Kapshagay.gov.kz

Заманауи ұлы тұлға

Главная




Шенгелді ауылдық мәдениет үйінде, Шеңгелді ауылдық округ әкімінің Е.Қойлыбаевтың қатысуымен 8 ақпан күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  «Пай-пай өмір»  атты поэзия кеші болып өтті. Кеште ақынның өмірі жайлы видероликтер, слайд көрсетілімдер қойылып, Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектеп оқушылары, ақын  поэмаларынан  үзінді  оқып, сахналық    қойылымдар мен  жалғасын тапты.   9 ақпан  ақынның өлеңдерін  насихаттау  мақсатында  5 - 9 сыныптар  арасында «Мен өлмейтін шығармын» тақырыбында  ашық есік күні ұйымдастырылды.
10 ақпан ақынның жерлесі, ағасына інілік қызмет атқарған, Шенгелді  ауылының  тұрғыны  Атагелдиев  Бақытжан ата мен «Есіңе мені алғайсың» атты кездесу кеші болып, ақын өлеңдерімен естеліктер айтылып, балалық шағы туралы  слайд  көрсетілді. Кеште  мұзбалақ  ақынның  өзі өлсе де,  өлеңі оның ұрпаққа аманат екенінің дәлелі болды.

/28/02/2017/

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .