Kapshagay.gov.kz

8-ші наурыз «Халықаралық Әйелдер күніне» орай мекеме әйелдері арасында өткен баскетбол турнирының мәліметі

Главная



 

8-ші наурыз «Халықаралық Әйелдер күні» қарсаңында №7 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айнұр Аяғанованың және Шеңгелді ауылдық әкім аппаратының спорт ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушысы Жандос Кенжеұлының ұйымдастыруымен Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектебінің спорт залында 04.02.2017 жылы мекеме әйелдері арасында баскетболдан турнир өткізілді. Жарыстың ашылуы салтанатты түрде Қазақстан Республикасының гимнімен, №7 орта мектебінің директоры Талғат Жақыпбайұлының құттықтау сөзімен және 10 «А» сынып оқушысы Қуаныш Даниярдың орындауында «Анаға арнау»  әнімен ашылды.
Жарысқа Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектебінің техникалық қызметкерлерінен құрылған  «Гүлдер» тобы, жас мамандардан құрылған «Жалынды жастар» тобы,  ауыл жастарынан құрылған «Күншуақ» тобы және балабақша қызметкерлерінен құрылған «Жетісу» топтары қатысты.
Барлық ойындар екі таймнан тұрып, ойыншылар екі топқа бөлініп, әр топтан жеңіп шыққан ойыншылар арасында жарыс жеңімпаздары қарама-қарсы кездесумен анықталды. Жарысқа қатысушыларды ауыл тұрғындары қолдап, жарысты қызығушылықпен тамашалады.
Жүлделі орындарға ие болған ойыншылар  «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт» бөлімі ММ-нің І-ІІ-ІІІ дәрежедегі дипломдармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ІІІ-орынды «Гүлдер» тобы, ІІ-орынды «Жетісу» тобы ал жүлделі І-орынды «Жалынды жастар» тобы иеленді.
Жарысқа Кербұлақ ауылының №7 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің білікті мұғалімдері Жиенбаев Жандос пен Өтебек Қамқа төрешілік етіп «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт» бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

 

Спорт ісі жөніндегі әдіскер - нұсқаушы:                         Ж.Кенжеұлы

 

/12/04/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .