freim_logo карта сайта написать РК
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару   Google+   Google+

icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi
icon Әдеп жөніндегі уәкіл



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2017 Жария ету



icon Сайлау 2017
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана


 < Негiзгi
Бүгiнгi:

  Негiзгi оқиғалар


 

«Қапшағай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
жөніндегі  орта мерзімді жоспарының 2008 жылғы орындалу
қорытындысы және 2009 жылғы міндеттері туралы»
Қапшағай қаласының әкімі Н.А.Таубаевтың


ЕСЕБІ


Қадірлі ағайын!
Құрметті қапшағайлықтар!

       Қала әкімдігі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, «Қазақстан-2030» Стратегиясы мен Алматы облысының 2008-2010 жылдарда арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын үнемі басшылыққа алып келеді. Сондықтан, өткен 2008 жылы жүргізілген мақсатты жұмыстардың нәтижесінде өңір экономикасы барлық  салалар бойынша едәуір өрістеді. Жыл қорытындысы бойынша салық пен бюджетке төленетін төлемдердің болжамды көрсеткіштері 103,3 %-ке орындалып, 3,5 млрд. теңгені құрады.

 

       Әрине, 2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына да айтарлықтай әсер етті. Оның қазіргі сипатын өздеріңіз, әсіресе, өнеркәсіп кәсіпорындарының тынысынан айқын сезе бастадыңыздар. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі, Қаржы нарығы мен  қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі  экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандырудың 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын белгіледі.
Осы жоспар бойынша 2007 жылдың күзінен бастап мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 млрд. теңге бөлінді.

       Шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд.теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 135 млрд.теңге жіберілді.

       Үкімет әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен қалыптастырды. Осы кезеңдегі бюджет кірістері мұнайдың бір баррелі үшін 60 АҚШ долларындағы әлемдік бағасын негізге ала отырып есептелген. Үкімет орта мерзімді кезеңде фиксалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерін түзетті. 2009 жылы бюджет кірістері мұнайдың әлемдік бағасының бір баррелі үшін 40 АҚШ долларына төмендеуін ескере отырып нақтыланды. Басымды емес шығыстар қысқартылды. Бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру кейінге қалдырылды. Алайда, әлеуметтік шығыстар қысқартылмайтын болды. Бұл, әрине, мемлекеттің халыққа ерекше қамқорлықпен қарап отырғанының айғағы.

       Алдағы уақытта, атап айтқанда,  2009-2010 жылдарғы республикалық бюджет тапшылығы Жалпы Ішкі Өнімге 3,4-3,5 пайыз көлемінде жоспарланған. Ол және  2011 жылы 2,4 пайызға төмендетілетін болады.

       Көріп отырсыздар, әлемдегі және мемлекеттегі қаржы тұрақсыздығынан туындаған түйткілдер облыс экономикасына, оның ішінде өнеркәсібі өрістей бастаған біздің өңірдің дәулетін арттыруға  да өзіндік әсерін тигізбей қоймады.

       Қапшағайдағы өнеркәсіп  салалары негізінен құрылыс материалдарын шығаруға мамандандырылған. Құрылыс индустриясындағы қазіргі қиыншылықтарға байланысты, өндірілген өнімдерге сұраныстың азаюы салдарынан өңірдегі өндіріс орындары өткен жылы толық қуатымен жұмыс істей алмады. Сөйтіп, өнім көлемі 2007 жылғы 19,1 млрд. теңгеден 2008 жылы  18,0 млрд. теңгеге дейін төмендеді.

       Десек те, 2008 жылы Заречный ауылдық округінде индустриялы-өндірістік аймақты  дамыту жұмысы ретімен жалғастырылды. Үш жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды. Олар: металл құрылғыларын шығаратын «Ilno group», пластикалық құбырлар шығаратын –«Ника пласт», құрғақ құрылыс құрамаларын шығаратын – «Хенкель» зауыттары. Бұлардың бәрі жауапкершілігі шектеулі серіктестік саналады.

       Күрделі полистерол материалынан жылу сақтайтын плиталар шығаратын зауыт үшін «Пеноплэкс» ЖШС-нің өндірістік цехтары тұрғызылып, керекті жабдықтары жеткізілді. Қаладағы TSC «Energy» өндірістік алаңы негізінде электр желілерінің темір бетон тіректерін шығаратын – «Жерсуметалл» ЖШС құрылды. Осы жерде жиһаз жасайтын, есік пен терезе жақтауларын әзірлейтін цехтар ашылды. «Азок» ЖШС және «Полимерметалл-Т» ЖШС өздерінің өндірістік қуатын кеңейтті. Жыл басынан бері өндіріс орындарында жаңадан 578 жұмыс орны ашылды.

       Соңғы 2 жылда инвестиция тарту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Егер, өңір экономикасына 2007 жылы 10,6 млрд.теңге тартылса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 11,0 млрд. теңгені құрады.

       Шағын кәсіпкерлік саласында да оң өзгерістер байқалады. Жыл аралығында 54 шағын бизнес нысандары ашылды. Оның ішінде: бизнес орталығы, сауда үйі, 12 дүкен, 8  дәмхана, мейрамхана, сырахана, 2 шаштараз, 7 сән салондары, фитнес клуб, 3 сауна моншасы, 1 техникалық қызмет көрсету орталығы, 2 кинотеатр, 1 дискотека, 1 ойынхана пайдалануға берілді. Шағын бизнес саласында жаңа 346 жұмыс орны ашылды.

       Салық комитетінің мәліметі бойынша 246 демалыс базалары  есепке тіркелген. Қапшағай су қоймасының жағалауында туризм индустриясы жедел дамып келеді. Қазіргі заман талабының құрылыс және санитарлық тазалық стандарттарына сай сәулетті ғимараттар мен құрылыс нысандары салына бастады. 2008 жылы туристік-саяхатшылық қызмет көрсетуден 285,0 млн. теңге түсті. Бұл көрсеткіш 2007 жылы 239,0 млн. теңгені құраған болатын.

       Өңірдегі ауыл шаруашылығы секторы бойынша 2008 жылы егілген алқаптар көлемі 10512 гектарды құрады, бұл 2007 жылғыдан 232 гектарға артық.

       Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер егін егу, дақылдарды күтіп-баптау, егін жинау жөніндегі іс-шараларды дер кезінде сапалы жүргізе білді. Нәтижесінде, астық және қант қызылшасынан, басқа дақылдардың барлық түрлері бойынша межелі болжамнан жоғары өнім алынды.

       «Жетісу Агро» ЖШС өз қаржысы есебінен 113,2 млн теңгеге негізгі құралдар сатып алды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы техникалары мен көлік құралдарына 72,4 млн. теңге, көкөніс қоймасының жабдықтарына (желдеткіш желілерін, көкөністерді сорттау құралдары) 40,8 млн. теңге жұмсалды.  

       2006 жылғы 19 наурыздан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді  несиелендіру оң шешімін тапты. «Қапшағай» ауыл шаруашылығы несие серіктестігі (АНС) 2008 жылы Шеңгелді ауылдық округінің шаруа қожалықтарына 34,2 млн. теңге сомасында несие берді.    

       Күз айларының әрбір сенбісінде қалада жәрмеңке өткізіліп, өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз тауарларын нарық бағасынан 15-20 %-ке  арзандатылған бағамен сатуды жүзеге асырды. Сөйтіп, ет, сүт, көкөніс, бау-бақша өнімдері мен жеміс-жидек сияқты ауыл шаруашылығының бағалы азықтары желтоқсан айына дейін саудаланып, 30,6 млн. теңгенің өнімдері сатылды.

       Ауыл шаруашылығы саласының жалпы ішкі өнім көлемі жыл аяғында 2009,5 млн. теңгеге жетіп, 2007 жылмен салыстырғанда 135,3 %-ті құрады.

       1300 гектар жер жыртылып, тапсырма 138%-ке орындалды, оның ішінде тереңдетіп жыртылған сүдігер алқабының ауданы 400 гектарға жетті.

       2008 жылы жоспарланған 7400 тоннаның орнына 7500 тонна шөп, 1300 тоннаның орнына 1420 тонна сабан жиналды (109,2%).

       Мал шаруашылығы да өрістей түсті. Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің 1318 бас ірі қара малдары қолдан ұрықтандырылды.

       Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1455 адам жұмыс іздеп келді, олардың  416-сы ауыл тұрғындары. Өтініш жасағандардың 1490-ы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар саны 433 адам. Жұмысқа орналастыру деңгейі бұрнағы жылғы 102,0  пайызға қарағанда, өткен жылы 102,4 пайызды құрады.

       Жыл басынан бері өңір бойынша 5652 жұмыс орны ашылса, оның 2569-ы тұрақты, 3083-і уақытша және мерзімді болатын.

       2008 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек кедейлік деңгейінен төмен тұратын 174 отбасына, яғни 653 адамға тағайындалып, оларға 10,7 млн. теңге төленді. Мемлекеттік балалар жәрдемақысы бойынша он сегіз жасқа дейінгі 1251 балаға 10,6 млн. теңге, 1644 отбасына 26,3 млн. теңге сомасында тұрғын-жайлық көмек көрсетілді. Оның ішінде жеке үйлерде тұратын 377 отбасына 11,7 млн. теңге, ауылдық жерде тұратын білім және денсаулық сақтау мекемелерінің 264 қызметкеріне отын сатып алу үшін 1,5 млн. теңге, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасындағы 1000 адамға баға қымбатшылығының айырмасын төлеу үшін бір жолғы өтемақы төленді. Барлық қаржыландыру көздерінен 20505 адамға 17,2 млн. теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді. Демеушілік жәрдемін ұсынғандар қатарында «Трансстроймост» АҚ, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС, «Полимер-Трубы» ЖШС, «Қапшағай Құрылыс Комбинаты» ЖШС, «Изоблок» ЖШС, «Қазтелеком» АҚ филиалы, «Подшивалов» ЖК, «Казовощпром» ЖШС бар.     

       Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмысшылардың республикалық бірлестігі және жұмыс берушілердің республикалық бірлестігі арасындағы Бас келісімге сәйкес өткен жылы 230 ұжымдық шарт жасалды. Әрине, бизнес өкілдері жұмысшылардың еңбек құқығын әрдайым қорғауға міндетті. Және олардың  қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатымен өткен жылы 19 Меморандум жасалды.

       Тұрғын үй-коммуналдық саласы бойынша Қапшағай қаласы мен ауылдық округтердің елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалығын сақтауға қатысты ауқымды шаралар атқарылды.

       2008 жылы «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 21,1 млн. теңге игерілді. Атап айтқанда, ұзындығы 3174 п/м Сейфуллин көшесінің, ұзындығы 600 п/м Октябрь көшесінің, ұзындығы 600 п/м Іле өзенінің жарықтары қалпына келтірілді.

       «Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету» бағдарламасына 19,5 млн. теңге жұмсалды.

       «Елді мекендерді көріктендіру» бағдарламасы бойынша 47,7 млн. теңге игерілді.

        «Автокөлік жолының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасына 58,5 млн. теңге бөлінді. Сейфуллин көшесіндегі ауданы 27898 шаршы метр жолға 52,3 млн. теңге сомасында қаржы жұмсалып, күрделі жөндеу жүргізілді. Қыс маусымында жолдарды күтуге 6,2 млн. теңге бөлінді.

       Қонаев көшесіндегі ТК-2 жылу камерасынан Абай көшесіндегі ТК-3 жылу камерасына дейінгі жылу беру желісіне 98,2 млн. теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, басқа да жылу беретін желілерге күрделі жөндеу жүргізу үшін 98,2 млн. теңге, бу қазандықтарын жөндеуге 70,0 млн. теңге жұмсалды (1 дана ПСВ-200 жылу алмастыру жүйесі, 3 жылыту бу қазандықтары).

       Қойшыманов көшесі бойындағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің апаттық жағдайына байланысты жергілікті атқарушы органның шұғыл шараға ескерілген резервінен 11,3 млн. теңге сомасында күрделі жөндеу жүргізілді.

       Сумен қамтамасыз ететін жаңа жүйе салу үшін республикалық бюджеттен 88,8 млн. теңге бөлініп, ол ұзындығы 2250 п/м, шеңбері 325 мм, айналмалы су құбырына күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалды.  

       Тұрғын үйлер салубағытында да жүйелі жұмыстар қолға алынды. Қазіргі тұрғын үй нысандарының сапасын арттыру, олардың сәулеттік талаптарға сай болуын қадағалау басты назарда. Сөйтіп, 2008 жылы 24,7 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. 2007 жылы бұл көрсеткіш 19,6 мың шаршы метр болатын.

       Шеңгелді ауылында № 6 орта мектепке қосымша құрылыс жүргізу жұмысы аяқталды. Заречный және Шеңгелді ауылдарында бір-бірден екі пәтерлік коммуналдық үйлер салынды. Халыққа қызмет көрсету орталығын салу жұмысы 91 пайызға орындалды. Қапшағай қаласындағы 4-ші шағын ауданның № 35 үйінің инженерлік жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ жаңа бала бақша құрылысының, несиелік және коммуналдық тұрғын үй салудың жобалау-сметалық  құжаттарына қатысты тиісті төлемдер жасалды. Бұған қоса қала мен өңірдің жаңа шекараларын белгілеу, қаланың сәулеттік-эстетикалық көрінісін жақсарту, шағын аудандардың арасында жаңадан құрылыс жүргізу және соған қатысты жаңадан сәулеттік-жоспарлау тапсырмаларын беру жұмыстары жүйелі атқарылуда.
Денсаулық саласында

       2008 жылы денсаулық сақтау мекемелеріне тілек білдіріп, тіркелгендер саны – 444 мың 293 адамды құрады.  

       Республикалық бюджет қаржысы есебінен қалалық аурухананы сейсмикалық тұрғыдан нығайту үшін күрделі жөндеу жүргізілуде. Жыл ішінде тіс емдейтін 2 жаңа  кабинет ашылды. Олар – Шеңгелді ауылындағы № 6 орта мектеп пен Қапшағай қаласындағы орта мектеп-гимназиясында. Кабинеттер жаңа құралдармен жабдықталған және қажетті штаттармен қамтамасыз етілген.

       2008 жылы 36,0 млн. теңгенің жаңа жабдықтары, яғни, өкпеге қолмен ауа беру аппараты, жаңа туған сәбилерге қажет аппараттар, оларды оңалтатын арнайы чемодандар, стерилизаторлар, хирургиялық электроотсостар, 1,1 млн. теңгелік медициналық құралдар алынды. 

Білім саласында

       Қапшағай қаласы мен ауылдық аймақтарда 29 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Олардың ішінде, 14-і жалпы білім беретін мектептер,  1 бастауыш, 3 кешкі ауыспалы мектеп, мектеп жасына дейінгі 3 мекеме, «Кәусар» жетім балалар интернаты, №20 кәсіби  лицейі, «Бәйтерек» Қапшағай кәсіби  колледжі, спорт мектебі,  балалардың өнер орталығы, «Меруерт» музыка мектебі, мүмкіндігі шектелген балалардың бейімделу орталығы бар.

       Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша қалада қазақ тілінде оқытатын 1200 орындық мектеп-гимназиясы  ашылды. Бұл мектепте  65 оқыту кабинеті, дәрігерлік бөлім, 4 информатика кабинеті, жаттығу залы, 150 орындық асханасы, 2 үлкен спорт залы, кітапхана және 2 оқу залы жұмыс істейді. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.

       Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бойынша орташа білім көрсеткіші  2008 жылы 74,0 пайызды құрады. Сөйтіп, облыста биресми екінші орынды иелендік. Екі мектептің материалдық жағдайларын жақсарту үшін олардың химия, биология  және физика пәндерінің кабинеттері жаңартылды.

       Барлық 14 мектеп Интернет желісіне қосылған. №1,2,3,4 орта мектептер, №2 гимназия, Д.Қонаев атындағы №1 орта мектеп және қаладағы жаңа мектеп гимназиясы интерактивті тақта режиміндегі  республикалық  ОН-ЛАЙН жүйесіне қосылды.

       №1,4,12 орта мектептерінің жанынан   әрқайсысы 50 орындық шағын балабақшалық орталықтар ашылған. «Гүлдер» балабақшасында  қосымша 2 топ құрылды.

       Мәдениет саласы бойынша қала мен өңірде мәдени-бұқаралық және конкурстық 45 іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өткізілді.

       Мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік тілді оқып-үйренудің қажетті жағдайлары жасалған. 2007 жылғы шілде айынан бері қалада қазіргі заман құралдарымен жабдықталған мемлекеттік тілді оқыту Орталығы жұмыс істейді. 2008 жылдың қыркүйек айынан бері кезекті топта 76 адам қазақ тіліне қатысты өз білімдерін жетілдіруде. Олардың 31-і мемлекеттік қызметшілер, 45 адам әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері.

       Дене тәрбиесі мен спорттыдамытуға айтарлықтай көңіл бөлінген өңірде 137 спорт мекемелері жұмыс істейді. Олардың қатарында жастар мен балалардың облыстық спорт мектебі және  оның  2 спорт кешені бар. Қапшағай су қоймасының жағалауында жеке спорт түрлері бойынша дайындық жүргізетін Республикалық олимпиада резерві мектебіне қарасты республикалық және облыстық спорт Басқармасына қарайтын яхтклубтар, Шеңгелді ауылдық округінің аумағында жеке меншік нысанындағы ипподром жұмыс істейді.

       Қалада спорттың 47 түрі бойынша 286 спорт секциялары жастардың шыңдалуына зор үлес қосып отыр.

Ішкі саясат саласында

       Қапшағай өңірінде 13 мемлекеттік емес  ұйымдар және 17 діни бірлестіктер тіркелген. Бұлар өз қызметтерін жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жүзеге асырады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президентінің жылдағы дәстүрлі Жолдауынан туындайтын міндеттерді, экономиканы дамыту жөніндегі Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан іс-әрекеттерін  түсіндіру және насихаттау мақсатымен 8 ақпараттық-насихаттау топтары құрылды. Жыл басынан бері бұл топтар еңбек ұжымдары мен елді мекендердің тұрғындары алдында 60 кездесу өткізді. Қазіргі кезде  ақпараттық-насихаттау топтарының алдында Республика Үкіметінің экономиканы тұрақтандыру және дүниежүзілік қаржы дағдарысының салдарын жұмсартуға бағытталған іс-әрекет Жоспарын түсіндіруге байланысты ауқымды істерді атқару міндеті тұр.

       Соңғы жылдары әкімнің есеп беру кездесулері кезінде қалада мемлекеттік тілде газет шығару қажеттігі жайлы мәселе жиі қойылатын. Өткен жылы бұл мәселе оң шешімін тауып, қазан айының 1-нен бастап мемлекеттік тілде « Нұрлы өлке» газеті шығып келеді. 

       Құқықтық тәртіп саласында мемлекет азаматтарының құқықтарын мейлінше тиімді қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу мен оның жолын кесу мақсатында бірқатар өрелі жұмыстар жүзеге асырылды. 2008 жылы тұлғаларға қатысты заңсыз іс қозғау немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту, сондай-ақ ҚР ҚПР  132 бабын заңсыз пайдалануға жол берілген жоқ.

       Нашақорлықпен және  есірткі бизнесімен күрес жүргізу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленді. Іле және Талғар аудандық ішкі істер бөлімдерінің нашақорлық қылмыспен күрес жүргізу жөніндегі бөлімшелерімен бірлесіп, «Шошқалы-Сай» және «Жаманқұм» аумақтарында есірткі заттарын әзірлейтін және оны тасымалдаумен айналысатын қылмыскерлер анықталып, оларды жауапкершілікке тарту шаралары белгіленді.

       2009 жылғы міндеттер:

       Бүкіл Республикамыздағы сияқты 2008 жыл Қапшағай қаласы үшін де ауыртпашылығы көп жыл болды. Өнеркәсіп өнімдердің көлемі біршама азайды. Алайда, өндіріс кәсіпорындары өз қуаттарын сақтап қалды. Бюджетке және әлеуметтік салаларға қатысты жоспарлы шаралардың барлығы  орындалды.

       Енді 2009  жылы  атқарылатын  істердің  ауқымы  кең. «Green City» қала – серіктестігінің және «Жаңа Іле» туристік қаласының бас жоспарларын әзірлеу, оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің сараптауынан өткізу және бекіту міндеттері күтіп тұр. Бұған қоса 2009 жылы Қапшағай қаласының бас жоспарын  Республика Үкіметі арқылы бекіту қажет.

       Жаңа жылда келешекте пайдалануға жарамсыз тұрғын үйлер тізбесі мен олардың бұзылу кезегін анықтау, уақытша тоқтатылатын нысандарды белгілеу, қала мен өңірдің, оның ішінде ауылдық елді мекендердің шекараларын айқындау сынды ауқымды жұмыстар атқарылады. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, қалалық қорғанды кеңейту, қоқыс төгетін орынды басқа жерге ауыстыру, осы шаралардың  мерзімін белгілеу қажет болады. 2009 жылы өңірде көріктендіру, тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу жұмыстары одан әрі жалғасын табады.

       Өнеркәсіп өңдірісінің көлемін арттыру, құрылыс-жабдықтау жұмыстарын тиісті дәрежеде жүргізу үшін негізгі капиталға қажет инвестиция тарту мақсатымен Қапшағай қаласында, Заречный және Шеңгелді ауылдарында өндірістік-индустриалдық аймақтарды дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар жүзеге асырылады. Өндірістік кәсіпорындарға жер учаскелерін бөлу, ондағы құрылыс жұмыстарын тиісті жүргізу өңірдегі тұрақты жағдайды қалыптастырып қана қоймай, өндіріс көлемінің өсуіне және өңір тұрғындарының материалдық әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай ықпал етеді.

       2009 жылғы қаңтар айынан бастап Қапшағай қаласы мен Шеңгелді ауылында әрқайсысы 4 топтан тұратын 2 бала бақша ашу, сондай-ақ Қапшағай қаласында 320 орындық жаңа бала бақша салу белгіленген.

       Осы жылы демеушілер қаржысы есебінен жөнделген ғимарат негізінде Заречный ауылында қалалық кітапхананың бөлімшесі мен ауылдық клуб ашу жоспарланып отыр.

       2009 жылғы бюджеттік жобада қаңтар айынан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақыларын  25%-ке, сондай-ақ тұтыну баға индексінің ағымдық шығындарын 8,5%-ке, іссапарлық шығыстарды 50%-ке арттыру көзделген.

       Бекітілген кестеге сәйкес өткен жылғы қаңтар айында қала әкімінің Қапшағай қаласы мен Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері тұрғындарымен есепті кездесулері өтті. Кездесулер барысында оған қатысушылардан 56 мәселеге қатысты өтініш-сұрақтар түсті. Атап айтқанда, олар мынадай:

        ауыз су мәселесі туралы – 2 , тұрғын үй жөнінде – 1, жол салу және жөндеу жайында – 3, электрлендіру, газ және телефон жүйелерін қалыптастыруға қатысты – 4, басқа да мәселелер туралы – 39 өтініш-тілек тіркелді.

        Қатысушылардан түскен барлық өтініштер мен  ұсыныстар, сын- ескертпелер бойынша қала әкімі қалалық қызмет басшыларына тиісті тапсырма берді. Соның нәтижесінде қала әкімінің 2008 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен аталған мәселелерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қаралып, бекітілді.

        Іс-шаралардың орындалу барысы 2008 жылдың I-ші тоқсанындағы қорытындысы бойынша қала әкімдігінің сәуір айындағы, ал I-ші жартыжылдық қорытындысына орай тамыз айындағы мәжілістерінде қаралды.

        Бүгінде орындаушылардан қала әкімінің аппаратына түскен материалдарды зерделеу нәтижесі шығарылған. Одан жоғарыда көрсетілген іс-шаралар жоспарын орындауға тиісті әкімдік бөлімдерінің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, қалалық қызмет бөлімдерінің елеулі жұмыс жасағаны көрінеді.

        Атап айтқанда, Шеңгелді ауылы тұрғындарының мұғалімдер мен дәрігерлерге қажетті тұрғын үй салу жөніндегі ұсыныстарына орай 2008 жылы аталған ауылда бюджеттік сала қызметкерлері үшін 2 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді.

          Шеңгелді ауылында аймақ тұрғындары үшін халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесі ашылды. Ауылдағы № 6 орта мектептің қосымша құрылысы аяталды. Округ тұрғындардың көптеген ұсыныстарына орай шөп қажетті мөлшерде даярланды.

          Өткен жылы осы ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде Шеңгелдіден кітапхана ашу мәселесі көтерілген. Әкімдік жүргізген жұмыстың нәтижесінде мұнда 2008 жылдың қаңтар айынан бастап қалалық кітапхананың бөлімшесі ашылды.

        Тұрғындар өтінішіне орай Кербұлақ-Сарыбұлақ ауылдары арасындағы автокөлік жолының 14 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 2009 жылы толық  аяқталады. Оған облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге сомасында қаржы бөлу көзделген.

       Биылғы жылу беру кезеңіне  қажетті отын көлемін көбейту жөніндегі мәселе де оң шешімін тапты. Осы аталған мерзімге орай бюджеттік мекемелерге берілетін лимит 8 л/кв.м-нен  10 л/кв.м-ға көбейтілді.

       Қала әкімдігінің ұсынысымен бу қазандығы жабдықтарын және жылу беру трассасын жөндеу үшін қажетті қаржы бөлінді. Тиісті жұмыстар жылу беру мерзімі басталғанға дейін аяқталды. Бұған қоса, жылумен қамтамасыз ету мақсатында 71 көп қабатты тұрғын үйлердің астыңғы қабаттарындағы су бөлу жүйелері алмастырылды.

         Өңірде қазақ тілінде шығатын газет ашу мәселесі де шешілді. 2008 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік тілде «Нұрлы өлке» газеті шыға бастады.

         Мектеп жасына дейінгі мекемелерде  қажетті орындарды көбейту жөніндегі мәселелерді шешу үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Қаладағы  мектептердің жанынан мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 175 орындық қосымша шағын орталықтар мен «Гүлдер» балалар бақшасында 2 топ ашылды. Аталған жұмыстар 2009 жылы  жалғасын табады. Кербұлақ ауылындағы № 7 орта мектептің негізінде шағын орталық ашу (50 баланы қамтитын 2 топ), Шеңгелді ауылындағы балалар бақшасында 4 топ, Қапшағай қаласында 4 топ ашу жоспарлануда.

           «Қарлығаш» ықшамауданындағы бағыт бойынша автобус жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі азаматтардың өтініші оң шешімін тапты. Қазір бұл шағынауданға № 8 автобус қозғалысы қызмет етеді.

           Қала ішінде жолдарды жөндеу жұмысы бөлінген қаржы көлемінде игерілді.

           Қаладағы қайтыс болғандар мәйітін сақтау ғимаратының іші-сыртына және мұздатқышына жөндеу жүргізілді.

           Жалпы түскен 56 өтініштің 47-сі оң шешімін тапты.

           Бүгінде 9 мәселе шешілмей тұр. Соның ішінде бүгін мәнісін түсіндіре кететін мәселенің бірі – Шеңгелді ауылы аймағынан қоғамдық жайлымға қосымша жер бөлу. Біз жайылым тапшылығына байланысты облыстық құзіретті орындарға өтініш білдіріп, Талғар ауданына қарасты аймақтан 52 083 гектар жер бөлуін сұраған едік. Мұның 46 677 гектары жайылымдық. Соған орай бұл мәселе, бұйыртса, биыл шешімін табады деп отырмыз. Қала әкімінің орынбасары Ердос Исабайұлы осы тұрғыда тиянақты жұмыс істеп жатыр.

           Тағы бірі – Кербұлақ ауылынан мешіт салу керектігін қозғаған өтініш. Мұндай иманды іске ынта білдірер демеуші іздестіруде ауыл әкімі жан-жақты жұмыстар жүргізуде.

           Заречный ауылындағы көп қабатты үйлерді жылумен қамтамасыз ету, қала мен Заречный ауылында орталықтандырылған газ жүйесін қалпына келтіру туралы да өтініш түскен. Газ желісін тарту мәселесі Республикалық және облыстық бағдарламаларға сәйкес тек 2011 жылдан кейін ғана қолға алынады. Оған дейін бұл туралы әңгіме қозғау ертерек екенін естеріңізге сала кеткен орынды.

            Ал енді қаланың ішкі аймақтарында тұрғын үйлер ауласына жол төсеу  мәселесіне келсек, бұл жұмысты жүзеге  асыру  үшін  2008 жылы 6 млн. 578 мың, биыл 9 млн. 197 мың теңге сұралды. Қаржы дағдарысы қолбайлау болып тұрғандықтан, ол мүмкіндігіне қарай болашақта біртіндеп ретке келетін шаруа деп түсініңіздер.   

           2008 жылғы қаңтар айында қала әкімінің Қапшағай өңірінің тұрғындарымен өткізген есептік кездесуінде азаматтар тарапынан айтылған өтініштер  мен  ұсыныстарды,  сын-ескертпелерді назарға алып, жүзеге  асыру тұрғысынан жоспарланған іс-шаралар негізінен орындалды. Ал кейбір толғақты мәселелер атқарушы бөлімдердің 2009 жылғы жұмыс жоспарларында және қарастырылған.

        Қадірлі  жерлестер!

           Қала әкімінің жыл сайынғы дәстүрлі есеп беру кездесулері ел арасындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың тынысынан хабардар ететінімен бағалы. Билік пен халықтың арасындағы байланыс шынайы түсіністікпен құрылған жерде нәтиже көп күттірмейді. Өздеріңіз білесіздер, мен бұл қызметке келгелі екі ай ғана болды. Жаңадан танысып, білісіп жатырмыз. Әйтсе де, алдағы күндерден күтер үмітіміз зор. Қасиетті Қапшағай өңірі, оның ынтымағы жарасқан көп ұлтты, көп мәдениетті халқы әлі талай биік-биік белестерге құлаш сермейтініне сенімдімін. Бірлесіп жұмыс істесек, әлемдік қаржы тоқырауынан қажырлы еңбегіміз арқылы қиналмайтын жол тауып шықсақ, біз алмайтын асу бола қоймас. Оған қажетті мүмкіндіктер өңірде жеткілікті. Табиғаты жағынан да, адам факторы тұрғысынан да, байланыс, қатынас ерекшелігінен де біздің Іле бойындағы інжу маржандай өлкеміз көп жерлерден көш ілгері. Ендеше, осындай пейіштің төріндей көрікті мекенде тұратын сіздер барлық жағынан бақытты болуға әбден лайықсыздар. Әрдайым, еңбегіміз жансын! Бағымыз баянды болсын! Салиқалы саясатымен дараланған туған Қазақстанымыз көркейсін!

        

           Зейін аударып, тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Қала әкімі              Н.Таубаев

ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros


 

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+



Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде