Kapshagay.gov.kz

Жеңістің 72 жылдығы Заречный және Арна елді мекендерінде аталып өтті

Главная


 
9 мамыр Тәуелсіз Қазақстанымыздың елеулі мерекелерінің бірі. Айтулы мейрамды Заречный ауылдық округінің әкімдігі мен Арна ауылы Мәдениет үйі бірлесіп ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара Заречный ауылында өткізілді. Жеңістің 72 жылдығына ұйымдастырылған шараға келген қауым көп болды. Олардың арасында сұрапыл соғыстың  қатыгездігін еңбекпен жеңе білген тыл ардагерлері арнайы шақырылды. Баршамыз үшін маңызды мейрамда мектеп және өнер ұжымы концерттік бағдарламасын және саптық көріністерін турту етті.
Отан соғысының ардагерлеріне арнап мектептің кішкентай жас өнерпаздары ән салып, билерін көрерменге көрсетіп, келгендердің көңілін көтеріп, өздерінің өнерлерімен тамсандырып та тастады.    
Мерекенің шырайын 75/52 әскери бөлімшесінің көрсеткен көрінісі ерекше кіргізгендей.  75/52 бөлімше қырандарының жекпе - жек өнері саптық іс-қимылдары тұрғындар мен қонақтарды аса қызықтырғаны анық. Сонымен бірге, мұндай әдіс-тәсілдерді тамашалаған қауым бір серпілгені де айқын.  Жалпы, аталған бөлімшенің ұсынған көрінісі кез-келгенге үлгі,әрқайсының бойына патриоттық сезім  ұялатары сөзсіз. Әрі еліміздің қорғаны мықты, шекарасын бекем күзете алатын ерлеріміздің барына көз жеткізуге болады.  Одан бөлек, қол күрес, арқан тарту, еркін күрес және волейболдан спорттық сайыстар мерекелік кештің жалғасын тапты. Жеңіс күніне арналған мерекелік шара кең ауқымда аталып өтілді.


 

 

Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .