Kapshagay.gov.kz

2017 жылда атқарылған жұмыстар және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат

Главная


 

Мемлекеттік қызмет көрсету реестіріне сәйкес мекемеміз 4 түрлі мемлекеттік қызметті көрсетуге міндетті. Олар: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну».
2017 жылы барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша - 1 қызмет, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» бойынша – 5 қызмет, қалған екі стандарт бойынша биылғы жылы қызмет алушылардан арыздар түспегеніне байланысты мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.
Жыл барысында 3 елді-мекенде тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі бойынша 3 түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.
Мекеме мемлекеттік қызметті көрсету барысында сәйкес министрлердің бұйрықтарымен және мемлекеттік қызмет регламенттерімен, Алматы облысы әкімінің өкімімен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарын басшылыққа алды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттері қазақ және орыс тілдерінде электронды түрінде Қапшағай қаласы әкімдігінің сайтында, ал қағаз түрінде - мекемеміздің ғимаратында көрнекті жерінде тұрған арнайы ақпараттық стендте орналастырылған. Стендтың мөлшерлері: 1,2 м х 2,4 м. Бұл жерде мемлекеттік қызметті алушылар мемлекеттік қызмет алу тәртібімен, олардың көрсетілу мерзімдерімен, нәтижелерімен толықтай таныса алады.

 

 

/29/12/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .