Kapshagay.gov.kz

Шеңгелді ауылдық округі әкім аппаратының 2016 жылғы ІІІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы ЕСЕБІ

Главная



2016 жылы Шеңгелді ауылдық округінде 12572 га жер игерілді, былтырғымен салыстырғанда 72 га артқан. Оның ішінде: майбұршақ – 2737 га, картоп – 206 га, көкөністер – 2584 га егілді.

Округ бойынша 4510 бас мүйізді ірі қара, 45025 бас қой-ешкі, 1737 бас жылқы тіркелген.

Шағын бизнесте бүгінгі күні 30-дан астам жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.

Шенгелді ауылдық округінен Қазақстан Республикасы қарулы күштері қатарына әскерге шақыру жасындағы 13 азамат алынды.

2016 жылы мемлекеттік бюджеттен 9 450 млн.теңге қаражат бөлініп Кербұлақ ауылындағы қоғамдастық жиналысының шешімі бойынша орталық көшені жарықтандыру жұмыстары 25 сәуірде басталып, қыркүйек айында көшенің жарықтандыру желілері іске қосылды.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында Шенгелді ауылдық округі бойынша салық түсімдері елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 364 мың.тг, елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 331 мың.тг, жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 5 892 мың.тг, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 1 498 мың тг.

Сонымен қатар Шеңгелді ауылдық округінің жергілікті өзін-өзі басқару арнайы есеп шотына түскен 630 мың теңгенің 180 мың теңгесі көріктендіру жұмыстарына жұмсалды.

Шеңгелді ауылының Мәдениет үйінде үлкенді-кішілі 15 мерекелік іс-шаралар өткізіліп 1320 –дей тұрғын қамтылды.

2016 жылғы 9 айында Шеңгелді ауылдық округі бойынша түрлі спорттық іс шаралар өткізілді.

Округ аумағында 4 орта мектеп бар. Мектептердің материалдық жағынан қамтылуы жаман емес, компьютерлік құрал жабдықтармен толық қамтылған, барлық мектептерде Интернет жүйесі қосылған. 2016 жылы орта мектепті 23 түлек ҰБТ-ға қатысып, 95% орта балл көрсетті.

Денсаулық сақтау саласында округте 2 дәрігерлік амбулатория, 3 медпункт, 1 жедел жәрдем бөлімшесі бар. Осы мекемелерде 7 дәрігер, 2 акушер, 15 фельдшер, 13 медбике, 8 жүргізуші, 5 санитарка жұмыс жасайды.

Көктемгі-күзгі санитарлық-тазалық, абаттандыру, көгалдандыру кезінде жоспарланған жұмыс түрлері атқарылды. Санитарлық – тазалық айы бойы сенбіліктер өткізіліп тұрды.

2016 жылдың 9 айында Шеңгелді ауылдық округінде барлығы 160 иесіз қаңғыған иттер ауланды.

Әкімшілік құқық бүзушылармен ауызша және қағаз жүзінде ескертулер берілуде, талаптар көп жағдайда орындалады. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес жұмыстарын атқаратын негізгі мекеме - Шеңгелді полиция бөлімі. Полиция бөлімінің 3 штаттық бірлігі бар. 2016 жылында округ бойынша 46 қылмыс тіркелген, бүгінгі күнге дейін 32 ашылған, қалған қылмыстарды ашу жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы Шеңгелді ауылдық округінде осы бағдарлама 2 бағыт бойынша жүзеге асырылды.

Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 4 ауыл тұрғындар 11 млн несие алды.

Үшінші бағыт ағымдағы жылдың басынан 17 азамат қайта даярлау курсынан өтіп, 10 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бүгінгі күні округ аумағында 770 зейнеткер, 153 көп балалы ана, 19 «Батыр ана», І-ІІ топтағы мүгедектер -103, ІІІ топтағы мүгедектер - 77, асыраушысынан айырылған - 160 тұрғын тіркелген.

2016 жылдың 9 айында айына дейін қоғамдық жұмысқа 221 адам тартылды. Қоғамдық орындар, Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тас жолдың бойы тазаланып, ауылдың маңына ағаштармен гүлзарлар отырғызылды, Шеңгелді өзенінің басындағы бұлақ көздері тазаланды. Шеңгелді ауылының Қайнар ықшам ауданының ойық-шұңқырлары жөнделді және де басқа қоғамға пайдалы жұмыстар жасалды.

2016 жылғы «Ораза айында» әкім аппараты ұйымдастыруымен «Ауыз ашар» қайырмдылық акциясы өткізілді, демеушілік көмек көрсеткен Шеңгелді ауылының шаруа қожалықтары, осы акцияға 180 округ тұрғыны қатысты. «Ауыз ашар» рәсімі округтің барлық елді мекендерінде өтті. Округте орналасқан мешіттер тарапынан жағдайы төмен отбасыларына ақшадай және азық-түлік қайырылымдық көмек барлығы 200 мың теңге көлемінде көрсетілді.

1 қазан Дүние жүзілік қарттар және мүгедектер күні мерекесіне орай округтегі шаруа қожалықтары қарттарға бір қап пияздан таратылды.

ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Шеңгелді ауылдық округі әкім аппаратына түскен өтініштерінің саны – 100, соның ішінде жер, жерді пайдалану туралы. Есепті кезеңінде округ әкімі 67 өкім, соның ішінде 25 өкім жеке құрамы бойынша, 38 шешім қабылданды, 783 нотариалдық іс әрекеттер жасалынды.

Халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жинау үшін әкім аппаратының ғимаратында арнайы жәшік орнатылған.

 


«Шеңгелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі



"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .