Kapshagay.gov.kz

Заречный ауылдық округіндегі қайырымдылық акциясы!

Главная


24-тамыз күні Заречный ауылындағы №12 орта мектептің мәжіліс залында, Арна ауылының №11 орта мектебінен 15 оқушы және Заречный ауылының №12 орта мектебінен 35 оқушыға арналған, «Бақытты балалық шақ-Мектепке жол!» республикалық акциясы аталып өтті.  Шараға Арна ауылдық клубы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, балалардың көңілін көтерді. Округ аумағында орналасқан орта және кіші кәсіпорындар – «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС -6 оқушыны, «Пеноплекс РК» ЖШС -8 оқушыны, «Маревен Фуд Тянь Шань» ЖШС - 3, «СД и Ко» ЖШС-3, «Магнетик»ЖШС-3 оқушыны, «Эра -2013» құм каръері -3 оқушыны, ЛА-155/8, ЛА-155/12, ЛА-155/14 түзеу мекемелері – 2 оқушыдан, дәрігерлік амбулатория, Арна ауылдық клубы, «Полимер Трубы» ЖШС, жеке кәсіпкер Ли Вячеслав, «Шапағат» дүкені, «Қамқор», «Қапшағайжылу», «Сенім Қапшағай» мекемелері 1 баладан қамқорлығына алып, оқушыларды мектеп формаларымен, аяқ киім және оқу құралдарымен қамтамасыз етті.
Округ бойынша жетім, жартылай жетім, азқамтылған, көпбалалы отбасыларының, жалпы саны 50 баласына қамқорлық көрсетілді. Округ әкімі Б. Дүйсенбаев қамқорлық акциясына атсалысқан мекемелерге алғысын білдіріп, балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап өтті.

 


 

 

Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .