Kapshagay.gov.kz

Шеңгелді ауылдық округіндегі қайырымдылық акциясы.

Главная


1 - Наурыз Алғыс айту күніне орай, Шеңгелді ауылдық округ әкім аппаратының ұйымдастыруымен, Азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпы ұлттық игілігі ретінде жаңа Қазақстандық патриотизмнің принциптерін бекіту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Шеңгелді ауылдық округі бойынша тұрмыс жағдайы төмен және мүгедек жанұяларға демеуші кәсіпкерлердің көмектері арқылы азық – түлікпен киім кешектер табысталды. Оның ішінде Шеңгелді аулының жеке кәсіпкерлері Есекеева Нұржамал және Жандаева Зубайда тұрмыс жағдайы төмен отбасы Әжібаева Нұрсәуле, Әбдіқадір Райымбайға, тұрмыс жағдайы төмен және 2 жасар мүгедек баласы бар Қалиясова Раушан, ІІ топтағы мүгедек Кенжебекова Алтынкүл, Алмағамбетов Төлеу отбасыларына 25.мың теңге көлемінде азық – түлікпен көмек көрсетті. Кербұлақ ауылының жеке кәсіпкері Есенбаева Гүлсайран тұрмыс жағдайы төмен Абсалиев Есқожаға, Казиев Жеткерген және мүгедек Казиев Тұрсынбек, отбасыларына 20.мың теңге көлемінде азық – түлікпен көмек көрсетсе, Сарыбұлақ ауылының жеке кәсіпкері Арынов Серікқазы тұрмыс жағдайы төмен Коханова Раиса, Қиялов Жасұлан және Кораблина Галина отбасыларына 40.мың теңге көлемінде киім - кешек табыстады.

 

/12/04/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .