Kapshagay.gov.kz

«Діни экстремизм – ұлт дерті»

Главная


 

Дін істер басқармасының Қапшағай аймағы бойынша инспекторы Ораз-Ахмет Дидар Болатұлы; Шеңгелді ауылының бас имамы Абзал Қанатұлы; Шеңгелді ауылдық округ әкім аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушысы Айгерім Алдыбекова және спорт ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы Жандос Кенжеұлы; Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектептің оқушыларының қатысуларымен Мәдениет үйінің кіші залында «Діни экстремизм-ұлт дерті» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Шараны кітапханашы Айгүл Актанова алғы сөзбен ашып, «Діни экстремизм-ұлт дерті» тақырыбында слайд көрсетілім ұсынды. Слайдта экстермизм туралы, оның пайда болуы, онымен күрес, әлемде кең тараған діндер туралы, және Ислам дінімен өзге діндердің айырмашылы туралы көрсетілді.
Діни істер басқармасының Қапшағай аймағы бойынша инспекторы Ораз-Ахмет Дидар Болатұлы кеш қонақтарына Дін және мәдениет, Діни экстремизмнің зардаптары мен алдын алу шаралы туралы түсініктер беріп, Экстремисттік топтардың қалай пайда болғанын, олардың қоғамға адам өміріне тигізер залалы туралы мәліметтер айтып, оқушы жастарға сенім телефондарын беріп, әлеуметтік желілерің адрестерімен бөлісті. Кітапханаға келіп түсетін әдебиеттердің Діни басқармалармен бекітілген мөрі болу керектігі туралы айта кетті.
Шеңгелді ауылының бас имамы Абзал Қанатұлы Діни экстремизм туралы түсінік беріп жастарды сабақтан тыс мезгілде ауыл мешітіне келіп, сұрақтарына жауап алуға болатынын айтты. Шара барысында кеш қонақтары, оқушы жастар көкейтесті сұрақтар қойып, қанағаттандырарлық жауаптар алды.
Дидар Болатұлы оқушы жастарға діни парақшалар таратып жүретін миссионерлермен байланыспай, өзге дәстүрлі емес жиындардан аулақ болып, жақсы білім алып дініміз туралы терең біліп ұғынсақ қана жат қылықтар мен бөгде ұйымдардан аулақ балатынымызды айтып сөзін қорытындылады.
Мұсылмандылықты тілмен айтып жүрекпен қабылдау керек деп сөзін қорытындылады ауыл имамы Абзал Қанатұлы
Шараны кітапханашы Айгүл Актанова кеш қонақтарына және қатысушыларға алғысын білдіріп қорытындылады.

 

Спорт ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы:                      Ж.Кенжеұлы

 

 

/12/04/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .