Kapshagay.gov.kz

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жергілікті атқару органдарының кезегінде тұрғандар үшін депозит шотын ТЕГІН ашады

 


<<Негiзгi


   Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 (5.5 тарау бөлігінің 2-т.)Жарлығымен бекітілген  «2015-2019 жылдарға арналған Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында, жергілікті атқару органдары (ЖАО) желісімен салынған кредиттік тұрғын үйлердің кемінде 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары болып табылатын әкімдіктің кезегінде тұрғандар арасында бөлінеді.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы әзірленіп жатқан «Қолдау» атты банктік өнім аясында жергілікті атқару органдарының коммунальды тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған азаматтар үшін жеңілдік енгізді.  Бұл жеңілдіктер ЖАО кезегінде тұрғандарға 15 млн.теңгеден аспайтын шарттық сомаға Банк салымдарын тегін ашуға және жылдық  3,5% (ЖТСМ жылдық 4%-дан бастап) басталатын ең төменгі мөлшерлемемен тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген жайттарға байланысты, мемлекеттік тұрғын үй құрынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған ЖАО кезегіндегілерге 15 млн. теңгеден аспайтын сомаға тегін тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін Банктің Алматы облыстық филиалына келу қажет екенін хабарлаймыз.
Кредиттік тұрғын үй алуға үміткерлерге қойылатын талаптар және облыстағы құрылыс нысандары туралы толық ақпаратты Банк филиалынан біле аласыздар. Мекенжайы: Талдықорған қ., Төлебаев көш, 86 және Қаскелең қаласындағы №1 ҚО, Байғазиев көш, 35.
Анықтама үшін байланыс: www.hcsbk.kz немесе 300 нөмірі (қоңырау соғу тегін).


"ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлiмi" ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .