Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 


<<Негiзгi


 

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: қала әкімінің ақпараттық-талдаулық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық- техникалық қамтамасыз ету.
2. Сыбайлас жемқорлықа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) .
3.Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс – әрекет қағидалары.
3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін- іске асыруға қатысты салада:
1) Заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конститутциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу,сыбайлас жемқорлықа заңнама талаптарын қатаң сақтау;
2) Кез келген мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін шаралар қабылдау;
3) Жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
4) Жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбау;
5) Жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті куш-жігерінсалу, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді және басқа құзырлы әдістерін қолдану;
6) Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
7) Қызметік жағдайын асыра пайдалануға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бюрократизм көріністеріне және әуресарсанға салуға дөрекілікке жол бермеу ;
8) Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету;
9) Қолдау және әріптестерінен құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауын талап ету.
3.1 Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде.
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау;
2) құпиялықты сақтау және қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету;
3) кәсіби (қызметтік) әдептілікті сақтау;
4) өзге тұлғалар сыбалас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеген жағдайда Бөлім басшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу жазбаша түрде хабарлау;
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, берілген өкілеттіктерді тиімді иелену, өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;
6) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
8) үшінші тұлғалардың мүддесін білдіруден немесе жақтаудан, сондай-ақ олардың атынан әрекет жасаудан аулақ болу;
9) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз арласпау;
10) әріптестеріне және басшыларға белгіленген өзара қатынас тәртібін бұзатын, олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін өтініштермен жүгінуден аулақ болу.
3.3 Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына түсіндірме жазбаны қоса тіркеп, сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде жолдау, оның ішінде аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде жолдау;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңесте қаралғанға дейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жариялау.
3.4 Тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау және оларға қатысты қажетті шаралар қабылдау;
2) қарамағындағы қызметкерлерге қатысты негіссіз айыптауларға, дөрекілік, адами қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;
3) басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек обьективті және шынайы мәліметтерді ұсыну;
4) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, мүлікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;
5) ұжымды іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ету;
6) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлықа құқық бұзушылық жағдайлары туралы бөлім басшысына немесе сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау.
4. Өзге де шектеулер мен тыйымдар
1) конституцияны және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекетеулерді сақтау;
3) Бөлім басшысының өз лауазымдық уәкілеттігі шегінде шығарған бұйрықтарын орындау;
4) әріптестеріне, басшыларына және өзге лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеу.
5) қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдамау;
6) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеу және ынталандырмау;
7) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе пайда табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау.

 

"ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлiмi" ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .