Kapshagay.gov.kz

«Синний Кит» ойынының қауіпі!

Главная



Заречный ауылдық округі әкімдігі және №12 орта мектебінің ұжымы, мектеп оқушыларының ата-аналарын соңғы кездері әлеуметтік желілерде суицидті насихаттайтын, балаларды өлімге жетелейтін «Синий кит» (Тихий дом)» деп аталатын ойыннан сақтануға шақырған кездесу өткізді.
Кездесу барысында әкімдіктің қызметкерлері мен мектеп ұжымы әлеуметтік желілерде таратылып жатқан «Беги и умри», «Синий кит»   ойындарының балалардың жүйкесіне кері әсерін тигізетінін ескере отырып, балалардың қауіпсіздігін алдын алу үшін әлеуметтік желілерден  мейлінше аулақ ұстап, ғаламторға кірген жағдайда кімдермен сөйлесетінін, парақшасына не салатынын, қай уақытта кіретіндігін жіті бақылауда ұстау керектігі жөнінде түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, мектеп психологы А.Құмархан өз баяндамасында әлеуметтік желілерде таратылып жатқан «Беги и умри», «Синий кит»   ойындарының балалардың жүйкесіне кері әсерін тигізіп жатқандығын баса айта отырып, ата-аналар тарапынан балаларға смартфон телефондарын пайдалануға үлкен мүмкіндік беріп қойғандықтарын және балаларының телефондарына қадағалау жасамағандықтан осындай әлеуметтік желіде осы сөздерді жазу- бұл ойынның алғы шарты екендігі, ең алдымен 50 күнге созылатын бұл ойынды соңына дейін ойнауға нық белбуғанын білдіру үшін қолдарын өткір жүзбен тіліп киттің немесе басқа белгіні салынатынын айта отырып, бұл ойынның аса маңызды шарттарының бірі-ол топты бақылап, олардың бөліскен сурет, музыка және түнгі сағат 4:20 жіберетін жаңа тапсырмалар да сонымен қатар, 50 күнге созылған бұл ойын тапсырмаларын соңына дейін орындаған ойыншыларға ең соңғы тапсырма ол-өлімге апаратынын айтты. Бұл ойынды ұйымдастырып отырған «Филип Лис» лақабымен танылған Филипп Будейкин есімді 21 жасар Ресейлік азамат  болып шыққандығы жөнінде ақпараттық жаңалықтарынан айтылғандығы жөнінде мәлімет  етті.
Сондай-ақ аталған мәселелер бойынша  әлеуметтік  желілерден «Балаларды суицидтен қорғай білейік», «Первая жертва игры «Синий кит» в Казахстане» атты  видеороликтер  көрсетіліп, талқыланды.  
Мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы Х.Қасейнова ата-аналарға әлеуметтік желілерде болған келеңсіз жағдайларды болдырмау  тек мектеп ұстаздары ғана емес ата-аналар тарапынан да жіті қадағалау әр бір ата-аналардың міндеті екенін айтты.

 


Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .