Kapshagay.gov.kz

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Главная



Жалпы кез келген ұлттың, мемлекттің болашағы оның жастарына тəуелді. Өйткені бүгінгі жеткен жетістігіміз, əдеби, мəдени мұрамыз, тарихымыз, егемен еліміз бен ұлан байтақ жерді алып жатқан жеріміз де сол жастарға аманат болып қалары айдан анық. Сол себепті де əрбір дамушы, дамыған, тіпті алпауыт мемлекеттер де ең бірінші кезекте болашақ ұрпақ тəрбиесін қолға алады. Қазақтың «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген мəтелі де осы ойымыздың айқын дəлелі. Қазіргі таңда тəуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай, алғашқы тəуелсіз елдің жастары ел тізгінін ұстар жасқа толды. Елбасымыз жастарға білім беру, денсаулық сақтау, ұлттық болмыста тəрбилеу, жаһандану заманында бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мақсатында түрлі бағдарламалар мен жобаларды көтерді. Соның бір ғана мысалы, «Болашақ» бағдарламасымен əлемнің озық университеттерінде білім алған жастарымыз бүгінде республикамыздың дамуына өз үлестерін қосуда. Дегенмен əл-Фараби бабамыз айтпақшы: «Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, баланың тек білімді болуы жеткіліксіз. Ең бірінші оны қалыптасуының алғашқы кезеңінде, яғни отбасында, мектепте дұрыс тəрбиелеу басты мақсат болу қажет.
Осы мақсатты жүзеге асыру жолында, сондай-ақ «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру барысында Қосқұдық ауылындағы №9 орта мектебінде Шеңгелді ауылдық округінің спорт ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Ж.Кенжеұлы мен жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы А.Алдыбекованың басшылығымен және де 10 «А» сыныбының қатысуымен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» бағыты бойынша дөңгелек үстел өтті.
Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт. Олай дейтін себебіміз республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар болып саналады. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты екенін жоғарыда атап өттік. Осы қағиданы негізге ала отырып, дөңгелек үстел барысында мектеп оқушыларымен түрлі тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік бағдарламасының Стратегиялық даму жоспары негізінде Шеңгелді ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы А.Алдыбекова қысқаша баяндама жасады. Баяндама барысында стратегияның төмендегі бөлімдеріне жекелеп тоқталып, презентация арқылы оқушыларға аталған бөлімдердің мəні мен маңызы түсіндірілді. Атап айтар болсақ:
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы:
1. Тәрбие тал бесіктен басталады;
2. Кәсіби және техникалық білім беру.
«Саламатты» мемлекеттік бағдарламасы:
1. Медициналық қызмет. Денсаулық пойызы;
2. Вакцинациялық жоба;
3. Фармацевтикалық саланы өрістету;
4. Біз дені сау ұлтпыз;
5. Скринингтік тексеру.
Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері қолданыла отырып өткізілген дөңгелек үстел өз мақсатына жетті.   
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, жастардың патриоттық сезімдерін оятып, салауатты өмір салтын ұстанатын болашақ мемлекетіміздің үлгі тұтар азаматтары болуларына осы іс- шарамыздың тамшыдай болса да көмегі тиді деп үміттенеміз.

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .