Kapshagay.gov.kz

«Өлі разы болмай, тірі байымас»

Главная




 

        

 

         Шеңгелді ауылдық округі бойынша, неше жылдан бері дәстүрге айналған, Мұсылман жамағаты үшін, сәуір айының бірінші жексенбісінде, бейіт басын тазалау күні аталып өтіп келеді. Биыл осы күн 2017 жылдың 2 сәуір күніне келді. Бұл күні ауылдың мұсылман тұрғындары ата-бабысы мен туған-туысының басына барып дұға оқып, жақындарының жатқан жерлерін, қоқыстан тазартып, көріктендіру істері жүргізілді. Яғни бұл күн мұсылман бауырлар үшін мола басын тазалап, мінәжат ететін күн. Биыл да сол дәстүрге айналған бейіт тазалау күні ауылымызда ұмыт қалған жоқ. Ауыл тұрғындары таңертеңнен бейіт басына  көптеп жиналды. Ауыл тұрғындары ата – бабаларымызға Құран аяттарын бағыштап қайтты.

 

 

/12/04/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .