freim_logo карта сайта написать РК
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару   Google+   Google+

icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi
icon Әдеп жөніндегі уәкіл



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2017 Жария ету



icon Сайлау 2017
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана


 < Негiзгi
Бүгiнгi:

  Негiзгi оқиғалар


 

2009 жылғы Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2010 жылғы
міндеттер туралы қала әкімі Н.А.Таубаевтың


ЕСЕБІ


Қадірлі ағайын!
Құрметті қапшағайлықтар!

       2009 жылғы Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі мерзімге арналған әлеуметтік –экономикалық даму Жоспарына, «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына, экономиканы және қаржылық жүйені тұрақтандыру жөніндегі Қапшағай қаласы әкімдігінің 2009-2010 жылдарға арналған іс-әрекет жоспарын және «Жол картасын» орындау жөніндегі іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылды.

 

       Дағдарысқа қарсы шараларды орындау барысында 2009 жылы айтарлықтай істер атқарылып, нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінен басқа негізгі экономикалық көрсеткіштердің барлығы да тұрақтанды.

       2009 жылғы Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

       Салықтық төлемдердің сомасы болжамды 3222,0 млн.теңгенің орнына 4193,0 млн.теңгені құрады. Жергілікті бюджет болжамы 135,9 %, республикалық бюджет болжамы - 125,9 % құрады.

       Ағымдағы жылы өнеркәсіптік өнімдер өндірудің көлемі 15,8 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,9 млрд.теңгеге төмен. Атап айтқанда, жыл басындағы тұрып қалуға байланысты «Кнауф Гипс Қапшағай» және Қапшағай ГЭС-і кәсіпорындары былтырғыдан аз мөлшерде өнім өндірді.Өнімнің негізгі аз мөлшерде өндірілуі негізінен «Трансстроймост» АҚ бойынша орын алды, яғни құрылыс –жабдықтау жұмыстары 2,7 млрд.теңгені, ал қосалқы шаруашылық жұмыстары 2008 жылдың 11 айында 3,6 млрд.теңгені құраған болса, ағымдағы  жылы бұл көрсеткіш тек 907 млн.теңгені  құрады.

       2009 жылы белгіленген кесте бойынша жаңа өнеркәсіптік өндірістер ішінен жеңіл полистиролдардан жылу плиталарын шығаратын зауыттың бірінші  кезегі, яғни «Пеноплэкс» ЖШС ашылып, 74 адамды жаңа жұмыс орындарымен қамтыды.Арна ауылындағы өндірістік  зонада балық өнімдерін өңдейтін жаңа “Iag Trade” ЖШС іске қосылып, 100 жаңа жұмыс орыны ашылды. Барлығы өндірістік кәсіпорындар бойынша жаңа 206 жұмыс іске қосылды.

       Болжамды 12,5 млрд.теңгенің орнына жыл басынан бері негізгі капиталға 12,7 млрд.теңге инвестиция тартылды. Жыл аяғына дейін тартылатын инвестицияның көлемі 13,0 млрд.теңгені құрайды деп күтілуде. Арна ауылындағы балық өңдеу кешенінің құрылысына 1,4 млрд.теңге, «Пеноплэкс» ЖШС құрылысына 577,5 млн.теңге, ойын бизнесі объектілері  бойынша - 2,0 млрд.теңге  инвестиция тартылды. Қапшағай қаласының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жобасы бойынша «АЗОК» ЖШС жанынан базальтты волокна шығаратын завод салу үшін 2,0 млрд.теңге инвестиция  тарту көзделген болатын.Алайда, қаржы  бөлінбеуіне  байланысты құрылыс басталған жоқ. «Пеноплэкс» ЖШС құрылысына 1,0 млрд.теңге инвестиция тарту көзделген. Іс жүзінде 2009 жылы заводтың бірінші кезеңі ғана іске қосылып, оған 577,5 млн.теңге инвестиция  тартылды. Сондай-ақ, Арна ауылының өндірістік зонасында заводтар салу  үшін 2,1 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланған. Алайда, өнідірстік аймақта электроэнергиясының жетіспеушілігіне байланысты электр подстанцияларының жабдықтарын шығаратын завод- «Электрощит» ЖШС ғана салынуда.

       2009 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 2008 жылға қарағанда 738 гектарға өсіп, барлығы 11250 гектарды құраған. Дәнді дақылдар көлемі 140 гектарға өсіп, 2009 жылы майлы дақылдар 2095 гектар алаңға егілді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер барлық көктемгі егістік, жазғы күтім жұмыстарын және күзгі егін жинау  шараларын берілген агротехникалық ұсыныстарға орай дер кезінде және сапалы түрде өткізді. Алаңы 1200 гектар күзгі егістік алқабы жыртылды. Өңірдегі шаруашылықтардың техникалық тұрғыда жабдықталулары да жақсартылды. 2009 жылдың болжамды көрсеткіштері барлық ауыл шаруашылығы саласы бойынша орындалды.

       Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несие беру үшін құрылған «Қапшағай» ЖШС ағымдағы жылы Шеңгелді ауылдық округінің 20 шаруашылық қожалықтарына 50 млн.теңге көлемінде несие бөлді. Бұған қоса «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» жүйесі арқылы Шеңгелді ауылдық округінің 15 несие алушылары 6,0 млн.теңге сомасында және Заречный ауылдық округінің 3 несие алушысы 1,2 млн.теңге сомасында қаржы алды.               Ағымдағы жылдың 5 –ші қыркүйегінен бастап әр сенбі сайын қалада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Аталған уақыт ішінде жалпы сомасы 21,7 млн.теңгелік ауыл шаруашылық өнімдері әкелініп, сатылды.

       2009 жылы шағын және орта бизнес көрсеткіштері өткен жылғыдан анағұрлым арта түскен. Жалпы салықтық түсімдердің ішіндегі шағын бизнес үлесі 2008 жылғы 18,7 пайызға қарағанда биыл 39,0 пайызды құрады. Жыл басынан бері 23 сауда және қызмет көрсету объектілері іске қосылып, онда 1910 жаңа жұмыс орындары ашылған. Жаңадан ашылған 23 объектінің ішінде 10-ы ойын бизнесі мекемелері. Ашылған казинолар: «Фламинго», «Зодиак», «Принц», «Орион», «Сан-Сити», «Riviera ciub» қонақ үй сауықтыру кешені және «Assorti» демалыс орталығы. Тек осыларда ғана 1500 жаңа жұмыс орыны ашылған.

       Құрылыс саласы бойынша, яғни жыл басынан бері 23,3 мың шаршы метр тұрғын жай салынған. 30 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің және 8 пәтерлік жалдамалы тұрғын үйдің құрылыстары аяқталуға таяу. Жеке тұрғын үй салу есебінен жаңа 195 тұрғын үй іске қосылған. Кәсіпорындардың өз қаржыларына қатысты 186 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

       Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының негізгі міндеттері елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және оларды санитарлық тазалықта  ұстау болып табылады. Ағымдағы  жылы 3,3 мың ағаштың бұтақтары кесіліп, қысқартылды, 51,6 ағаштың түбірі ақталып, 17,1 мың шаршы метр әсемдік гүлдері көмкерілді. Бұған қоса 3,7 жасыл желектердің және 70,0 мың гүлдер тұқымының тамырлары отырғызылды. 4,1 мың куб.метр тұрмыстық және құрылыс қалдықтары мен сыпырындылары жинақталып, тасымалданды. 56 жаңа урналар мен 7 скамейкалар орнатылды. Бұрынғы 50 скамейка жөнделіп, боялды. Бұған қоса жолдан жолаушылар өтетін жерлер мен көше жарықтандыру желілерінің таяныштары да боялған. Елді мекендерді көріктендіру жөніндегі жоспарлы іс-шаралардың барлығы да  дер кезінде орындалды.

       Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасуға ықпал ету  жайында 2292 адам жүгінген болса, олардың 2329 – ы жұмыспен қамтылған, яғни жұмыспен қамту деңгейі 102,0 пайызды құрады. Азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту еңбек нарығын реттейтін, яғни адамдарды уақытша жұмыспен қамтудың реттеуші шарасы болып табылады. Жыл басынан бері 22 түрлі ақылы қоғамдық жұмысқа 488 адам тартылды. Кәсіби даярлыққа, қайта  оқытуға және біліктілігін арттыруға 156 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 38 адам жіберілді. 2009 жылы өңір бойынша барлығы 2538  адам тұрақты жұмыс орынымен және 3145 адам уақытша  жұмыс орындарымен қамтылды.

       Кедейлік деңгейінен төмен тұратын 729 адамға 11,4 млн.теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 1304 балаға 12,2 млн.теңге мөлшерінде мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді. 25,3 млн.теңгелік тұрғын жай көмегін 1567 отбасы алды. Ауылдық жерлерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласы мекемелерінің 302 қызметкерлеріне отын сатып алу үшін 2,0 млн.теңге сомасында  әлеуметтік көмек көрсетілген.Жеке қосалқы шаруашылығын дамыту және өзінің жеке ісін ашу үшін 25 отбасының әрқайсысына 200,0 мың.теңге беру ретімен барлығы 4,9 млн.теңге бөлінді.

       009 жылы әлеуметтік қорғау жолымен 17 санаториялық жолдама, 6 қол арбасы алынып, 4 адамға протездік –ортопедиялық құрал берілді.

       Денсаулық сақтау саласы бойынша, яғни 2008 жылдан бері қалалық аурухана кешеніне сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда бұл жұмысқа 2008 жылы 84,8 млн.теңге, 2009 жылы -173,3 млн.теңге бөлінген болса, 2010 жылға 156,6 млн.теңге бөліну көзделуде. Аталған жұмысты жүргізу барысында барлық жылу беру және сумен қамтамасыз ету жүйелері толық ауыстырылуы тиіс. Аурухананың ғимараты сәулеттік тұрғыда жаңаша абаттандырылатын болады. 2009 жылы қалалық аурухананың техникалық тұрғыда жабдықталуы да, жақсарылды. Бұған қоса жаңа қазіргі заман аппаратуралары алынды, олар: спирограф, өкпеге сырттай жел беру аппараты, жаңа туған сәбилер мен балаларға арналған арнайы жинақтар, комплектідегі 12-каналдық электрокардиограф, облыс бойынша жалғыз эхоэнцефалографиялық зерттеуге арналған «Сономед-315» комплексі.        Осы жылдың қараша айында Заречный ауылында дәріхана ашылды. Заречный ауылындағы қоғамдық Кеңес ықпалымен «КнауфГипсҚапшағай» ЖШС ауылдық дәрігерлік амбулаторияның шатырын жөндеу жұмыстарына көмек көрсетсе, «ХенкельБаутечникҚазақстан» ЖШС және ЛА-152/12 түзету мекемесі амбулатория ғимаратының ішкі жөндеу жұмыстарына көмек көрсетті. Заречный ауылында емдеу амбулаториясының ғимаратын салу үшін 2011 жылы 140,0 млн.теңге бөлу жоспарлануда.   

       Қапшағай өңірінде 29 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Жалпы білім беру мектептерінде 8327, ал кешкі – ауыспалы мекетептерінде 410 оқушы білім алады.

       Білім беру мекемелері 2008-2009 оқу жылын өте жоғары нәтижемен аяқтады. Бірыңғай ұлттық тест (БҰТ) қорытындысы бойынша біздің  оқушылар облыстағы ең жоғары көрсеткіш 83,7 пайызға қол жеткізді. 2008 жылы БҰТ 74,0 пайызды құраған болатын. Қаланың және өңірдің барлық мектептері Интернет локалдық желісіне қосылған. Мектептерде 27 интерактивті тақталар, 4 мультимедиялық бөлмелер және 503 компьютерлер орналастырылған. Нәтижесінде, 2008 жылы әр 25 оқушыға 1 компьютерден келген болса, биыл әрбір 16 оқушы жеке компьютер пайдалануға мүмкіндік  алды.

       2009 жылғы республикалық олимпиадалық жарыстың қорытындысы  бойынша Қуатжан Ернұр Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университитетінің Грантын иеленді. Грекияда өткен халықаралық олимпиада сайысында 4 оқушы өздерінің ғылыми жобаларын алтын медальмен қорғады. №2 гимназияның бір түлегі «FLEX», «ХХІ ғасыр лидері» бағдарламасы  бойынша Америка Құрама Штаттарында білім алуда. 3 оқушы «Болашақ» бағдарламасына сәйкес Жаңа Зеландия және Англияда білімдерін жетілдіруде.

       Өңірде 838 балаларды қамтыған 5 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері жұмыс істесе, оның ішінде 230 жас жеткіншектер мемлекеттік тілде тәрбиленуде. 2009 жылы Қапшағай қаласында және Шеңгелді  ауылында 2 мектеп жасына дейінгі мекеме іске қосылған. Мектеп жасына дейінгі мекемелерге орналасу сұраныстарын қанағаттандыру  мақсатында мектептер жанынан 4 шағын орталықтар ашылды, онда 289 бала  тәрбиеленуде.

       Ағымдағы жылы төрт мектептің жылу жүйелеріне күрделі жөндеу  жүргізіліп, Заречный ауылындағы №12 бастауыш мектебінің ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу  жұмыстары жалғастырылуда.

       Тұрғындардың мәдени - көпшілік демалыстарын ұйымдастыру  мақсатында  өңірде төрт мәдениет мекемелері, яғни екі мәдениет үйі және  екі  кітапхана  жұмыс істейді.

       Әр жыл сайын мәдениет мекемелерін қаржыландыру көлемі өсе түсуде. Ағымдағы жылы Қапшағай қаласындағы мәдениет үйіне 1,5 млн.теңге  бөлініп, оған дыбысты күшейту аппараты, ұлттық киімдер, компьютер және  жиһаз сатып алынды.Мәдениет үйлеріне күрделі  жөндеу жүргізу 2010 жылға  жоспарланған. Ағымдағы  жылы 46 мәдени – бұқаралық шаралар өткізілді. 2012 жылға дейінгі мерзімге арналған өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму  жоспарына сәйкес балалар кітапханасын, екі  клуб, өңір мұражайын ашу және қалалық кітапхана үшін РАБИС бағдарламасын енгізу жоспарланған.

       Мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге қатысты барлық жағдайлар жасалынған. 2007 жылдың шілде  айынан бастап қалада мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.

       Өңір мен қаладағы мемлекеттік тілді қолданудың және дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына  сәйкес Қапшағай  қаласында және өңірде өндірілетін өнімдердегі этикеткалардың тіл заңдылығына сәйкес рәсімделуіне байланысты көптеген тексерулер жүргізілді.

       Біздің өңірде  салауатты өмір сүру қағидаларын насихаттауға байланысты айтарлықтай істер атқарылуда. Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатындардың саны тұрақты түрде өсе түсуде. Өңірде спорттың 34 түрі бойынша шұғылданатын 286 спорт секциялары  жұмыс істейді. Бұл секцияларда  3960 адам қатысады. Спорттық – бұқаралық шаралар 2008 жылғы 50-ден 74-ке дейін өсті. 2009 жылы 5 спорт шебері, 10 спорт шеберлігіне кандидаттар, 24 бірінші разрядты спортсмендер дайындалды. Халықаралық жарыстарда 8, республикалық және облыстық жарыстарда 78 медаль иелендік, олардың ішінде: 25-алтын, 35 – күміс және 23 қола медалі. Жыл басынан бері салауатты  өмір салтын уағыздауға  байланысты «дөңгелек үстел», семинарлар, кеңестер мен конкурстер сынды 64 күрделі спорттық шаралар өткізілді.

       2Ағымдағы жылдың 11 айында ҚІІБ бойынша құқықтық тәртіппке қатысты шараларды жүзеге асыру барысында 398 қылмыстық  іс тіркелсе, оның ішінде 327-сі жалпы қылмыстық істер. Аталған кезең ішінде өткен жылғы осы уақытта жасалған кәмілетке толмағандар арасындағы 10 қылмыстық іс 5-ке дейін азайды. Жалпы қылмыстық істердің ашылуы 60,9 % құрады, алайда бұл өткен жылғыдан 60,8 % төмен. Ішкі істер бөлімінің алдында қылмыстық істердің ашылуын жақсару жөнінде нақты міндет қойылды.

       2009 жылы «Жол картасын» жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 708,8 млн.теңге мөлшерінде қаржы бөлу көзделген. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 447,1 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 260,4 млн.теңге және қалалық бюджеттен - 1,3 млн.теңге. Канализациялық – насосты жөндеуге 197,3 млн.теңге, бу қазандығы мен жылу беру жүйесін жөндеуге - 341,1 млн.теңге, жол жөндеуге - 23,5 млн.теңге және Арна ауылының көшелерін жарықтандыруға – 20,6 млн.теңге, Сейфулин көшесін су жүйелерін жаңартуға - 25,0 млн.теңге, Су «Құбыры» электр беру линияларын жөндеуге – 16,4 екі мектептің жылу жүйесін жөндеуге (Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп және Қапшағай қаласындағы Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі) 39,9 млн.теңге бөлінген. «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен әлеуметтік қорғау мақсатында жастардың жұмыс тәжірбиесінен өту бағдарламасы бойынша 13,5 млн.теңге және әлеуметтік жұмыс орындарын сақтау үшін - 31,5 млн.теңге бөлінді.

       Барлық бағдарламалар бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп, бөлінген бюджеттік қаржылар толық игерілді.

        Қала мен өңірдегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда негізсіз жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау мақсатында меморандумдарға қол қою  жұмыстары жүргізілді. 2009 жылы ірі кәсіпорындармен 4 меморандум, орта кәсіпорындарымен 27 және шағын кәсіпорынмен 1 шартқа қол қойылды. 369 кәсіпорындарда ұжымдық шартқа қол қойылды.

       «Демеу» еңбекке орналасуға ықпал ету жөніндегі орталыққа жыл басынан бері 1141 жұмыссыз азаматтар жүгінген болса, олардың 871-і жұмыспен қамтылды («Жол картасы» бойынша).

       №20 кәсіби мектебінде «Жол картасына» сәйкес 277 адам кәсіби даярлықтан өтті. 171 жас мамандар жұмыс тәжірбиесінен өту үшін кәсіпорындарға жіберілсе, 350 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.

       2009 жылы Қапшағай қаласы үшін қарбаластық жағдайда өтті. Өнеркісіп өндірісінің көлемі біршама азайды, алайда жыл аяғына қарай кәсіпорындардың өндірістік қуатын толық сақтап қалуға қол жеткізді. Бюджеттік және әлеуметтік салаларда көзделген жоспарлы шаралардың барлығы да толық орындалды.  

       Қапшағай қаласының 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 2009 жылғы қол жеткізілген көрсеткіштерден анағұрлым жоғары болжануда.

       Өнеркәсіптік өндірістердің, құрылыс – жабдықтау жұмыстарының көлемін арттыру және негізгі капиталға инвестиция тарту үшін Қапшағай  қаласындағы, Заречный және Шеңгелді ауылдарындағы индустриалдық- өндірістік аймақтарды одан әрі дамыту жұмыстары жалғастырылатын болады. Өндірістік кәсіпорындар үшін арнайы  бөлінген жер учаскелері тек өңірдегі жағдайды тұрақтандырып қана қоймай, өнеркәсіп көлемінің өсуі мен халықтың материалдық әлауқатының жақсара түсуіне де ықпал етеді.

       2010 жылы Заречный ауылындағы электрподстанцияларының жарықтарын шығаратын завод - «Электрощит» ЖШС-нің және металл конструкцияларын шығаратын завод- “Ilno group” ЖШС-ның құрылыстары аяқталады. Жеңіл полистролдардан жылу плиталарын шығаратын завод – «Пеноплэкс» ЖШС-ның екінші кезеңін іске қосу жоспарланған. Арна ауылындағы “IAG Trade” ЖШС жанынан көкөніс өңдейтін цех ашылады. «Парантал Қазақстан» ЖШС-ның фармацевтикалық өнім шығаратын заводының құрылысы басталды, бірінші кезеңін іске қосу да көзделген.Осындай жаңа кәсіпорындарды іске қосудың нәтижесінде өнеркәсіптік өнімдердің көлемі 19,0 млрд.теңгеге өсіп, жаңа 300 жұмыс орындары ашылатын болады.Негізгі капиталға тартылатын инвестицияның көлемі 19,4 млрд. теңгеден кем болмайды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жүргізілетін жұмыстар жалғастырылады, бұл мақсатта 612,6 млн.теңге бөлінген. Осы «Жол картасы» шеңберінде «ҚапшағайЖылу» МКК химиялық су тазалау құбыры мен жылыту қазандығын ауыстыру, бес шағын аудандардың үй аймақтарын көріктендіру, Көпірқұрлысшылары, Мұқанов, Космановтар, Жаңалық көшелерін және қалалық аурухана аумағын жарықтандыру, ішкі қалалық жолдар мен көшелерді жөндеу сынды жұмыстарды жүзеге асыру көзделген. Шеңгелді ауылын көріктендіруге және көгалдандыруға 137,0 млн.теңге бөлінді. Қаладағы балалар шығармашылығы Орталығына күрделі жөндеу жүргізіліп, Заречный ауылындағы №12 орта мектептегі күрделі жөндеу жұмысы аяқталатын болады.

       2010 жылы ауыл шаруашылығының егістік алқабы 313 гектарға өсіп, барлығы 11553 гектарды құрайтын болады. Нәтижесінде 4423,1 млн.теңге сомасындағы ауыл шаруашылығы өнімін алу көзделуде.

       2010 жылғы бюджет жобасында 1-ші шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақысын 25 %-ке қаржыландыру ескерілген. Сондай-ақ қалалық бюджет қаржысы есебінен Қапшағай қаласындағы және Шеңгелді ауылындағы мәдениет үйлеріне 222,4 млн.теңгелік күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 3 мектептің шатырын жөндеуге 36,5 млн.теңге бөлінген. Қапшағай  қаласындағы ауыз су құбырын жөндеуге 50,0 млн.теңге, ал Шеңгелді ауылындағы су құбырын қайта жаңартуға және жөндеуге 142,3 млн.теңге бөлу қарастырылған. 2009 жылға қарағанда қалалық бюджет шығысы 1,4 млрд.теңгеге өсіп, 4,3 млрд.теңгені құрайтын болады. 2010 жылғы жоспарланған шараларды жүзеге асыру бюджеттік қаржыларды толық және тиімді пайдалану сынды үлкен міндеттер қояды.

       2009 жылдың қаңтар айында бекітілген кестеге сәйкес қала әкімінің Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтері тұрғындарының алдында есеп беру кездесулері өткізілді.Кездесулер барысында 36 мәселе көтерілген болатын, олардың барлығы да іс – шаралар жоспарына енгізілген болса, бүгінгі күні олардың 30-ы толық шешіліп, 6-уына қатысты мәселелерді шешу 2010 жылы жалғастырылатын болады. Бұл мәселелер:

   - Қосқұдық станциясы мен Ақөзек ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету;
   - «Мостотряд-25» кентінің инженерлік желілерін «СуҚұбыры» МКК балансысына тапсыру;
   - мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық –педагогикалық оңалту орталығана жеке жай беру;
   - қалалық паркке мәртебе беру;
   - балалар шығармашылығы орталығына күрделі жөндеу жүргізу.

       Қала және ауылдық елді мекендер тұрғындары көп жылдардан бері көтеріп келе жатқан мәселелерді шешу үшін 2009 жылы жүйелі жұмыстар атқарылды.

       Атап айтқанда, қалалық су құбыры желілерін және насос станцияларын ауыстыру жөніндегі мәселелер бойынша аталған объектілердің магистралдық сызбасы әзірленіп, «Жол картасы» шеңберінде жылу беру жүйелері мен бу қазандығы жабдықтарын жөндеуге 388,8 млн.теңге, қалалық сегіз канализациялық насос станцияларына күрделі жөндеу жүргізуге 214,0 млн.теңге жұмсалды.

       Тұрғындардың өтініші бойынша Абай және Көпірқұрылысшылары көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылып, жол белгілерін орналастыру да талаптарға сәйкес жүргізілді.

       Тұрғындардың сұраныстарын ескере отырып қалалық автобустардың бағыттары өзгертілді және жаңа 5 автобус сатып алынды.

       Ағымдағы жылдың ақпан айында цифрлы АТС орнатылуына байланысты тұрғындардың сымсыз телефон орнату жөніндегі өтініштері толығымен оң шешілді.

       Қоғамдық мал жаю үшін мал жайылымына қосымша жер бөлу жөніндегі мәселе де толық шешілді. Шеңгелді, Кербұлақ және Сарыбұлақ ауылдарында мал жайылымы үшін жалпы алаңы 6,0 мың гектар жер бөлінген.

       Кербұлақ және Сарыбұлақ ауылдарында су құбырын жүргізу құрылысы аяқталды.Шеңгелді ауылындағы су құбыры жұмысын аяқтау үшін 64,4 млн.теңге игерілді.Осы жұмысты толығымен аяқтау үшін 2010 жылға 35,0 млн.теңге бөлу ескерілген.

       Қала әкімдігінің ұсынысы бойынша 2010 жылы бюджеттен мәдениет үйінің объектілерін жөндеу үшін 87,4 млн.теңге және Шеңгелді ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 135,0 млн.теңге бөлінбекші.

       Қапшағай қаласындағы колледждерде оқитын, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан студенттерге материалдық көмек көрсету мақсатында 3 студенттке Алматы облысы әкімінің гранты бөлінді.

       Жас мамандарды тұрғын жаймен қамтамасыз ету мақсатында биыл 30 пәтерлі несиелік үйді және 8 пәтерлік жалдамалы үйді іске қосу көзделген. Қазіргі кезде ипотекалық тұрғын жай алу үшін мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттік коммуналдық және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің, сондай-ақ жас отбасыларының тізімі жасақталуда.

       Қала әкімінің есепті кездесулері кезінде түскен барлық мәселелер бойынша өтініш иелеріне түсініктеме беріліп, оларға жазбаша жауап жіберілді.

       Қазақстан Республикасының Президентімен болған «Тікелей байланыс» кезінде көтерілген мәселелерді шұғыл шешуді және өтініш иелеріне жедел жауап беруді ұйымдастыруға қатысты Қапшағай қаласы әкімдігінің тарапынан нақты шаралар жүзеге асырылды.

       «Тікелей байланыс» кезінде Қапшағай тұрғындарынан 66 ұсыныс түскен.Олардың дер кезінде және сапалы қаралуы қала әкімінің қатаң қадағалуына алынды.Түскен 66 өтініштердің 60-сы бойынша жедел қанағаттанарлық шешім қабылданды, 1 өтініш бойынша факт анықталған жоқ, 5 өтініш бойынша мәселе сотта қаралуда. Түскен өтініштерді талдау нәтижесі көтерілген мәселелердің деншілігі тұрғын - жай коммуналдық сипатта екендігін және осы мәселені мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен шешу мәселелері екендіктерін көрсетті. Жауап берілген өтініштердің барлығы да Қапшағай қаласы әкімінің веб-сайытында орналастырылды. Қазақстан Республикасының Президентімен болған «Тікелей байланыс» кезінде түскен азаматтардың өтініштерін қарау жұмысы дер кезінде аяқталды. 

Қала әкімі              Н.Таубаев

ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros


 

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+



Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде