Kapshagay.gov.kz

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

Главная


  
Заречный ауылдық округінің әкімі аппараты ұжымы және 75/52 әскери бөлімшесінің ұйымдастыруымен Заречный  ауылының мәдениет үйінде «Отан қорғаушылар күні» аталып өтті. Мерекелік жиынға арнайы Алматы қаласынан «Генерал» ансамблі  және  «Қазақстан дауысы» музыкалық байқауының лауреаты  Жанғали Әбішев қонақтарды керемет өнерлерімен қуантты.
Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.
Заречный ауылдық округінің әкімінің  орынбасары – Төребеков Жеңіс Еркімбекұлы және 75/52 әскери бөлімшесінің басшысыКишгенекулов Мұхтар Құралұлыатаулы мерекелерімен барлық сарбаздарды және қонақтарды құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады және бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға ерлеріміз лайықты үлесін қосуда.


 

 

Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .