Kapshagay.gov.kz

Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Е.А.Қойлыбаевтың «Шеңгелді ауылдық округінің 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы ЕСЕБІ

Главная



Тәуелсіз  еліміздің тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңіндегі еліміздің ары қарайғы даму жолын айқындаумен ерекшеленді. Елбасы өз сөзінде бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондай – ақ барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап өтті.  Дамыған отыз елдің қатарына қосылудың алғы шартары жасалды. Бағыт – бағдарымыздың ұлттық сипаты белгіленді. Соның бір парасы “100 нақты қадамды” айтуға болады . Аталған бұл саяси құжатта Елбасымыз қоғамды алға бастыратын мүмкіндіктерді анық көрсетті. Бұл – ел үшін, халық үшін атқарылатын қызметтің өркениетке сай өрбіген заманауи үлгісі.
Ауыл шаруашылық  және салық:
Біздің ауыл тұрғындарының негізгі тіршілік көзі болып табылатын егін және мал шаруашылығы. 2016 жылы Шеңгелді ауылдық округінде 12572 га жер игерілді, былтырғымен салыстырғанда 72 га артқан. Оның ішінде: қант қылшасы - 200 га, майбұршақ – 2737 га, картоп – 206 га, көкөністер – 2584 га егілді. 
Округ бойынша 4200 бас мүйізді ірі қара мал,  40041 бас ұсақ мал, 1793 бас жылқы тіркелген. Мал басын өсіру бағытында жұмыстар жүргізілуде, 100 нақты қадам Ұлт жоспары  Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 60- қадам бойынша «Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту» және 61-қадам «Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту» бағыттары бойынша «Сайлыбаев» шаруа қожалығында 52 бас ірі қара мал бордақылауда; «Адамбаев» шаруа қожалығы 60 бас аналық сиырларға асыл тұқымды  екі бас Ангус бұқаларын алып, мал басын асылдандыру жұмыстарын жүргізуде; «Бауыр» шаруа қожалығы қолдан ұрықтандыру тәсілі арқылы  132 бас ірі қара малын асылдандыруда, «Рауан» шаруа қожалығы 162 ірі қара, 1500 ұсақ, 206 жылқы малын ет өндіруде, «Медиева» шаруа қожалығы 352 бас ірі қара малы бар,  жұмыстар осы бағыт бойынша жалғастырылуда. 
Елбасының «100 нақты қадам» өзін-өзі басқаруды оңтайландыру тапсырмасын орындау аясында төмендегі салық түрлері бойынша 2016 жылы Шенгелді ауылдық округінде іс жүзінде түскен түсімдері.  Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын  мүлік салығы 489 мың теңге, елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 499 мың теңге, жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 8224 мың теңге, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 1517 мың теңге.
Жергілікті қоғамдастық жұмысы:
Сонымен қатар Шеңгелді ауылдық округінің жергілікті өзін-өзі басқару  арнайы есеп шотына түскен 9306 мың теңгенің 5676 мың теңгесі абаттандыру, көркейту,  көріктендіру жұмыстарына жұмсалды.      
2016 жылы мемлекеттік бюджеттен 9 450 млн. теңге қаражат бөлініп Кербұлақ ауылындағы қоғамдастық жиналысының шешімі бойынша орталық көшені жарықтандыру жұмыстары 25 сәуірде басталып, қыркүйек айында көшенің жарықтандыру желілері іске қосылды.
Шеңгелді ауылының көшелерінің жарықтандыру жүйесінің жалпы ұзындығы 7 шақырымға жуық, 25 көшенің 10-ы жарықтандырылған.
2016 жылдың шілде-тамыз айларында Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңнамасында көзделген жергілікті бюджеттен түсетін қаржы есебінен, Шеңгелді ауылының жергілікті қоғамдастығының жиналысының шешіміне сәйкес Шеңгелді ауылының кіре – берісіндегі сілтемені  жөндеу жұмыстарына 180 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға кіре - берістің қоршауы ауыстырылып, сырлау жұмыстары жүргізілді.
2016 жылың қараша - желтоқсан айларында «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін қаржы есебінен, Шеңгелді ауылының жергілікті қоғамдастығының жиналысының шешіміне сәйкес, тұрғындарға, тұрғын үйлерге құлап кету қаупін төндіріп тұрған ағаштарды санитарлық талапқа сай кесу жұмыстары 2200 мың теңгеге  жүргізілді. Кескен ағаштарддан аз қамтылған, мұқтаж 156 отбасына  тамыздық отын және 8 отбасына тегін көмір демеушілердің көмегі арқылы  жеткізілді.
Мәдениет, спорт және жастар саясаты:
Шеңгелді ауылында 250 орындық мәдениет үйі жұмыс жасайды. Шеңгелді ауылының  Мәдениет үйі кітапхана ұжымдары бірлесе үлкенді-кішілі 18 мерекелік іс-шаралар өткізіліп 1510 –дей тұрғын қамтылды.  
Ақөзек және Қосқұдық ауылында клубқа бейімделген ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Кербұлақ, Сарыбұлақ ауылдарында клуб ғимараттары жоқ, шағын жиындар бұрынғы кеңшарлар кеңсесінің мәжіліс залында, көбінесе орта мектептердің ғимараттарында өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Шеңгелді ауылдық округінің қауымдастық мүшелерінің шешімімен жергілікті бюджеттен 381 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, әкім аппараты ұйымдастыруымен, Мәдениет үйінің өнерпаздарымен 7  желтоқсан күні Сарыбұлақ, Кербұлақ, Қосқұдық елді мекендерінде, 12 - 14 желтоқсан күндері Шеңгелді ауылында мерекелік концерт және марапаттау рәсімі өткізілді. Мерекелік концертке ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары келді. Шеңгелді ауылдық округінің мәдени ˗ әлеуметтік, қоғамдық ˗ әлеуметтік өміріне белсене қатысқан алдыңғы қатардағы ауылшаруашылық қызметкерлері, жақсы жетістікке жеткен мұғалімдері мен оқушылары округ әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен Сарыбұлақ ауылынан 10 адам, Кербұлақ ауылынан 8 адам, Қосқұдық ауылынан 9 адам, Шеңгелді ауылынан 39 адам марапатталды. Шеңгелді ауылдық округі бойынша 66 адам, оның ішінде 29 оқушы,  37 ересек азаматтар.
25 жыл мерей тойының қарсаңында «25 жұлдызды күн» акциясы аясында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында,  Шенгелді ауылдық мәдениет үйінің кіші залында 2016 жылғы 24 қараша айында аумақ мекемелері арасында үстел теннисінің чемпионаты ұйымдастырылды. Жарысқа Шеңгелді, Қосқұдық, Сарыбұлақ, Заречный ауылдары мен Қапшағай қаласының мектеп және мекемелердің қызметкерлері  қатысты. Жүлделі орындарға ие болған ойыншылар  «Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-сі І-ІІ-ІІІ дәрежедегі дипломдарымен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Білім және денсаулық саласы:
Округ аумағында 4 орта мектеп бар. Мектептердің материалдық жағынан қамтылуы жаман емес, компьютерлік құрал жабдықтармен толық қамтылған, барлық мектептерде Интернет жүйесі қосылған. Шеңгелді ауылдық округінде «Бақытты балалық шақ мекені» айдарымен 2016 жылға арналған «Мектепке жол» акциясына іс-шарасы бойынша аз қамтылған, ата-ананың қамқорлығынсыз жетім балаларға 950 мың теңге көлемінде мектеп формасы, аяқ киім және басқа да мектеп керек-жарақтары демеушілердің көмегімен 70 оқушыларға көмек көрсетілді.  2016 жылы орта мектепті 23  түлек ҰБТ-ға қатысып, 95% орта балл көрсетті.  Ақөзек ауылының 95 оқушысын Кербұлақ ауылының № 7 орта мектебіне дейін және кейін қарай тегін жеткізу ұйымдастырылған. 2017 жылы Ақөзек ауылында 120 орындықты мектеп салынуы жоспарлануды. Мектеп іске қосылғаннан кейін оқушыларды тасымалдау мәселесі шешімін табады.
Денсаулық сақтау саласында  округте 2 дәрігерлік амбулатория, 3 медпункт, 1 жедел жәрдем бөлімшесі халыққа қызмет көрсетуде.
Тұрғын үй шаруашылығы, көркейту және абаттандыру жұмыстары:
Көктемгі-күзгі санитарлық-тазалық, абаттандыру, көгалдандыру кезінде жоспарланған  жұмыс түрлері атқарылды.  Санитарлық – тазалық айлықтары басталғалы бері әр апта сайын сенбіліктер өткізіліп тұрды. Заңсыз төгілген 3 қоқыс орны тазартылды.
Ауылдық округтің Қосқұдық ауылы, Тасқұм, Құлантөбе, Бөктер разъезддерінің су құбыры мен насос станциясы 1958 жылы қолданылуға берілген. Бүгінгі күні мемлекеттік сараптама жүргізіліп, толығымен жөндеу жұмыстарының жобалық-қаржылық құжаттары дайындалған.«Қапшағай қаласының тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ-ң мәліметі бойынша толығымен жөндеу жұмыстары 367,395 млн.теңгені қажет етеді. Аталған қаржы бюджеттен 10 жылғы мерзімге қайтарылым есебінен бөлінеді деп күтілуде.
Әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту:
Әкім аппараты жұмысының негізгі бағыттарының бірі- тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау болып табылады. Бүгінгі күні округ аумағында 770  зейнеткер, 153 көп балалы ана, 19 «Батыр ана», І-ІІ топтағы мүгедектер 103, ІІІ топтағы мүгедектер 77, асыраушысынан айырылған 160 тұрғын, жұмыссыз ретінде 164 азамат тіркелген.    
  2016 жылғы   14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні  1 наурызды Қазақстанда «Алғыс айту» күні деп жариялау туралы №173 Жарлығына қол қойған болатын. Биыл ел Тәуелсіздігінің  25  жылдық мерейлі жыл қарсаңында халқымыз бұл мерекені алғаш рет тойлағалы отыр. Осыған орай  Шеңгелді ауылдық округі әкім аппаратында жоспар жасалынып, жоспарға сай округте орналасқан білім беру ордаларында «Алғыс айту» күніне байланысты барлық мектептерде сынып сағаттар өткізілді. Кітапханада  «Мәңгілік ел» - Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге арналған көрме ұйымдастырылды. «Қайрымдылық керуені» акциясы аясында Шеңгелді ауылдық округі әкім аппаратының ұйымдастырумен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен қайрымдылық шарасы ұйымдастырып. Ауыл имамы А.Әлімжанов пен Шеңгелді ауылдық округі әкім аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы Г.Қасымбаева І,ІІ топтардағы  мүмкіндігі шектеулі балаларға азық – түлік сөмкесін табыстады.
Алматы  облысы әкімдігімен 2016 жылдың 29 сәуірінде бекітілген Еңбек күнін мерекелеуге арналған жоспардың «Қайырымдылық еңбек» атты іс-шараға байлынысты, Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты тарапынан аз қамтылған отбасы Қалиасова Раушанға  25 мың теңге қайырымдылық көрсетілді.
9 мамыр «Жеңіс күні» орай Шеңгелді ауылының даңқ мемориалында гүл шоқтары қойылды. Мәдениет үйінде еңбек ардагерлеріне сыйлықтар таратылып, мерекелік дастархан жайылды. 
2016 жылғы  «Ораза айында» әкім аппараты ұйымдастыруымен «Ауыз ашар» қайырмдылық акциясы өткізілді, демеушілік көмек көрсеткен Шеңгелді ауылының шаруа қожалықтары, осы акцияға 180 округ тұрғыны қатысты.  «Ауыз ашар» рәсімі округтің барлық елді мекендерінде өтті.  Округте орналасқан мешіттер тарапынан жағдайы төмен отбасыларына ақшадай және азық-түлік  қайырылымдық көмек барлығы 200 мың теңге көлемінде көрсетілді. «Ауыз ашар» акцияның алдында Алматы қаласының Ғ.Мүсірепов  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалармен жасөспірімдер театры «Мен ұмытылмаймын» атты спектакль қойды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай Шеңгелді ауылдық округінде қайырымдылық акциясы бойынша әкім аппараты және жеке кәсіпкерлер тарапынан 9 аз қамтылған отбасыларына әр жанұяға 3 мың теңге көлемінде азық-түлік берілді.             
2016 жылы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы Шеңгелді ауылдық округінде 3 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші бағытбойынша:  Шеңгелді ауылының  жолдарына  жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында  мемлекеттік бағдарма арқылы 2 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды. Екінші бағыт: «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» Шеңгелді ауылдық округ бойынша 15 адам шағын несие алды, атап айтқанда: 3 млн теңгеге шағын несие 9 адамға (оның ішінде 5 адам мал шаруашылығына, 4 адам егін шаруашылығына) берілді. 6 млн теңгеге дейінгі шағын несие 6 адамға (мал бордақылауға) берілді. Үшінші бағыт: ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған және аз қамтылған азаматтар қатарынан қайта даярлау курстарына 3 азамат электрогазбен дәнекерлеуші, 1 адам электромантер, 1 адам шаштараз және 9 азаматша аспаз мамандықтары бойынша, 55-64 жас аралығындағы жұмыссыздар қатарынан  5 азамат автослесарь мамандығына, жалдамалы жұмысшылар қатарынан 15 азамат электрогазбен дәнекерлеуші; біліктілігін арттыру курстарына 3 азаматша аспаз мамандықтарына Қапшағай қаласының көпсалалық колледжіне оқуға курстарына жіберіліп, 14 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 2016 жылы  қоғамдық ақылы  жұмысқа 221 адам тартылды. Қоғамдық орындар, Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тас жолдың бойы тазаланып, ауылдың көшелеріне ағаштар отырғызылды, Шеңгелді өзенінің басындағы бұлақ көздері тазаланды.
Қоғамдық тәртіп пен әскери міндеттілері:
Әкімшілік құқық бұзушыларға ауызша және қағаз жүзінде ескертулер берілуде, талаптар көп жағдайда орындалады. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес жұмыстарын атқаратын негізгі мекеме - Шеңгелді полиция бөлімі. 2016 жылында округ бойынша 106 қылмыс тіркелген, бүгінгі күнге дейін 66 ашылған, қалған қылмыстарды ашу жұмыстары жүргізілуде. 
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін сапалы жасақтау барысында 2016 жылы Шенгелді ауылдық округінен Қазақстан Республикасы қарулы күштері қатарына әскерге шақыру жасындағы сақадай сай, денсаулығы мықты, сана–сезімі жоғары 13 азамат алынды.
2016 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Шеңгелді ауылдық округі әкім аппаратына түскен өтініштердің саны 119, соның ішінде жер, жерді пайдалану туралы. 117 жеке және 2 заңды тұлға. Есепті кезеңінде округ әкімі 87 өкім, соның ішінде 31 өкім жеке құрамы бойынша, 45 шешім қабылданды, 1214 нотариалдық іс әрекеттер жасалынды.
Шеңгелді ауылының әкімнің жеке қабылдауында 35 азамат қабылданды. Барлық өтініштерге заң аясында белгіленген мерзімде жауаптар берілді.
Халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жинау үшін әкім аппаратының ғимаратында арнайы жәшік орнатылған.
 2017 жылға атқарылатын міндеттерді:

  1. Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін құру;
  2. Шеңгелді ауылдық округінде ауылшаруашылық сервис-дайындау орталығын құру;
  3. Ауыл шаруашылығына тамшылатып суғарудың технологиясын пайдалану тиімді қажет екенін, алдыңғы қатарлы агрофирмалардың тәжірибелерін кеңірек пайдалану;
  4. Елді мекендердің ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  5. Елді мекендерде балалардың ойын алаңдарын салу жұмысын жүргізу;
  6.  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша округтегі тұрғын үй салуға белгіленген жерлерге инфрақұрылымдарын (жол, ауызсу, жарықтандыру) орналастыру үшін бюджеттен қаражат қарастыру;
  7. Шеңгелді ауылдық округіне тұрақты өрт сөндіру тірегін  құрамасымен және өрт сөндіру  көлікпен қамтамасыз ету қажет;

 

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .