Kapshagay.gov.kz

«Сүйінбике – ұлы дала аруы»

Главная


 

    Заречный ауылдық округінің № 12 орта мектеп 6 сынып оқушылары арасында  Шәрбану Бейсенованың «Сүйінбике - ұлы дала аруы» атты  атаумен жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті. Бұл жинақта азаттық жолында құрбан болған қайсар тұлғаның өмірі баяндалған.

«Қазақстан әйелдері» журналында 18 жылдан астам уақыт қызмет атқарған қаламгер басылымда тарихи тұлғалар есімін, қазақ әйел қайраткерлерінің атын қайта жаңғырту мақсатында арнайы айдар ашылып, деректерді там-тұмдап жинап, алғаш рет жаза бастағанын айтты. Сонымен қатар автор Қазан хандығы мен патшалық Ресейдің қарым-қатынасын, Ноғай мемлекетінің негізін қалаушы Едіге бейнесін, одан тараған әулеттің тарихын, Қазанның соңғы ханы Сапагерейдің, Жүсіп би мен қызы, түріктің сұлу айымы Сүйінбикенің және ұлы Өтемісгерейдің аянышты тағдырларын аз сөзге сыйдырып әсерлі баяндады. Кітап авторымен он күннің ар жақ-бер жағында екінші мәрте кездесу алдымен кітаптың сапалы, тартымды болып шығуын, сосын қаламгер апайдың қызықты әңгімелеп беріп отыруын көрсете алды десек артық емес
          Кездесуде жазушы Шәрбану Бейсенова Сүйінбике-ханбике мен Сүзгенің кім болғаны жайлы деректі материалдардан тұратын еңбегі оқушыларға таныстырылды. Қазан хандығын отаршылардан қорғау үшін жан аямай қарсы тұрған патшайымның шыққан тегі, өскен ортасы жайлы тың деректер айтылды. "Тәуелсіздіктің арқасында өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды. Өскелең ұрпақ тарихи тұлғалармен танысуға мүмкіндік алып отыр". Сондай-ақ ата тарихтың қиын-қыстау кезеңдерінде ата-бабалар жүріп өткен жолға, терең тамырластыққа үңіліп, Сүйінбике-ханбике мен Сүзгені,олардың дәуірін жете тануға талпынған жасқа ой қосары анық.

 

 


Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .