Kapshagay.gov.kz

Наурыз мейрамы

Главная


  
Заречный ауылында орналасқан 7552 әскери бөлімінің 2 атқыштар батальонында, 21 сәуір күні Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз мейрамы»- қазақтың жаңа жылы аталып өтті.
Әскери қызметшілерге наурыз мейрамы туралы, қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру, жастарды спортқа кеңінен тарту туралы жалпы түсінік берілді.
Салтанатты жиынға ауылымыздың әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы қатысып, атаулы мерекемізбен құттықтап жылы лебізін білдірді.    
Мерекеге жиналған әскери қызметшілер және олардың отбасылары  қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, ежелден келе жатқан мерекелік  тағам – Наурыз көже, бауырсақ, қуырдақ, палау сияқты тағамдардан ауыз тиюге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, түрлі ойындар ұйымдастырылды.


 

 

Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .