Kapshagay.gov.kz

ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!!!

 


<<Негiзгi


 

 

Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлері! «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы (бұдан әрі – Портал (www.goszakup.gov.kz) сомасы 5 000 000 теңгеден аспайтын 2 бөлмелі, жалпы алаңы 40 ш.метрден тұрғын үйлерді сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын назарларыңызға жеткіземіз. Қажетті пәтерлер саны барлығы – 15.
Порталдағы хабарландыру нөмірі №1714884-1. Лоттар саны – 15. Хабарландырудың аяқталу мерзімі – 2017 жылғы 24 маусым сағат 11.30.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • жеке тұлғаның жеке куәлігінің электрондық көшірмесі;
  • үйге заң орнатушы құжаттарының, соның ішінде техникалық төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
  • мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарлаудың жариялауы берілген күннен бұрын емес, үйге ауыртпалықтың жоқтығы туралы электрондық құжат көшірмесі;
  • ҚР бағалау қызметі туралы заңына сәйкес жасалынған жылжымайтын мүлікті (тұрғын үйді) бағалауы туралы есептің көшірмесі, ағымдағы жағдайының суреттерін қоса отырып
  • жұбайының нотариалды түрде келісім беруі туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе некенің бұзылуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе жесірлік туралы құжаттың электрондық көшірмесі.

«Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің байланыс телефоны, жұмыс күндері сағ 09.00-18.30: 8– (72772) 4-05-81, 7-80-21.

 

"ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлiмi" ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .