Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы, Заречный округі бойынша өткен сенбілік туралы ақпарат

Главная



 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29-бабына және Алматы облысы әкімдігінің 10.03.2017 жылғы «Облыстың елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі айлықтарын өткізу туралы» №105қаулысына сәйкес, Зеречный округі бойынша бір шама жұмыстар атқарылды. Қапшағай қаласында орналасқан қоқыс төгетін полигонға 70 тонна қатты-қоқыстармен стихиялық күл-қоқыстар шығарылып, барлығы 1500 текше.метр жер стихиялық қоқыстан тазартылды. Округ көлеміндегі қоқыстарды тиеу, шығару жұмыстарына 1 КАМАЗ көлігі, 1 жүк артқыш трактор жұмылдырылды.
2017 жылдың 22-ші сәуірі күні жалпы округ көлемінде сенбілік ұйымдастырылып, барлық мекеме, білім нысандары мекеме қызметкерлерінің қатысуымен округ бойынша тазалау жұмыстары жүзеге асырылды.  Көше бойларындағы жолдын шеттері және барлық мекемелердің өздері орналасқан айналасындағы аумақтарына тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған сенбілікте №11,12 орта мектептер өзіне қатысты аумақты тазалап, сенбілік жасады. Ауылдық дәрігерлік амбулатория, түзету мекемелері, №7552 әскери бөлімі, «Пеноплекс РК» ЖШС, «Кнауф Гипс Капшагай» ЖШС, «Нестстрой» ЖШС, «Нұртау А» ЖШС, «Магнетик» ЖШС-і өздеріне жақын орналасқан аумаққа тазалық жұмыстарын жасап қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге Заречный ауылына кіре беріс жолдағы, ауыл ішіндегі ағаштар санитарлық нормаға сәйкес бұтақтары кесіліп, әктелді.
Шағынауданда көпқабатты тұрғын үйлер арасын сол үйдің тұрғындарының қатысуымен тазалау жұмыстарын жасады. Әкімдік тарапынан ұйымдастырылған сенбіліктерге барлығы 120  ауыл тұрғындары қатысты.
Аталған жұмыстар санитарлық тазалық айлығында қарқынды түрде жалғасын табатынын хабарлаймыз.

Заречный ауылдық округінің әкімдігі

 

 


Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .