Kapshagay.gov.kz

«Спорттың ең үздігі» волейбол.

Главная



2017 жылдың шілде айының 31 жұлдызында Шеңгелді ауылындағы №1 кітапхана - филиалы мен Мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шеңгелді ауылдық округінің әкімдігінің қолдауымен ауыл жастарының денсаулығын нығайту, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жылдамдыққа, иекмділікке, төзімділікке баулу, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Спорттық ойынның ең үздігі» атты мекемелер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, Шеңгелді ауылы мәдениет үйінің спорт залында өткізілді. Кітапханашы А.Актанова «Волейбол» – деген сөздің мағынасына, волейбол ойынының шығу тарихына қысқаша тоқталып өтті.
Көптен күткен жарысқа: Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты, Мәдениет үйі, «Ақбота» балабақшасы, Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектеп және Шеңгелді ауылдық емхана ұжымдары қатысты.
Жарыс ҚР-ның волейбол федерациясы бекіткен ережеге сәйкес өткізіліп, барлық ойындар 3 таймнан ойнатылды. Командалар екі топқа бөлініп, әр топ арасында ойындар айналма әдісімен өткізілді. Әр топтан жеңіп шыққан ойыншылар арасында жарыс жеңімпаздары қарама-қарсы кездесумен анықталды. Жүлделі орындарға ие болған командалар «Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» ММ-нің І-ІІ-ІІІ дәрежедегі дипломдарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
ІІІ-орынды Шеңгелді ауылдық емхана ұжымы, ІІ-орынды «Ақбота» балабақшасы иеленсе жүлделі І-орынды Мәдениет үйінің ұжымы иеленді.
Сондай-ақ «Ақбота» балабақшасының көркемдік жетекшісі А.Омарова үздік шабуылшы, Шеңгелді ауылдық емхана медбикесі Ғ.Игілікова үздік ойыншы, Шеңгелді ауылдық емханасының учаскелік медбикесі Г.Боранбаева үздік қорғаушы, Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Қанапия үздік төреші дипломымен марапатталды.
Кітапханашы А.Актанова жарысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, Мәдениет үйінің директоры Р.Қ.Медеубаев жеңімпаздарын құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, шараны қорытындылады.

 

/10/08/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .