Kapshagay.gov.kz

Шеңгелді ауылына өрттен зардап шеккен екі от басына көмек беру туралы мәлімет

Главная




 

         2017 жылғы наурыздың 30-на қараған түні жергілікті уақытпен сағат 02:11 шамасында Шеңгелді ауылының Күрішбаев көшесіндегі қос  пәтерлі екі қабатты үйден өрт шықты. 54179 әскери бөлімінің өрт сөндіру бөлімшесі жедел түрде келіп өрттің алдын алу шарасын жүзеге асырды. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.
2017 жылғы 31 наурыз айында Шеңгелді ауылдық округі әкім аппаратында  өрттен зардап шеккен жалғыс басты, көп балалы аналар  Төлтай Байжұманова, Сәуле Әжібаеваларға көмек көрсету мақсатында жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа ауылдың ақсақалдар алқасы, шаруа қожалықтарының басшылары   және ауқатты азаматтары  қатысты.
Шеңгелді ауылының округі әкімі  Е. Қоилыбаев жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындарынан, зардап шеккен екі жанұяға  қолдан келгенше көмек көрсетулерін  сұрады.
Ауыл тұрғындары көмегімен  қажетті  азық-түлікпен және  тұрмыстық заттармен  қамтамасыз етілуде.

 

 

/10/04/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .