Kapshagay.gov.kz

Заречный ауылында «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар өз жалғасын табуда!

Главная


Заречный ауылдық округінің көше бойларындағы барлық талдар, тротуарлар ақталып, абаттандыру, жұмыстары жүргізілді.     
Округ аумағында орналасқан Пеноплекс ЖШС-гінің демеушілік көмегімен шағын ауданның орталығында тұрғындар демалатын арнайы саябақ ашу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, саябақтың талдары санитарлық нормаға сәйкес кесіліп, абаттандыру жұмыстары атқарылу барысында.
Сонымен қатар, шағын ауданда балаларға арналған ойын алаңының құрылысы басталып, салтанатты түрде ашылуы 1 маусым балалар күнін қорғау күніне жоспарлануда.
Ағымдағы жылы ауылдың Дзержинский – Советская көшесінің қиылысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында  1 шағын футбол алаңы, 1 балалар ойын алаңының құрылысы басталды.
Мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы аясында Заречный ауылы, Рақымжанов көшесінен ауыл тұрғыны Гүлжан Ілгекбаева, шағын бала-бақша ашу жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда бақшада қажетті жабдықтар сатып алынып, орналастырылды. Өрт сөндіру қызметі, бейнебақылау орнатылды. Ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін аталған бала-бақшаны ашу жоспарланған.


 

 

Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .