Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік Рәміздердің 25 жылдығына орай өткізілген автошеру

Главная


 

 Өскелең ұрпақты Отанымыз – Қазақстан Республикасын сүюге, оларды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының рәміздеріне 25 жыл толуына орай, 2017 жылдың 18 мамыр күні Капшағай қаласының Заречный және Арна елді мекендерінде  автошеру өткізілді.
Автошеруді ұйымдастырушы «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамдық бірлестігі. Аталған шараға Қапшағай қаласының жастар ресурстық орталығы, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшелері және Заречный ауылдық округінің жастары қатысты. Шеруде болған жастар: «Еліміздің көк байрағы көтерілгенде кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді»- дейді. Бұл бүгінгі ұрпақтың бойында патриотизмнің барын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілік нышанының барын аңғартады. Сондықтан, біздің Қазақстан осындай жалынды жастардың, елін сүйгіш кейінгі ұрпағының қолында деп толық айта аламыз, әрі сенім арта аламыз. Ал, осы жеткіншектер баршамыз үшін маңызды шараға қуана ат салысты. Шерудің соңы ауылымыздың №12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығының мәжіліс залындағы концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
Шара барысында қайырымдылық акциясы да өткізілді.


 

 

Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .