 500 мың теңге, Шеңгелді ауылының кіреберісіне абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін  – 220500 теңге қаражат бөлінген болатын. Аталған қаржы орынды пайдаланылып, толығымен игерілді. 2017 жылдың шілде – тамыз айларында «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында 9 450 мың теңге қаржы бөлініп, «Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң тапсырысымен «Кинибай.С» ЖШС-і   Шеңгелді ауылдық округінің Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ елді мекендерінде шағын балалар алаңының құрылысын жүргізді.
«Нұр Отан» партиясы «Шеңгелді»  БПҰ-ның атқарған жұмыстары.
Шеңгелді ауылдық округінде «Нұр Отан» БПҰ-на тіркелген азаматтардың жаңартылған тізімін іріктеу жұмыстары атқарылып, 2017 жылда «Нұр Отан» БПҰ-на Шеңгелді ауылдық округінде 647 адам партия мүшелігі болып тіркелді. Оның 226-сы зейнет жасында, 421-і әр түрлі салада жұмыс атқарады.
2017 жылдың 29 қараша күні Қапшағай қаласындағы «Нұр Отан» партия филиалында бастауыш партия ұйымдарының жыл бойы атқарған жұмыстары сараланды. «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өтті. Бастауыш партия ұйымдарының байқауы төрт санат бойынша өткізілді.
Ауылдық округтегі қызметкерлер, шаруа қожалықтары мен дихандардың басын қосатын «Шеңгелді» бастауыш партия ұйымы 500 ден 1000 ға дейінгі партия мүшесі бар, бастауыш партия ұйымдары қатысқан додада оза шауып, бас бәйгені иемденді.
Қ.Жалайыр атындағы №6, №7, №8, №9 орта мектеп қызметкерлерінің «Нұр Отан» партиясында тіркелгені, анықталып, жаңа тізім құрылып Қапшағай «Нұр Отан» партиясына жіберілді. «Нұр Отан» партиясы «Шеңгелді» БПҰ-ы мүшелерінің  дайын партия бйлеттері алынып, партия мүшелеріне берілді.
«Нұр Отан» партиясы  «Шеңгелді» БПҰ-ның кабинеті Шеңгелді ауылының Мәдениет үйінде орналасқан.

 

             Мәдениет, спорт және жастар ісі:
Қазақстан Республикасында ХХVIII-ші қысқы универсиадасының өтуі қарсаңында, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, Шеңгелді ауылында 2017 жылы қаңтар айының 14 күні баскетболдан чемпионат ұйымдастырылды.
2017 жылдың 17 қаңтар күні «Қарттарым қазынам» атты еңбекке жарамсыз, тұрмыс жағдайына байланысты көмек көрсету бойынша (үйдің айналасын жинау, отын жару, және т.б. жұмыстар) акция ұйымдастырылды.
2017 жылдың ақпан айының 2 және 16 жұлдыздарында Қосқұдық ауылында, Алматы қаласындағы өтіп жатқан XXVIII қысқы Универсиада ойынына арналған шаңғыдан жарыс ұйымдастырылды.
8-ші наурыз «Халықаралық Әйелдер күні» қарсаңында Кербұлақ ауылында округте орналасқан  мекеме әйелдері арасында баскетболдан турнир өткізілді.
Ұлыстың Ұлы Күні мейрамына орай 22 наурыз күні мәдениет үйінің алаңында 5 киіз үй тігіліп, наурыз көже таратылды, ұлттық тағамдар ұсынылды. Бәйге және басқада спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Шеңгелді ауылындағы Даңқ мемориалына ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді. 9 мамыр «Жеңіс күні» салтанаты шеру ұйымдатырылып, Даңқ мемориалына  гүл шоқтары қойылды. Мәдениет үйінде еңбек ардагерлеріне сыйлықтар таратылып, мерекелік дастархан жайылды. 
2017 жылғы  «Ораза айында» әкім аппараты ұйымдастыруымен «Ауыз ашар» қайырмдылық акциясы өткізілді, демеушілік көмек көрсеткен Шеңгелді ауылының шаруа қожалықтары.  «Ауыз ашар» рәсімі округтің барлық елді мекендерінде өтті.  Округте орналасқан мешіттер тарапынан жағдайы төмен отбасыларына ақшадай және азық-түлік  қайырылымдық көмек  көрсетілді.   
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты, Мәдениет үйі және ауыл кітапханасының ұйымдастыруларымен мәдениет үйінің жазғы алаңында «Шуақты балалық шақ» атты мерекелік шара аталып өтті.
2017 жылдың 9 маусымымен 10 қыркүйегі аралығындағы Астана қаласында «ЭКСПО» көрмесіне 200 округ тұрғындары қатысты.
2017 жылдың шілде айының 5 жұлдызында «Астана күні»мейрамы аясында, Шеңгелді ауылындағы Мәдениет үйінің спорт залында қала және ауыл жастары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
2017 жылдың 11-ші қазан күні «Рухани жаңғыру» болашаққа бағдар бағдарламасы барысында, «Қарттарым асыл қазынам» атты акциясы аясында, Шеңгелді ауылының тұрғындары зейнеткер-мүгедектердің  үйлеріне барып, қыстық отын жарып, үйдің айналасын қоқыстан тазартып және т.б. үй жұмыстар ұйымдастырылды.
Шеңгелді ауылында 2017 жылдың 21 қазан күні, тұңғыш рет соңғы 20 жылда кең ауқымдағы Сабантой  мейрамы тойланды. Атаулы мерекеде қазақ халқының әні шырқалып, ұлттық ойындарынан сайыс өтіп, келген ағайын тіл үйірер ұлттық тағамдардан дәм татты.  

Қазір Шеңгелді ауылдық округінде 100-ден аса шаруа қожалықтары еңбек етуде. Олардың арасында аймақтың экономикасы мен өнерін өркендетуге үлес қосқан белсенділері «Алматы асыл тұқымды мал зауыты», «Жетісу Агро», «Байтерек Агро Сервис» ЖШС, шаруа қожалықтары «Адамбаев», «Шеңгелді Асыл жер» АШК Қапшағай қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және «Қолқанат» АШК, «Ақөзек» АШК, «Капчагайский» АШК, «Шеңгелді ақ бұлақ» АШК, «Агрофирма Нұр Агро» ЖШС, «Ақ бидай» АШК-і Қапшағай қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 8 караша күні Шеңгелді ауылында «жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу – басты міндет» атты кездесу өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында,  Қосқұдық ауылында 24 қараша күні жасөспірімдер арасында мектепішілік дойбы ойынынан турнир өткізілді.
2017 жылдың 24 қараша күні Шеңгелді ауылдық әкім аппаратының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аясында, «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» атты қайырымдылық акциясы бойынша іс - шара жүзеге асырылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,   «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды.
Білім және денсаулық саласы:
Округ аумағында 4 орта мектеп бар. Мектептердің материалдық жағынан қамтылуы жаман емес, компьютерлік құрал жабдықтармен толық қамтылған, барлық мектептерде Интернет жүйесі қосылған.    2017 жылы орта мектепті 29  түлек ҰБТ-ға қатысып, 90% орта балл көрсетті. 
2017 жылғы желтоқсан айында Ақөзек ауылында 120 орындық орта мектеп ашылды. 
Денсаулық сақтау саласында  округте 2 дәрігерлік амбулатория, 3 медпункт, 1 жедел жәрдем бөлімшесі халыққа қызмет көрсетуде.

Тұрғын үй шаруашылығы, көркейту және аббатандыру:
2017 жылдың қаңтар айында Шеңгелді ауылы бойынша қураған, кедергі келтіретін және құлау қаупі бар ағаштар кесілді. Кесілген ағаштарды жалғыз басты қарттарды, мүгедектерді, жағдайы төмен отбасыларды ағаш отынмен қамтамасыз етуді ұйымдастырылды.
Қаңтар жағдайы төмен 6 отбасына демеуші қарастырылып,  1 тоннадан көмір таратылды.
Су тасқыны болуы мүмкін аймақтарда апаттың алдын алу мақсатында жауапты тұлғалармен бірігіп, кезекшілік ұйымдастырылып, қадағаланды.
Наурыз айынан бастап елді мекендерге санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Заңсыз төгілген тұрмыстық-қатты зат қалдықтарының орындары тазартылды. Шеңгелді ауылының арықтары тазартылып, тұрғындар суарылмалы сумен қамтамасыз етілді. Шеңгелді ауылындағы екі аялдамаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Округ бойынша жылдың басынан 133 иесіз қаңғырған ит ауланды. Шеңгелді ауылының кіре берісімен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған обелискке абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті өзін-өзі басқаруға берілген қаржыдан  бөлінген 2775 мың теңгеге Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ елді меендеріндегі заңсыз төгілген қоқыс орындары тазартылды.
«Қапшағай қаласының жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімі» мм-ң тапсырысымен Шеңгелді ауылының Бөлек батыр көшесіне 31 320 мың теңге, Кербұлақ ауылының ортаңғы айналма жолына 21367 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.  2017 жылдың мамыр айынан бастап Алматы облысының жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Шеңгелді Сарыбұлақ тас жолына және аталған тас жолдан Ақөзек ауылына дейінгі жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2017 жылдың шілде айынан бастап «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында 9450 мың теңге қаржы бөлініп, «Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң тапсырысымен «Кинибай.С» ЖШС-і   Шеңгелді ауылдық округінің Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ елді мекендерінде шағын балалар алаңының құрылысын жүргізуде.  
Әлеуметтік саласы  және жұмыспен қамту:
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»бағдарламасы шеңберінде Қапшағай  қаласы және өңірі бойынша  2017 жылы үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда:
Бірінші бағыт «Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып оқыту»  бойынша жұмыстар іске асырылуда, кәсіптік қайта даярлау  курстарынан  68 адамның оқытылуы сәуір айынан бастап оқытылуда. «Тракторист», «Автослесарь», «Газэлектрмендәнекерлеуші», «Электрик», «Аспазшы», «Кондитер» мамандықтар бойынша Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбулақ, Қоскұдық ауыл тұрғындарынан құжаттары жиналып, 2017 жылдың сәуір айынан қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберіледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға оқу ақысын төлеу үшін мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда мамандықтары бойынша мекемелермен кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибеден өтуде.Ағымдағы жылдың шілде –тамыз айларында оқуды толығымен аяқтап куәліктерін алғаннан кейін әрқайсысы өз мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасады.
Екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша  шағыннесие алуға 36 ниет білдірушілердің тізімдері мен құжаттары жиналып, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жіберілуде.Олар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына жіберіледі. Бүгінгі күні Кербұлақ ауылының тұрғыны Б.Сақтағанов мал шаруашылығын дамытуға 1млн.400 мың теңге берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек нарығын дамыту» бойынша           әлеуметтік жұмыс орындарына 2017 жылдың 27 наурыз айына әлеуметтік жұмыс орындарына 10 азамат жіберілді.
Жастар практикасына 3 адам : 1- Шеңгелді ауылдық округі әкім аппаратына, 1- Кербұлақ аулындағы № 7 орта мектебі және «Жана Даур» ТОО-сына1 механик жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға 170 адам қабылдау  жоспарланған. 2017 жылдың ақпан айынан бастап 182 адам қоғамдық жұмыс орындарына жіберілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндегі  құрылған қалалық комиссияның  және орталықтың жылдық жұмыс жоспары бойынша белгіленген жұмыстар атқарылуда.
Бағдарламаның  бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша Шеңгелді ауылдық округінен жыл басынан жалпы 22 млн. 291 теңге көлемінде 7 адамға ( 3 адам – егіншаруашылығына, 4 адам – малшаруашылығына) шағын несие берілді.
Жастар практикасына 5  адам:  1 – Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппаратына, 1 – Кербұлақ аулындағы № 7 орта мектебіне жіберілді; «Жана Даур» ЖШС-не – 1 адам, «Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не – 1 адам, «Қапшағай қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ-не – 1 адам жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға 2017 жылдың 01 қарашасына  218 адам жіберілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндегі құрылған қалалық комиссияның  және орталықтың жылдық жұмыс жоспары бойынша белгіленген жұмыстар атқарылуда.
Алматы облысы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» тақырыбы бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында  атаулы әлеуметтік көмекті жаңа форматта беру ережесінің негізгі нормалары бойынша ақпараттық-түсіндірмелік  жұмыстар өткізілді. Жиынға аз қамтылған отбасылар және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылары, өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдар, жұмыссыздар, ауыл тұрғындары қатысты. Жиын барысында сұрақтар қойылып, жиналған қауыммен сауалнамалар жүргізіліп, қысқаша ақпараттық сілтемелер таратылды.
Қоғамдық тәртіп:  
Әкімшілік құқық бұзушыларға ауызша және қағаз жүзінде ескертулер берілуде, талаптар көп жағдайда орындалады. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес жұмыстарын атқаратын негізгі мекеме - Шеңгелді полиция бөлімі. 
2017 жылы округ  әкімі 63 шешім шығарды, 107 өкім қабылдады, 75 жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарады, 1069 нотариалдық іс әрекет жасады.
       Атқарған жұмыстарды қорытындылай келе 2018 жылы міндеттерді:

  • Қосқұдық станциясы, Құлантөбе, Бөктер, Тасқұм разъездерінде жаңа су құбыры  құрылысын жүргізу;
  • Қант қылшасы егу  алаңын көбейту және екінші сервис орталығын ашу;
  • Ауыл шаруашылығына тамшылатып суғарудың технологиясын   кеңірек пайдалану;
  • Шеңгелді, Кербұлақ елді мекендердің ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Қосқұдық станциясында екі көшенің ішкі жолдарын жаңадан салу жұмыстарын жүргізу;
  • Қосқұдық станциясымен Ақөзек ауылы елді мекендерде балалардың ойын алаңдарын орнату жұмысын жүргізу;
  •  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша округтегі тұрғын үй салуға белгіленген жерлерге инфрақұрылымдарын (жол, ауызсу, жарықтандыру) орналастыру үшін бюджеттен қаражат қарастыру;

 

Округ әкімі                                                                             Е.Қойлыбаев

 

 

/12/01/2018/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .