Kapshagay.gov.kz

1-маусым балаларды қорғау күні

Главная


 

2017 жылғы 1-маусым балаларды қорғау күніне орай Заречный ауылдық округінің әкімі аппараты ұжымы және Арна ауылының мәдениет үйі ұжымы мен әдіскер-нұсқаушысының  ұйымдастыруымен, № 12 орта мектеп оқушыларының қатысуымен Заречный ауылдық округінде стадион, балалар ойын алаңы  және шағын бала-бақшаның ашылу салтанаты өтті.
Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – болашақ жастарымыз бен жасөспірімдерімізге куаныш сыйлап, қамқорлық көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.
Қапшағай қаласының әкімі – Қайнарбеков Талғат Қанатұлы  және ауылымыздың әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлыатаулы мерекемен балаларды құттықтап жылы лебіздерін білдірді.  
Шара флешмоб биімен бастау алып, түрлі спорттық ойындар ойнатылып,  жас әншілердің орындауында әндер шырқалды. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен  бүлдіршіндердің барлығына тегін балмұздақ, сусындар үлестірілді.  

 


 

 

Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .