Kapshagay.gov.kz

Ақпарат

Главная


     Заречный ауылдық округінде 1 мамыр - Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күніне арналған мәдени шара ұйымдастырылды.  
“Ырыс алды - ынтымақ” дейді халық даналығы. Бүгінде көпұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан Республикасы – тұрақтылық пен татулықтың мекені. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуы, экономикалық – әлеуметтік дамудағы жетістіктеріміз – халқымыздың мызғымас достығының жемісі. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Біздің ең басты құндылығымыз- тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз.
Атаулы салтанатты жиынға ауылымыздың әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы және  жергілікті қауымдастық төрағасы Қазбеков Ғабдеш Ибатуллаұлы жиналған қауымды Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен құттықтап, ұлт тұтастығы мен өзара келісімнің арқасында Ұлы Дала елінің өркендеп, ілгерілеуіне үміт артатындықтарын жеткізді
Мереке барысында ұлттық көрмелер қойылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталған шараға округте орналасқан мемлекеттік мекемелер мен түзету мекемелерінің басшылығы қатысты.
Жиналған қауым көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

 


 

 

Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .