Kapshagay.gov.kz

Әркімнің білуі қажет!!!

 


<<Негiзгi


 

Құрметті қала тұрғындары! «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызметі көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан (бұдан әрі - МТҚ) тұрғын үйге мұқтаж тұлғалар қатарына келесі санаттар бойынша есепке алынады:

  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  2. жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  3. халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтар;

Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысымен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (бұдан әрі – кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімі);
- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
- оралмандар;
- экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
- көп балалы отбасылар;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасылар жатады.

  1. мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
  2. жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары.

Қазақстан Республикасының азаматтары егер есепке қойған кезде соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса МТҚ тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – күндізбелік 30 күн. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Жоғарыда көрсетілген санаттарға тиесілін растайтын құжаттар мен жергілікті тіркелуі қажет. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізімі қызмет алушының жүгіну кезінде мемлекеттік корпорацияда түгенделеді.


"ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлiмi" ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .