freim_logo
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару   Google+   Google+

icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi
icon Әдеп жөніндегі уәкіл



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2017 Жария ету



icon Сайлау 2017
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+




 < Негiзгi
Бүгiнгi:

Қала әкімінің, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының арасында міндеттерді бөлу туралы


 


 

                    
                                                                           


Қапшағай қаласының әкімі -
Қайнарбеков Талғат Қанатұлы

Жергілікті атқарушы органға басшылық жасайды және Қапшағай қаласы мен Қапшағай өңірінің аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Республика Үкіметінің және Алматы облысы әкімінің тікелей өкілі болып табылады.
Дара басшылық ретінде іс-әрекет жасап, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда Қапшағай қаласының және Қапшағай өңірінің мүддесін қорғайды.
          Қапшағай қаласының Азаматтық және аумақтық қорғанысының бастығы болып табылады.
          Кадр саясаты, құқық қоргау органдарының жұмысы, мемлекеттік сатып алу мәселелеріне жетекшілік етеді, қаланың және өңірінің мемлекеттік органдарының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

     1. Төмендегілердің жұмысына тікелей басшылық етеді:

  1. Қала әкімінің орынбасарлары;
  2. Қала әкімі аппаратының басшысы;
  3. Ауылдық округтердің әкімдері.

     2. Төмендегілердің қызметін үйлестіреді:

  1. Қалалық ішкі істер бөлімі;
  2. Жергілікті полиция қызметі.

     3. Төмендегілермен қарым – қатынасты жүзеге асырады:
     1) Алматы облысы әкімінің аппараты;
     2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаменті;
     3) Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы;
4)  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Оңтүстік аймағы бойынша 
ауданаралық басқармасы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі);
 5)  Қалалық прокуратура;
 6) ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша Департаментінің Қапшағай қалалық
    бөлімі;

    7) Қапшағай қаласының соты;
8) Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратура;
    9) Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы;
  10) Қапшағай қаласының Қоғамдық кеңесі.

4. Төмендегілердің қызметіне жетекшілік етеді:

  1. Қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия;
  2. Қапшағай қаласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі салааралық комиссия;
  3. Қалалық бюджеттік комиссия;
  4. Қала әкімі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардабын жою жөніндегі комиссия;
  5. Тұрғын жай комиссиясы;
  6. Қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия;
  7. Қала әкімі аппаратының жетекші маманы (терроризмге қарсы комиссия

хатшысы);

  1. Қала әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия;

9)  Қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес;
    10) Қала әкімдігі жанында мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін конкурстық 
          (аукциондық) комиссия.

 

 

 

Қала әкімінің орынбасары -
Қалқабай Ахтанберді Нарматұлы

Салық саясаты, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, статистика, ауыл шаруашылығы, ветеринария және Қапшағай су қоймасының акваториясы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау, сауда, инвестицияларды тарту, инновациялар және озық технологияларды енгізу, монополияға қарсы қызмет және  бәсекелестікті қорғау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелеріне басшылық жасайды.

     1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

  1. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің, облыс әкімінің, қала әкімінің тапсырмаларының орындалуын;
  2. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, қала аумағының дамыту Бағдарламасының жүзеге асырылуын;
  3. Қаланың рейтингі, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің әкімдері рейтингтерінің көрсеткіштерін;
  4. Облыстық, сондай – ақ қалалық деңгейлерде өткізіліп жатқан мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін қадағалайды.

     2. Төмендегілердің жұмысына тікелей басшылық етеді:

  1.  «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ;
  2. «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
  3. «Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» ММ;
  4. «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі»
  5. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ;
  6. «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ;

7)  Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің әкімдері.

3. Төмендегілердің қызметтерін үйлестіреді:

  1.  «Қапшағай қаласының ветеринария станциясы» МКК.

4. Төмендегілердің қызметін басшылық етеді:

  1. Жер учаскелерін бөлуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссия;
  2. Объектілер құрылысы және қызмет көрсету үшін жер учаскелерін сату және  

жалдау құқығын беру бойынша конкурстары дайындау және өткізу комиссиясы;
3)  Эвакуациялық комиссия;
4)  Ауылдық елді мекендерде еңбек етуге және тұруға келген мамандарға
     әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
     жайындағы комиссия;
5)  Қапшағай өңірінің базарларындағы азық-түлік бағаларының жағдайына
    бақылау жасау және тұрақтандыру жөніндегі штаб;

 

6)  Қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелеріне сараптама жүргізу
     жөніндегі Кеңес;
7)  Қала әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік бірлестіктерін несиелендіру
     жөніндегі комиссия;

  1. Қапшағай қаласына инвестициялар тарту және тоқтап тұрған

кәсіпорындармен жұмыс жүргізу комиссия;
 9) Объектілер салу үшін жер учаскелерін таңдау жөніндегі арнайы комиссия;

     5. Төмендегілермен қарым – қатынасты жүзеге асырады:

  1. Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы;
  2. ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясы;
  3. ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясы;
  4. Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
  5. Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы;
  6. Балқаш-Алакөл облысаралық Балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы;
  7. ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстарын пайдалануды

реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы;

  1. Агроөнеркәсіптік бірлестіктер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін  

          өндірушілер;
     9)Ауа райын болжау қызметі;
     10)Бағбаншылық серіктестіктері;
     11)Шаруа қожалықтары;
     12)Сорғы (насос) станциялары;
     13)Барлық меншік нысанындағы қайта өндеу кәсіпорындары, ауыл  
          шаруашылығы субъектілері;
     14)Қапшағай қалалық статистика бөлімі;
 15)Өндірістік кәсіпорындар;
16)Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет кәсіпорындары,
     базарлар және қызмет көрсету саласының басқа да негізгі бағыттары; 
17)Шетел инвесторлары;
18)Автокөліктерге май құю станциялары;
19)Қара және түсті металды өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
     шаруашылық жүргізуші субъектілер;
     20) Алматы облысы кәсіпкерлік Палатасының Қапшағай қалалық филиалы;

 

     21) Алматы облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік
           инспекторы;
     22)Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының
           бас маманы (ОблМСҚБ);
      23) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық  
          емес АҚ Алматы облысы бойынша филиалының - «Халыққа қызмет
          көрсету орталығы» РМК Қапшағай қалалық  бөлімшесі, «Мүлікті
          бойынша орталығы» департаментінің Қапшағай  қалалық  бөлімшесі,
          «Жер қадастры және жылжымайтын мүлікті  техникалық тексеру»
          департаментінің Қапшағай қалалық бөлімшесі, «Әлеуметтік төлемдерді
          ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Қапшағай
          қалалық бөлімшесі.

     6. Төмендегілердің қызметін ұйымдастырады:

  1. Қалалық бюджеттік комиссиясы.

 

 

 

Қала әкімінің орынбасары –
Сүгіров Ілияс Сейтбекұлы

     Қаржы саясаты, құрылыс, төтенше жағдай және әскери жұмылдыру жұмыстары,  энергетика және  тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдары және жолаушы көлігі, телекоммуникация, жергілікті полиция, қылмыстық алдын алу бойынша оперативті жұмыс, мүлікті жекелендіру мәселелеріне басшылық жасайды.

     1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

  1. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің, облыс әкімінің, қала әкімінің тапсырмаларының орындалуын;
  2. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, қала аумағының дамыту Бағдарламасының жүзеге асырылуын;
  3. Қаланың рейтингі, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің әкімдері рейтингтерінің көрсеткіштерін;

     4) Облыстық, сондай – ақ қалалық деңгейлерде өткізіліп жатқан мемлекеттік
         органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін қадағалайды.

2. Төмендегілердің жұмысына тікелей басшылық етеді:

  1. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» ММ;
  2. «Қапшағай қаласының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ;
  3. «Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
  4. «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» ММ;
  5. Қала әкімінің әскери жұмылдыру жұмыстары, аумақтық қорғаныс және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас инспекторы.

3. Төмендегілердің қызметтерін үйлестіреді:

  1. «Қапшағай жылу» МКК;
  2. «Қапшағай Су» МКК;
  3. «Қапшағай Су Құбыры» МКК;
  4. «Қамқор» МКК;
  5. «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС;
  6. «Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ Қапшағай өңірінің құтқару бөлімшесі;
  7. Қапшағай қаласының төтенше жағдай жөніндегі бөлімі;
  8. «Алматы өңірі» жергілікті желілерге техниқалық қызмет көрсету орталығы

Қапшағай желілік-техниқалық цехы.

4. Төмендегілердің қызметін басшылық етеді:
 1)  Жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі комиссия;
 2)  Қапшағай қаласында, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің елді
     мекендерінде санитарлық тазалық жүргізу жұмыстарының барысына
     бақылау жасауды ұйымдастыру жөніндегі штаб;
3)  Жылыту кезеңіне дайындалу жөніндегі штаб.

     5. Төмендегілермен қарым – қатынасты жүзеге асырады:              
1) Қапшағай қалалық қазынашылық басқармасы;                                                  
2) Қалалық ішкі істер бөлімі;
3) Жергілікті полиция қызметі;
4) Құрылыс индустриясының кәсіпорындары;
5) Газ шаруашылығы кәсіпорындары;
6) Пәтер иелері кооперативтері;
7) Отын-энергетика қорларымен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші
    субъектілері (газ, көмір, дизельді отын, жағар мазут);
 8)Автокөлік жолын салушы және пайдаланушы әрі энергетикалық
    кәсіпорындар;
9) Қапшағай әскери гарнизоны;
10)Гараждар кооперативтері;
11)Көлік кәсіпорындары;
12)Барлық меншік түріндегі банк және қаржы мекемелері;
      13) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық  
          емес АҚ Алматы облысы бойынша филиалының - «Халыққа қызмет
          көрсету орталығы» РМК Қапшағай қалалық  бөлімшесі, «Мүлікті
          бойынша орталығы» департаментінің Қапшағай  қалалық  бөлімшесі,
          «Жер қадастры және жылжымайтын мүлікті  техникалық тексеру»
          департаментінің Қапшағай қалалық бөлімшесі, «Әлеуметтік төлемдерді
          ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Қапшағай
          қалалық бөлімшесі.

     6. Төмендегілердің қызметін ұйымдастырады:

  1. Қала әкімі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардабын жою жөніндегі комиссия;
  2. Қапшағай қаласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі салааралық комиссия;
  3. Тұрғын жай комиссиясы;
  4. Қала әкімдігі жанында мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін конкурстық 

(аукциондық) комиссия.

 

 

Қала әкімінің орынбасары -
Нұрғазиев Сағдат Шатанұлы

         Жұмыспен қамту және әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім, ішкі саясат және діни, мәдениет, тілдерді дамыту, жастар, гендерлік, демография және көші-қон саясаты,  тұтынушылар құқығын қорғау, қоғамдық денсаулықты сақтау, міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру, үкіметтік емес ұйымдар, туризм, ойын бизнесі және спорт, пошта байланысы, мұрағат және құжаттары, бұқаралық ақпарат құралдарына жазылу жөніндегі мәселелерге басшылық жасайды.

     1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

  1. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті

   Әкімшілігі мен Үкіметінің, облыс әкімінің, қала әкімінің тапсырмаларының
   орындалуын;

  1. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, қала аумағының дамыту

   бағдарламасының жүзеге асырылуын;

  1. Қаланың рейтингі, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің әкімдері

   рейтингтерінің көрсеткіштерін;

  1. Облыстық, сондай – ақ қалалық деңгейлерде өткізіліп жатқан мемлекеттік

   органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін қадағалайды.

     2. Төмендегілердің жұмысына тікелей басшылық етеді:

  1. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ;

 2) «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ;
 3) «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
 4) «Қапшағай қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ;
 5) «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
     бөлімі» ММ;
 6) «Қапшағай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту Орталығы» ММ.

 3. Төмендегілердің қызметтерін үйлестіреді:
 1) «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қапшағай қалалық ауруханасы»
      МКК;
     2) «Қапшағай қаласы әкімдігінің қалалық мәдениет үйі» ММ;
   3) «Шеңгелды ауылының мәдениет үйі» МКҚК;
   4) «Арна аулдық клубы» МКҚК;
   5) «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы» КММ;
     6)  Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі;
   7)  Пошта байланысы кәсіпорындары.

4. Төмендегілердің қызметін басшылық етеді:

  1. Қапшағай қаласы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық Үйлестіру Кеңесі;
  2. Мүгедектер ісі жөніндегі Үйлестіру Кеңесі;
  3. Ақпараттық-насихаттық топтарының жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық-насихаттық топтарының құрамын қалыптастыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесі;
  1. Азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестік жөніндегі Кеңес;
  2. Қапшағай қаласының әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі Кеңес;
  3. Қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік жөніндегі Кеңес;
  4. Қала әкімдігі жанындағы нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес, темекі тартудың алдын алу және шектеу жөніндегі комиссия;

8)  Қала әкімдігі жанындағы отбасы ісі және гендерлік саясат жөніндегі   
     комиссия;
     9)  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік 
          комиссия;
     10)Семей ядролық сынақ полигонында сынақтар жүргізу салдарынан зардап  
          шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу жөніндегі арнайы  
          комиссия;
     11)Арнайы комиссия (1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылдың 09 мамырына    
          дейінгі аралықта 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың  
          еңбек өтілін белгілеу жөнінде);
     12)Консультативтік-кеңестік орган - қылмыстық жазалар қолданатын және      
          басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын,  
          сонымен бірге қылмыстық жаза мерзімін өтеген тұлғаларға әлеуметтік  
          және өзге де көмектер ұйымдастыратын мекемелердің қызметіне  
          жәрдемдесу жөніндегі комиссия;  
     13)ҚР Қарулы Күштері қатарына жастар шақыру жөніндегі комиссия;
     14)Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау
           жөніндегі комиссия;
     15) Қаланың тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау және пайдалану
          жөніндегі комиссия;  
     16) Қапшағай қаласы бойынша өмірлік қиын жағдайдың туындауына
           байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғалардың
           (отбасылардың) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссия;
     17) Қапшағай қаласы әкімдігінің жанындағы әлеуметтік әріптестік пен
           еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі комиссия;
     18) Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында құжаттау (паспорттау)
           жүргізуді ұйымдастыруға ведомство аралық комиссия.

         5. Төмендегілермен қарым – қатынасты жүзеге асырады:
 1) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» МКҚК;
2) Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;
3) «Қапшағай қалалық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі Орталықтың Қапшағай қалалық филиалы;
5) Барлық меншік нысанындағы БАҚ;
6) Қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, қозғалыстар мен бірлестіктер,
    ұлттық-мәдени және діни бірлестіктер;
7) Туризм кәсіпорындары;
8) Ойын бизнесі саласы;
9) Алматы облыстық мұрағатының Қапшағай филиалы;
10) «Алматы облысы жастар саясаты орталығы» КММ «Қапшағай қаласының
     жастары» филиалы;

 

11)Мемлекеттік емес білім, денсаулық сақтау және мәдени мекемелері;
    12) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық  
          емес АҚ Алматы облысы бойынша филиалының - «Халыққа қызмет
          көрсету орталығы» РМК Қапшағай қалалық  бөлімшесі, «Мүлікті
          бойынша орталығы» департаментінің Қапшағай  қалалық  бөлімшесі,
          «Жер қадастры және жылжымайтын мүлікті  техникалық тексеру»
          департаментінің Қапшағай қалалық бөлімшесі, «Әлеуметтік төлемдерді
          ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Қапшағай
          қалалық бөлімшесі.

6. Төмендегілердің қызметін ұйымдастырады:

  1. Қала әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия;
  2. Қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес.

 

 

Қала әкімі аппаратының басшысы -
Қожахметов Ермек Жаманқараұлы

         Мемлекеттік органдардың әкімшілік реформаларын іске асыру, кадр саясаты, әр түрлі деңгейдегі сайлаулар мен республикалық референдумдарды ұйымдастырушылық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, «Электронды Үкімет» бағдарламасын іске асыру мәселелерін шешеді.
         Қала әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және бағыт береді. Жоғарғы органдардың, қала әкімі мен әкімдіктің нормативтік актілерін уақытылы және сапалы орындауға байланысты мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді. Құпия іс-қағаздарын, әскерилердің есебін және оларға брон жасау мәселелерін жүргізу бақылауды жүзеге асырады.

     1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

  1. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің, облыс әкімінің, қала әкімінің тапсырмаларының орындалуын;
  2. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, қала аумағының дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын;
  3. Қаланың рейтингі, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің әкімдері рейтингтерінің көрсеткіштерін;
  4. Облыстық, сондай – ақ қалалық деңгейлерде өткізіліп жатқан мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін қадағалайды.

     2. Төмендегілердің жұмысына тікелей басшылық етеді:

  1. Бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімі;
  2. Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі;
  3. Жалпы бөлім;
  4. Заң, мемлекеттік-құқықтық бөлімі;
  5. Қала әкімінің әскери жұмылдыру жұмыстары, аумақтық қорғаныс және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас инспекторы;
  6. Бас маман-бас есепші;
  7. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

конкурстык іріктеуді жүзеге асыру жөніндегі бірыңғай конкурстык комиссия;

  1. Қала әкімі аппаратының, Заречный мен Шеңгелді ауылдық округтерінің әкімдері аппараттарының және қалалық бөлімдердің бірыңғай тәртіптік комиссиясы;
  2. «Б» корпусының (Е, E-R, E-G саннатары)  әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің және қала әкімі аппаратының азаматтық  қызметшілерінің мемлекеттік қызмет өтілін анықтау бойынша комиссия;

10)Қала әкімі аппаратының, Заречный мен Шеңгелді ауылдық округтерінің
әкімдері аппараттарының «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің бағалау бойынша комиссия;
11)Қала әкімі жанындағы награда жөніндегі комиссия;
12)«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  тұрғын үй
     комиссиясы;

13) «Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жеке
       еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы;
 14) Азаматтық және техникалық қызметшілер құрамы.

3. Төмендегілердің қызметтерін үйлестіреді:

  1. Жоғарғы органдар және қалалық мәслихат;
  2. Қала әкімдігінің бөлімдері;
  3. Заречный және Шеңгелді ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары;
  4. Қалалық әділет басқармасы;
  5. Нотариалдық кеңселер.

      6)  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық  
          емес АҚ Алматы облысы бойынша филиалының - «Халыққа қызмет
          көрсету орталығы» РМК Қапшағай қалалық  бөлімшесі, «Мүлікті
          бойынша орталығы» департаментінің Қапшағай  қалалық  бөлімшесі,
          «Жер қадастры және жылжымайтын мүлікті  техникалық тексеру»
          департаментінің Қапшағай қалалық бөлімшесі, «Әлеуметтік төлемдерді
          ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Қапшағай
          қалалық бөлімшесі.

4. Төмендегілердің қызметін ұйымдастырады:

  1. Қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі комиссия;
  2. Қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия;

3)  Қала әкімі аппаратының жетекші маманы (терроризмге қарсы комиссия
     хатшысы).

 

Қала әкімі орынбасарлары мен аппарат басшысының еңбек демалысы, оқу, сырқаттану және ұзақ іссапарлар кезінде бірін-бірі алмастыру реті:
                 
Қала әкімі Т.Қ. Қайнарбеков болмаған жағдайда оның міндеттері қала әкімінің орынбасары А.Н. Қалқабайға жүктеледі.
Қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының арасында төмендегідей бірін-бірі алмастыру реті белгіленеді:
Қалқабай А.Н.                  -           Сүгіров І.С.
Сүгіров І.С.              -          Қалқабай А.Н.
Нұрғазиев С.Ш.        -         Қожахметов Е.Ж.
Қожахметов Е.Ж.      -          Нұрғазиев С.Ш.

 

Қала әкімі аппаратының
басшысы                                                                                     Е.Қожахметов

 

ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros

opros


Құрметті Қапшағай қаласының кәсіпкерлері!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қалалық «Жомарт Жүрек»  демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер арасында конкурс  жарияланады.
Конкурс келесі критерийлер бойынша өткізіледі: демеушілік көмекке қомақты қаражаттың жұмсалуы, әлеуметтік маңызы бар ғимараттар салу, демеушілік көмектің бірнеше мәрте жасалуы, туған жерінің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуы.
Конкурсқа қатысу үшін «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  Қапшағай қаласы , Жамбыл көшесі 13,  303 кабинетке жүгінуіңіз тиіс.
Байланыс телефоны: 8/72772/44677.

/ 24.11.2017/

obyav

   Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады? «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар>>>

/ 20.11.2017/

obyav

   Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға осы айда келіп түскен қызықты да маңызды сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз.>>>

/ 20.10.2017/

obyav

      Кәсіпкерлер назарына! «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ-мен ағымдағы жылдың 13-15 қарашасында Татарстан Республикасы Қазан қаласында сауда миссиясын өткізу жоспарланған.
       Осыған байланысты аталған шараға қызығушылық танытқан жағдайда толық ақпаратты «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ мамандарынан 8/7172/620-538 телефон арқылы алуға болады.

/ 16.10.2017/

obyav

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша жұмыс орындарын құрушыларға 2018 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына өтінімдерді қабылдайтынын хабарлайды. Өтінімдер 2017 жылдың 01 қарашасына дейін, белгіленген қосымшаның формасы бойынша қабылданады. Біздің мекен-жайымыз: Қапшағай қаласы, 1 ы/аудан, 41 үй, БО «Байтерек», 2 – 3 офистері. Тел: 8(72772) 40781; эл.адрес: kcenter_zan@mail.ru

«Қапшағай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Р.Ахметова

/ 05.10.2017/

obyav

2017 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 17-00-де әкімдіктің кіші залында Қапшағай өңіріндегі инвестициялық мүмкіндіктері мәселесі бойынша семинар өтеді. Семинарда бизнес субъектілеріне несие беру, кепілдеу және тағы басқа бизнесті қолдау түрлері бойынша сұрақтар талқыланады.

Семинарға барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Байланыс телефоны «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі 8/72772/44677. >>>

/ 21.09.2017/

obyav

   Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер... Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5 сұраққа жауаптар әзірледі. >>>

/ 23.08.2017/

obyav

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!!!

   2017 жылдың 25 шілде күні түңгі сағат 23.00-ден бастап қала бойынша жасыл желектерді зиянкестерден улау жұмыстары жүргізіледі. Осы себепті уланып қалмау қаупіне байланысты есік-терезелеріңізді жауып қойыңыздар.

/ 25.07.2017/

obyav

   Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары өзара оңтайлы үйлестірілген. Бірінші деңгей – бұл ортақ зейнетақы жүйесі. Онда зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджетте >>>

/ 24.07.2017/

obyav

   Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайында жиі қойылатын сұрақтар қамтылған. >>>

/ 24.07.2017/

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде