Kapshagay.gov.kz

Шеңгелді ауылында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өткізілген жиналыс.

Главная


 

     Шеңгелді ауылдық  округі тұрғындарының қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы:
Қапшағай қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н. Имангалиев: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз (МӘМС) — бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында МӘМС жүйесіне қатысушыларға уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмек ұсыну қамтамасыз етілетіні жайлы мәлімет берілді.
ӘМСҚ дегеніміз не? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) – бұл медициналық қызметтерді сатып алу келісім шартында көзделген көлем мен шарттарға сәйкес медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің аударымдар мен жарналарды жинауын, қызметті сатып алуы мен төлеуін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.
«Ұлт жоспары — 100 нақты қадамның»  бір бағыты — «Аурулардың сыртқы белгілерін, сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу» болып есептелетін қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертудің негізін қалау. Бұл жоспардағы 80-қадам — «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» екендігі айтылды. Әрқайсысының қойған сұрағына Қапшағай қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н.Имангалиев жауап берді. Жиналысқа қатысқан тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға толық қанды жауап алды. Тұрғындар өздерінің алғыстарын айтып тарқасты.   

 

 

/21/05/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .