Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы сот төрағасының Заречный ауылы тұрғындарымен кездесуі

Главная



 

 Заречный ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында Қапшағай қалалық сотының төрағасы Батыров Жанболат Әуелбекұлының  ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге барлығы 30 адам қатысты, оның ішінде ауыл тұрғындары, округ аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен басшылары. 
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан әртүрлі сауалдар қойылды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта тұрғындардың толғандыратын, мемлекет тарапынан жалға берілген жер учаскелеріндегі салынған тұрғын үйлердің құқық беруші құжаттарын рәсімдеу сияқты сұрақтар қойылды.
Сот төрағасы аталған сауал бойынша, құжаттарды қалай рәсімдеуге болатыны туралы, аталаған мәселелерді шешу бойынша бірнеше мекемелердің бірігуімен ұсыныс жасалғанын айтып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қатысушыларға жете  түсіндірді.
Сонымен қатар, Заречный ауылында орналасқан коммуналдық иеліктегі пәтерлерді қалай жекешелендіруге болады деген сұраққа, Сот төрағасы, жекешелендіруді Қапшағай қаласының соты арқылы жүзеге асыруға болатынын айтып өтті.

 

 


Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .