Kapshagay.gov.kz

Рухани жаңғыру

Главная




«Туған жерге туыңды тік!» атты ауыл жастарының форумы  Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ізгілікті істер» қоғамдық қоры 2017 жылдың 15-16 қыркүйек күндері Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы, «ECO PARK TOUR» демалыс орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, рухани жаңғыру жолында ұлттық және рухани байлығымызды насихаттау, ауыл жастарының белсенділігін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, еңбекке, кәсіпке және қоғамдық белсенділікке баулу, жастар арасында терроризм және діни экстремизм идеяларының алдын алу, жастар саясатын іске асыру мақсатында «Туған жерге туыңды тік!» атты ауыл жастарының форумын өткізді.
Форумға жұмысшы жастар, спорт, мәдениет саласының өкілдері, жас кәсіпкерлер, журналисттер, белсенді, көшбасшы жастар, осал топ өкілдері, мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары, барлығы - 200 адам қатысты. Форум аясында спорттық ойындар, жастар акциялары, семинар – тренингтер ұйымдастырылды. Жастарға өз ісінің шеберлері - «Арбис» тренинг орталығының тренері А.Мергембаев, «Ұлы Мұра» қорының директоры, дінтанушы Т.Нүсіпханұлы, блогер Н.Жанай арнайы дәрістер оқып, семинар-тренингтер өткізді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ж.Мұқаш, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев арнайы келіп, жастармен емін-еркін түрде пікір алмасты, ой бөлісті. Шара соңында ауыл жастары бірігіп, Кетпен тауының шыңына «Рухани жаңғыру» туын тікті. 

 

 

/10/10/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .