Kapshagay.gov.kz

Мәлімет 13.10.2017 жыл

Главная



2017 жылы 12-қазан күні сағат 11:00-де «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Алмабековпен және қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында, ауылдық елді мекендерде тұрғылықты тұрып, қызмет атқаратын әлеуметтік сала қызметкерлеріне көрсетілетін бір реттік отын сатып алуға бөлінетін көмек туралы сұрақтар қойылды. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет түрі болып саналатын бұл көмектің Ережесімен таныстыру жүргізілді. Жиынға Арна ауылының №11 орта мектеп ұстаздары, Заречный ауылындағы №12 орта мектеп ұстаздары, кітапханашылар, жалпы әлеуметтік сала қызметкерлері қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Ауылдық жерге келіп қызмет атқарып жүрген жас мамандарға көрсетілетін жеңілдіктер, әлеуметтік көмектер, бір реттік көмектің көлемі жөнінде сұрақтар қойылып, толыққанды жауап қайтарылды. Жиналыс соңында, жергілікті учаскелік комиссия Ережесіне өзгеріс енгізіліп, жыл сайынғы бір реттік көмек көрсету бойынша туындаған сұрақтарды комиссия отырысында қарау ұсынылды. Округ әкімдігі «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін» халық игілігі үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

 

Заречный ауылдық
округінің әкімі                                                                       Б. Дүйсенбаев

 

 


Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .