Kapshagay.gov.kz

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ

 


<<Негiзгi


Егер сізде:
Төрт және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар (жоғарғы оқу орындарында,колледждерде және басқа оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда) көпбалалф отбасы болса немесе кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасы болса немесе отбасында мүмкіндігі шектеулі бала болса;
Сондай-ақ:
Сіздің атыңызда және Сізбен бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында тұрғын-үй болмаса, ал отбасының әрбір мүшесіне келетін табысы айына       42 500 теңгеден аспаса

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨЗ ҮЙІҢІЗДІ САТЫП АЛУҒА ЗАЕМ РЕСІМДЕЙ АЛАСЫЗ.

БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ

Жылдығы  2%  ЖТСМ  2,1% - дан бастап заем мөлшерлемесі.
Заем сомасының 10%-ы ең төменгі бастапқы жарна жаңа салынған үй сатып алу үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін әкімдік бөлетін тұрғын-үй сертификаты есебінен жабуға болады.

ЗАЕМ СОМАСЫ

15 млн теңгеге дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында;
10 млн теңгеге дейін басқа аймақтарда.

ЗАЕМ МЕРЗІМІ

20 жылға дейін.

НЕ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ?

Жаңа салынған үйден жаңа пәтер;
Қолданыста болған пәтер;
Жеке тұрған-үй.

ТАБЫС ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

Соңғы 6 ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) артық болмауы керек (2019 жылғы ЕТЖ 42 500 теңгеге тең).
Мысалы, отбасында алты адам болса, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін ең жоғарғы  табыс келесідей болады:
6 адам × 42500 теңге = 255 000 теңге.

БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҮЙДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

  1. Әкімдікте кезекте тұру

Ол үшін Сізге әкімдікке барып, кезекке тұрып, отбасы мәртебесін (көпбалалы отбасы, толық емес отбасы немесе мүмкідігі шектеулі баласы бар отбасы) растайтын құжат алу керек.

  1. Тұрғын-үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту

Келісім-шартты Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлішесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегімен бекітуге болады.
Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз (қоңырау шалу тегін).
Келісім-шарт бекіту үшін жеке куәлік жеткілікті.

  1. БАСТАПҚЫ ЖАРНАНЫ АУДАРУ

Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-на тең. Ақшаны тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелері, интернет-банкингі, төлем терминалдары немесе банктің серіктес ұйымдарының              интернет-банкингі мен төлем терминалдары арқылы аударуға болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БАНК КЕҢЕСШІЛЕРІ ЖАРНА ҚАБЫЛДАМАЙДЫ.

  1. Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту

(10 жұмыс күнінің ішінде қарастырылады).
Бұл кезеңде банк Сіздің төлем қабілеттілігіңізді бағалайды.
Ол үшін Сізге Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкіне келесі құжаттарды тапсыру керек:
-отбасыңыздың мәртебесін растайтын әкімдік берген құжат
-кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жеке куәліктері және балалардың туу туралы куәліктері
-неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік
-соңғы 6 ай ішіндегі табыстарды растайтын құжаттар, оның ішінде ерінің немесе әйелінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосалқы заемшының атына берілген құжаттар.

Кеңестер:
-Атыңызда несие бар болса, ол төлем қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін.
-Басқа несиелер бойынша уақытылы өтелмеген қарыз болса, оларды жабуға кеңес береміз.
-Бастапқы жарнаңыз және төлем қабілеттілігін бағалауға арналған құжаттарыңыз болса, екінші, үшінші және төртінші қадамдарды біріктіре аласыз.
Мұны банк бөлімшесінде ғана жасауға болады.

БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҮЙДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

  1. Тұрғын-үй таңдау

Бұл кезеңде Сізге тұрғын-үй іздеп, таңдап, кез келген бағалау ұйымы арқылы таңдалған баспананы  бағалап, сатушыдан тұрғын-үйдің құқық белгілеуші құжаттарының көшірмелерін алу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БЕЛГІЛЕУШІ ҚҰЖАТТАРДЫ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ РАСТАЛҒАН КҮННЕН БАСТАП ҮШ АЙДАН АСПАЙТЫН УАҚЫТ ІШІНДЕ ТАПСЫРУ КЕРЕК.

  1. РӘСІМДЕЛЕТІН ЗАЕМДЫ МАҚҰЛДАУ КЕЗЕҢІ

(мақұлдау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды).
Ол үшін Сізге жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін, құқық белгілеуші құжаттардың көшермелерімен банк бөлімшесіне келіп, заем рәсімдеуге және Сіз таңдаған үйдің кепілі бойынша мақұлдау алу керек.

  1. САТУШЫМЕН САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛІСІМ-ШАРТЫН БЕКІТУ.

Мақұлданған соң Сізге нотариуста сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын (қажет болған жағдайда) алу керек.

  1. ЗАЕМ АЛУ

Банкке жылжымайтын мүліктің сатып алу-сату келісім-шартын және жұбайыңыздың кепілге рұқсатын өткізгеннен кейін банк заемы туралы келісім-шарт бекітіп, Халыққа кызмет көрсету орталығында немесе нотариуста кепілді тіркеу керек. Осыдан соң заем беріледі.

ӨЗ ПӘТЕРІҢІЗГЕ НЕМЕСЕ ҮЙІҢІЗГЕ КӨШІП КІРУ!

МАҢЫЗДЫ:
ҚР заңнамасына, ішкі құжаттарға және бағдарлама шарттарына сәйкес, қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

 

 

 

 

 

 

"ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлiмi" ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .